"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЕҢБЕК АДАМЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ

02.10.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда қаламыздағы Ф. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайында еңбек күніне арналған елеулі шара болып өтті. Бас ғимараттың жанында «Еңбек адамы» атты ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды. Мұндағы көзделген мақсат сол – өңіріміздегі еңбек адамдарының жетіс-тіктерін жалпақ жұртқа паш ету, молшылық пен тоқшылықтың мерекесіндей саналатын алтын күздің мол тартуынан көрме әзірлеу болатын.

{jcomments on}Аталмыш шараға қаламыздағы азық-түлік өнімдерін өндіретін ірілі-кішілі кәсіпорындар қатысты. Өнімдерін сөреге жайып салып, жәрмеңкеге келушілер алдында сауданы қыздырған серіктестіктер арасында нан-тоқаш және макарон сынды тағам түрлерін шығаратын «Семнан» ЖШС, «Фастфуд Арай» ЖШС сынды ірі фирмалар өкілдері болды. Белгілі жайт — еңбек адамының алтын қолынан шыққан бұл азық-түліктер еліміз бойынша бірінші кезекте тұтынылатын өнімдер саналады. Әсіресе, «Семнан» ЖШС әкелген жаңа піскен нан түрлері келушілер назарын еріксіз аударды. Онда тәбет ашар украин бөлкесі, орыс каравайы, бал жағылған татар тоқашы және түрлі пішінде пісірілген тәтті салмалар қосылған печеньелер болды.

— Бүгінгі жәрмеңкеге  қолданбалы өнер түрлерімен айналысатын қолөнер шеберлері де келді. Олар өз қолдарымен әзірлеп әкелген түрлі әсем әшекейлерін саудаға шығаруда. Әйтсе де, келуші көпшілік, негізінен, азық-түлік өнімдерін көптеп сатып алуда. Аталмыш шараны өткізудегі мақсатымыз еңбек адамының жетістіктерін көрсету, жастарды еңбекке баулу, биылғы жаздағы еңбек маусымын қорытындылап, шаруалар жетістіктерін паш ету болатын, — дейді жәрмеңкені ұйымдастырушылардың бірі, аталмыш мұражайдың ғылыми-ағарту бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Салтанат Секенбаева.

 

Айта кету керек, «Еңбек адамы» жәрмеңкесі қаламызда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Оған әсіресе жастар қауымы тартылыпты. Мәселен, қаламыздағы іргелі оқу орны Қаз ИГЗУ студент- тері шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырып, келушілерге ән мен жырдан тарту жасады. Ал егде буын тұрғындар кәсіпорын бағасымен саудаға шығарылған балғын өнімдерді молынан сатып алып жатты.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

7 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

7 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

9 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС