"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал Ахметов: ЖЫЛУ МЕРЗІМІНДЕ БЕРІЛУІ МІНДЕТ

25.09.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, яғни апта бейсенбісінде қаламызға арнайы жұмыс сапарымен облыс әкімі Даниал Ахметов келді. Аймақ басшысы бұл жолы шаһарымыздағы бірқатар жылу беру нысандарының алдағы қысқа даярлықтары мен қала ішінде жүргізіліп жатқан жылу маусымына әзірлік шараларын қарап шықты. Сонымен қатар Даниал Кенжетайұлының назарынан шаһардың абаттандырылуы бағытындағы жұмыстар да тыс қалған жоқ. Бұл ретте қалалық әкімдіктің құзырлы мекемелері мен жауапты мамандарға, құрылыстарды жүргізуші мердігер мекемелер басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

{jcomments on}Аймақ басшысы ең алдымен ат басын қаламыздағы 410 кварталға бұрып, ондағы жүргізіліп жатқан жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары барысымен танысты. Мұнда қазіргі күні мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 3150,75 м болатын жылу желісі ауыстырылуда. Осыдан екі жыл бұрын әбден тозығы жеткен құбырлар жиі жарыла берген болатын. Сол себепті де «Теплокоммунэнерго» МКК бұл маңдағы үйлерді ыстық судан ажыратып тастаған еді. Ендігі аралықта кварталішілік желілерді жаңарту жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар тек ыстық суға қол жеткізіп қана қоймай, қыс мезгілінде сапалы жылуды да сезіне алатын болады. Қазіргі күні іс басында риддерлік мер-дігер компания «Строитель» ЖШС еңбеккерлері екі ауысыммен еңбек етуде. Құрылыс барысымен танысқан Даниал Ахметов құрылысты жылу беру маусымына дейін жылдамдатып бітіру ол үшін үш ауысыммен жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар мұндағы жүргізіліп жатқан шараларды қатаң назарда ұстайтынын да жеткізді.

 

Аймақ басшысы аялдаған келесі нысан Цементшілер кентін-дегі 506 кварталдағы құбыр ауыстыру шаралары болды. Аталмыш құрылысты жүргізуге республикалық бюджеттен 145,8 млн. теңге бөлініпті. Бас мердігер семейлік «Инком Шығыс» ЖШС екен. 4 қатарлы құбырларды ауыстыру жұмыстары бүгінде жоғары қарқынмен жүруде. Жоспар бойынша 1336,25 м аумақтың құбыры жаңартылмақ. Мұндағы жұмыстар толықтай аяқталған соң аталмыш кварталдағы көп қабатты үйлердегі жылу сапасы артатын болады. Қазіргі күні бұл жерде 617 метр жердің құбыры ауыстырылып, монтаждау жұмыстары жалғасуда. Іс барысын көріп шыққан облыс әкімі мердігер компания басшылығына алдағы қазан айының 7-ші жұлдызына дейін шаруаны аяқтап, нысанды іске қосуды тапсырды. Ол үшін тәулік бойы уақытпен санаспай еңбек ету қажет. Кез келген сәтте, тіпті түн ортасында да келіп тексеруі мүмкін екенін айтқан аймақ басшысы бұл жұмыстар жайында жауапты тұлғалардан үнемі ақпарат алып отыратынын жеткізе кетті.

Келесі кезектегі нысан осы аумаққа қарасты 501 квартал болды. Мұнда да мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жылу құбырларын ауыстыру қарқынды жүргізілуде. Нысанды мерзімінде тапсыру мақсатында белсенді әрекетке көшкен өскемендік мердігер компания «Свинецстрой» ЖШС қазіргі күні үш ауысыммен қызмет атқаруда. Жобаның жалпы құны 257 млн. теңге болса, жаңартылатын төрт қатарлы құбыр желісі 1753,75 метр екен.

Ал 14-ші ықшам аудандағы жұмыстардың ауқымы бөлектеу болып шықты. Себебі мұндағы жаңартылуы тиіс жылу трассасының жалпы ұзындығы      4337,5 м. болады. Яғни, біршама күрделі деген сөз. Дегенмен іс басындағы жергілікті мердігер «РаЛи-С» ЖШС жұмысшылары білек сыбанып еңбек етуде.  Биылғы жылға бөлінген 153,863 млн. теңге қаражат  алдағы айларда толығымен игерілуі тиіс. Ал құбырлар ауыстырылған соң, аумақтағы көп қабатты тұрғын үйлердің жылу мәселесі біршама шешімін табатын болады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов осынау сапары барысында жылу беру көздеріндегі атқарылып жатқан шаралармен де танысты. Алдыңғы кезекте 35-ші кварталда орын тепкен қазандыққа келген аймақ басшысы бұл нысандағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жүзеге асырылып жатқан шараларға қанықты. Қазіргі күні мұнда қазандық жаңа жабдықтармен кеңейтіліп жатыр. Яғни қосымша қос барабанды КЕ-25/14С қазандығы орнатылуда. Автоматты түрде циркуляциялық процестер жүргізе алатын механикалық жылыту қондырғысы бар жаңа кешеннің берер мүмкіндіктері мол. Аймақ басшысы бұл жерде сонымен қатар желілік насосты монтаждау жұмыстары жайлы сұрастырды және де жұмысты ұзаққа созбауды міндеттеді.

Ал Пархоменко көшесі бойындағы «МЭН» қазандығындағы шаралардың қарқыны тіптен жоғары. Мұнда бүгінде үш қазандық орнатылған. 1988 жылы пайдалануға берілген нысанның жаңартуды қажет ететін бөліктері бар. Бұл мәселені «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында шешіп алудың мүмкіндігі туып тұр. Қазіргі күні жылу берушілер бірқатар шараларды межеге алуда. Атап айтқанда, ДН-15 маркалы үш бірдей жаңа түтін сорғыш құ-рылғы орнатып, электродвигательмен қуаттандырылатын қос бірдей вентиляторды іске қоспақ. Бұдан өзге су соратын және бу шығаратын насостарды да жаңалау көзделуде. Жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі бөлінген 262,2 млн. теңгені тиімді игеруді міндеттеп, нысанды мерзімінде іске қосу қажеттігін ескертті.

Осыдан кейін «Зооветинститут» қазандығындағы атқарылып жатқан шаралар барысына қаныққан облыс әкімі нысан басшысы Александр Кусков пен жылу желілері басшысы Валерий Романченкоға бірқатар тапсырмалар берді. Себебі нысан басында тек 4 адам ғана еңбек етуде. Және жүргізіліп жатқан шаралардың баяу екенін алға тартқан аймақ басшысы түтін сорғыш құрылғы мен қос бірдей деэараторды ауыстырудың тым ұзаққа созылып кетпеуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ қосымша қазандық орналастыру жұмыстарын ширатуды тапсырды.

Ал облыс әкімінің назарына алынған келесі кезектегі нысан «Теплокоммунэнерго» МКК қарамағындағы «Дорожник» қазандығы болды. Бүгінде бұл нысанда қос бірдей жылу беру көзі жұмыс істеп тұр. Яғни, қос қазандық аумақты толығымен жылумен қамтамасыз етуде. Мұнда айтарлықтай өзекті мәселе жоқ. Тек мемлекеттік бағдарлама аясында қосалқы нысандармен жабдықтау ісі көзделуде.  Қазіргі күні «Свинецстрой» ЖШС белгіленген жоспарға сай жұмыс жүргізуде.

Даниал Ахметов қаламыздағы бірқатар жылу беру нысандарын аралап шыққан соң жаңадан салынып жатқан жедел медициналық жәрдем станциясында болып, мердігерлермен жүздесті. Жүргізілген жұмыстарға баға беріп, жаңа нысанды қазан    айының 15 күні толықтай пайдалануға беруді тапсырды. Қазіргі күні мұндағы құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Тек жылу мен суға қосу ғана қалып тұр. Сонымен қатар жалпы аумағы  7547,07 шаршы метр болатын нысан маңын абаттандыру қажет.

Аймақ басшысы сондай-ақ жедел медициналық жәрдем ауруханасында болып, бас дәрігер Қайноллан Мусиннен қазіргі қалыптасқан ахуал жайлы сұрастырды. Мұнда бүгінгі күні техникалық қабат пен бір қатар бөліктердегі ішкі әрлеу жұмыстары қалып тұр. Ал жылыту мәселесі бойынша нысанды ең жақын аумақтағы қазандыққа қосу туралы жоспар бар. Егер бұл жоба бекітілетін болса, үш шақырым жердегі жылу көзінен құбырлар тартылмақ. Сонда құрылысқа жұмсалатын қаражат қатты отынмен жылытылатын қосымша қазандық салуға қарағанда әлдеқайда көп үнемделмек. Әйтсе де бұл мәселе әлі де ойластыруды қажет етеді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов  тағы бір нысан денешынықтыру және сауықтыру кешені жанынан салына бастаған балалар мен жасөспірімдердің спорт интернаты жатақханасы құрылысының орнына келді. Айта кетерлігі сол — бұл құрылыс Да-ниал Кенжетайұлының өз идеясы болатын. Осыдан екі ай бұрын Семейге келген сапарында жергілікті кәсіпкерлерге ұсыныс білдірген еді. Игілікті істі құп алған мердігер құрылыс компаниясы «Азия» ЖШС басшысы Әсемхан Досқожанов бүгінде ауқымды құрылысты бастап кетті. Нысанның жалпы аумағы 2380 шаршы метр. 4 қабатты, екі жүз кісіге арналған ғимараттың құрылысы осы айда ғана басталған. Жобалық-сметалық құжаттары сараптамаға жібе-рілгенімен, қазіргі күні алғашқы дайындық жұмыстары басталып кетіпті. Яғни іргетасы мен жертөле қазаншұңқыры қазылып, іргелі құрылысқа толықтай даярлық жасалды. Құрылысты аяқтау келергі жылдың 1-ші қыркүйегіне жоспарланып отыр.

— Мен бұл нысанда осымен екінші рет болып тұрмын. Әсемхан Досқожанов сынды кәсіпкер жерлесіміз өз қаражатына құрылыс жобасын әзірлетіпті. Ендігі аралықта мұнда екі жүз орындық жаңа пансионат бой көтеретін болады. Оған облысымыздың әр түкпірінен дарынды, спортқа қабілетті балаларды жинайтын боламыз. Олар еліміздің атын әлемге танытады. Біздің кәсіпкерлеріміз мемлекетке көмектесуде аянып жатқан жоқ. Бұл бағыттағы басталған жұмысты жоғары бағалаймын әрі менің бастамама жауапкершілікпен қараған азаматтарға алғысымды білдіремін, — деп атап өтті аймақ басшысы өз сөзінде.

Облыс әкімі осыдан кейін Ертіс жағалауындағы жаз бойы жүргізілген құрылыспен де танысты. Бүгінде мұндағы жұмыстар аяқталуға таяу. Өзеннің  жарқабағы толықтай шоколад түстес темір қоршаулармен бекітілген. Серуендеуші көпшілік үшін әдемі сәкілер қойылып, жаяу жүргіншілер жолының бойы гүлзармен көмкеріліпті. Күзгі Ертіс жағалауындағы әсем табиғат көрінісі жаңартылған жағалаудағы қанық бояулармен астасып, жағымды көңіл-күй сыйлайды. Аймақ басшысы ТҮКШ бөлімінің басшысына құрылысты жылдамдатып аяқтауды және де мұнда  жасанды төсеніш емес, жаз мезгілінде айналаны жасыл реңге бөлейтін газон өсіруді тапсырды.

Тәуліктің екінші жартысында аймақ басшысы қалалық әкімдіктің кіші залында шаһардың жылу маусымына әзірлігі жайында жиын өткізді. Кездесуде сала мамандары облыс әкіміне қаладағы жылу көздерінің алдағы маусымға әзірлігі туралы қысқаша ақпарат берілді.

№ 1 ЖЭО алдағы қысқы маусымға толықтай әзір. Алдағы аптадан бастап тұрғындарға ыстық су да беріле бастайтын болады. Осыдан кейін барып балабақша, мектептер мен емхана сынды әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу берілу көзделуде. Қаланың сол жағалау тұрғындарын жылумен қамтамасыз ететін орталықта көмір қоры да жеткілікті көрінеді. Бүгінгі күні мұнда 10 мың тоннадан астам қатты отын алынып қойылған. Ал аймақ басшысы Даниал Ахметов келесі аптадан бастап қаладағы барлық әлеуметтік нысандарға жылу берілу қажеттігін тапсырды.

Сол сияқты қаланың сол жағалауында орналасқан ірі жылыту қазандықтарының бірі РК-1 жылу көзі де қыс қамына уақтылы қамданып қойыпты. Аталмыш нысан да тұрғындарды  жылумен қамтамыз етуге әзір. Сондай-ақ РК-3 қазандығы да қысқы маусымға толықтай да-йын. Дегенмен мұндағы электр жарығының өшірілу салдарынан біраз жұмыстар тұралап қалған. Сала мамандарының айтуынша, мұндай жағдай тек жалғыз осы бір орталықта орын алып отырған жоқ. Шаһардағы кейбір жылыту ошақтарында осындай жағдай қайталанып отыр. Осы ретте аймақ басшысы «ШҚ АЭК» АҚ өкіліне дүйсенбіден бастап электр энергиясынан ажыратылған жылыту қазандықтарына электр қуатын беруді қатаң тапсырды.

Шығыс Қазақстан облысы әкіміне «МЭН», «35 квартал», «Зооветинститут», «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарының өкілдері де жылу маусымына қазандықтардың әзір екендіктерін баяндады. Жиын соңында Даниал Кенжетайұлы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің өкілдеріне қазан айының 7-не дейін барлық жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

— Жылу маусымына әзірлік жоспар бойынша жүргізіліп келеді. Алдағы аптада әлеуметтік нысандарға жылу берілуі қажет. Ал қазан айының жетісіне дейін жылу беруді жақсарту мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан барлық жерлердегі жұмыстар аяқталуы тиіс. Ешқандай мәселе орын алмауы керек. Осыған орай Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық   басқармасы басшысы Айтқазы Шерубаевқа қатаң бақылауды тапсырамын. Семейліктерді мазалайтын жайттар орын алмауы тиіс, — деді өңір басшысы.

Сапар соңында облыс әкімі Даниал Ахметов Мелькомбинат алаңында салынып жатқан 9 қабатты 54 пәтерлі тұрғын үй құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын мердігер «СәтТранс» ЖШС жүргізуде. Атылмыш нысанда үш қабат құрылыс қаңқасы тұрғызылып, екі қабатының қабарғалары қаланып қойылған. Жалпы аумағы 3,2 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің құрылысын 2016 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,                                                                                                                                                                            Асан МЫРЗАХАНОВ,                                                                                                                                                                              «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

21.11.2025
Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

Семей қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Оған орталықтың қызметкерлері мен ардагерлері, «Азаматтарға арналған...

Толығырақ...Details

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

21.11.2025
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусы(АИТВ) инфекциясының таралуына қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

21.11.2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде аталып өтті. Семейдегі Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Алтын...

Толығырақ...Details

Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

21.11.2025
Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

Ауа райының қолайсыздығына байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және төтенше жағдайларға жол бермеу – қыстағы басты...

Толығырақ...Details

Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

21.11.2025
Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

Семей қаласында тұрғындар үшін қолайлы және қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру мақсатында абаттандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Есепті кезеңде...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өтті

21.11.2025
Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өтті

Еліміздегі әйелдердің рөлін талқылау және жүйелік мәселелерді шешу мақсатында Семейде әйелдер форумы өтті. Жиынға үш жүздей қыз-келіншек қатысты. Облыс халқының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығы аталып өтті

9 часов бұрын

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар басталды

9 часов бұрын

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

9 часов бұрын

Абай облысы қысқы кезеңге толық дайын: халық қауіпсіздігі басты назарда

10 часов бұрын

Биыл Семей қаласында 35 аула аумағы абаттандырылды

10 часов бұрын

Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» форумы өтті

10 часов бұрын

Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады

10 часов бұрын

25 жастағы қыз иен аралда тек егеуқұйрықпен қоректеніп, бір айда 14 келі салмақ тастаған

2 дня бұрын

Резервтік қызметке үш жылдық қабылдау ашылды

2 дня бұрын

Түркістан облысындағы өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС