"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

25.09.2015

Асыл дініміздегі маңызды мереке саналатын Құрбан айттың алғашқы күні семейлік жамағат қаладағы барлық мешіттерге көп жиналды.Әнет баба атындағы Қос мұнаралы орталық мешітте шаһар басшысы Ермак Сәлімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов та болған еді.

Алдымен Құрбан айттың хұтбасы оқылып, соңынан жұртшылық айт намазын өтеді. Мүбарак мерекедегі мінәжатта ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай осынау мерекелі күндердің қадір-қа-сиеті жайында насихат айтты. Мерекелік уағызы барысында өкіл имам Зулхижжа айының мәртебесі, құрбандық шалудың маңызы және қажылық ғибадаты төңірегінде де сөз өрбітті.

 

{jcomments on}Бұл күні орталық мешітке көпшілікті Құрбан айт мерекесімен құттықтау мақсатында қала әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов та келді. Өкіл имам Мақсат қажы Алтыбай хұтба оқып болғаннан кейін, қала басшысы сөз алып, жиналған жамағатты діні-міздегі осынау мерекемен құттықтады.

 

— Сіздерді барша мұсылман қауымының қасиеттi мейрамы Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт — жалпы адамзатты жақсылық пен ізгілікке, бауырмалдық пен имандылыққа жетелейтін ұлық мереке. Бұл күндері әрбір мұсылман Жаратушыдан ізгі тілектер тілеп, ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының амандығын тілейді. Егемен елімізде әрдайым тыныштық, береке болсын, — деді Ермак Бидахметұлы өз сөзінде.

Осыдан кейін екі рәкағат айт намазы оқылып, жамағат дұға етіп, тілек тіледі.

Ал айт намазынан кейін қала әкімі Ермак Бидахметұлы Алла разылығы үшін құрбандық мал шалды.

Айт күндері қаламыздағы барлық мешіттерде шалынған құрбандық еті жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар мен қарттар үйіне, балалар үйлеріне таратылып берілетін болады.

Осылайша, қалалықтар мерекелеуді бастап кетті. Үш күнге жалғасатын Құрбан айт мерекесінде Орталық мешіт қызметкерлері қала тұрғындары үшін ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырып, атаулы күнді айрықша көңіл- күймен өткізуді жоспарлауда. Бүгін жұма намазынан кейін мешіт ауласында арқан тартыс, қой көтеру, қол күресі, қазақша күрес сынды ойын-сауықтық шаралар ұйымдастырылып, айт мейрамы бабалар дәстүріне сай думанға айналдырылмақ.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

53 минуты бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

55 минут бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

57 минут бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

5 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

18 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

23 часа бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

23 часа бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

23 часа бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

23 часа бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС