"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРТЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛ БАҚЫТТЫ

02.10.2015

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, шаһардағы зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында болды.

{jcomments on}Қазыналы қарттарымызбен кездесуде орталық директоры Галина Дуксум-баева қала басшысына мекеменің қызметін жан-жақты таныстырып, орталықтың тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Ардагерлердің арасында «Мейірім үйі» деген атқа ие болған орталық бүгінде қала бойынша бір мыңнан астам ардагерге әртүрлі қызмет көрсетеді. Айталық, денсаулықтары келгендері орталықтың күндізгі бөліміне келсе, жүруі қиындаған қарттарға әлеуметтік қызметкерлер өздері барады екен. Жалпы, аумақтық орталықта барлық талаптарға сай асхана, фитобар, психологиялық және медициналық көмек сынды қызметтер көрсетіледі.

Шаһар басшысы Ермак Бидахметұлы ең алдымен мекеменің ауласына Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында демеушілердің көмегімен салынған стеллаға гүл шоқтарын қойды. Кейін ауладағы ардагерлердің «Денсаулық жолы» жаяу жүргіншілер жолағымен танысты. Орталық директоры Галина Дуксумбаеваның айтуынша, бұл жолда ардагерлер күнделікті жаттығу жасап, медициналық тексеруден өткізіледі.

 

Қала әкімі ардагерлердің өз қолдарынан шыққан әртүрлі қолөнер бұйымдарымен де таныс болды. Бұл жұмыстарды ерекше бағалаған әкім орталықтағы еңбек терапия бөлмесі мен психологиялық көмек көрсетуге арналған бөлмелермен танысты. Кейін орталықтың үлкен залында ардагерлермен кездесіп, оларды мерекелерімен құттықтады.

 

— Әлем халықтары бүгінде осы атаулы мерекені атап өтіп жатыр. Еліміз де солардың қатарында. Жалпы, мемлекетіміздің қарияларға деген қамқорлығы толастаған емес. Бүгінде заманында тынбай еңбек еткендері үшін қарияларға барынша жағдай жасалып отыр. Жастарымыз сіздерден үлгі алады, — деген   Ермак Бидахметұлы бірлік пен татулық, тұрақтылық пен рухани келісім бар жерде, береке де бар екенін атап өтті.

Шара соңы Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының күндізгі бөлімінде демалушы ардагерлерге арналып  аумақтық орталықтың әлеуметтік қызметкерлері қатарынан құрылған «Иртышаночка» вокалдық тобының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Кеш барысында туған қаламыз Семейге арналған әндер мен басқа да авторлық әндер орындалды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

35 минут бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

37 минут бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

39 минут бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

4 часа бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

18 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

22 часа бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

22 часа бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

22 часа бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

23 часа бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС