"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР АЛҚА ТАҚТЫ

02.10.2015

Семей қаласы әкімдігінде алты баласы бар жеті анаға «Күміс алқа» тапсырылды. Салтанатты жиында көпбалалы аналарды Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова құттықтады.

{jcomments on}Әйел өмірде ең маңызды саналатын бала тәрбиесімен айналысады. Сондықтан да аналар ерекше назар аударып, құрмет көрсетуге лайықты. Отбасын берік ұстап отыру — қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі. Өйткені отбасы- мемлекеттің негізі. Бүгінде елімізде көпбалалы отбасылар артып келеді. Ал мемлекет тарапынан оларға әрдайым көмек көрсетілуде.

— Құрметті аналар! Сіздерді қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан «Күміс алқа» алуларыңызбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыздан тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы — балаларымыздың күлкісі кетпесін, — деді қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

«Күміс алқа» иегерлерінің арасында Алтын Молжігітова да бар. Алты құрсақ көтерген көпбалалы ананың кенжесі 1 жастан енді асса, үлкені 23-те екен. «Басты байлығым — балаларым» деген Алтын апай өзін бақытты аналардың қатарындамын деп есептейді.

 

— Мен өзімді бақытты ана санаймын. Өйткені бар бақытым, байлығым — осы балаларым. Қазіргі жастарға қорықпай өмірге сәби әкеле беріңіздер деп айтқым келеді. Ал мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға қолдау көрсетіліп жатқаны- құптарлық іс, — дейді Алтын Молжігітова.

 

Аналарды марапаттау рәсімінен кейін Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Азамат Құрманғалиев сөз алып, көпбалалы аналарға жүрекжарды лебізін білдірді. Сондай-ақ ол аналарға мемлекеттік жәрдемақыны алу жолын түсіндіріп берді.

Заңға сәйкес, 7 және одан көп баласы бар аналар «Алтын алқа», 6 баласы бар аналар «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болады. Енді «Күміс алқа» иегерлері ай сайын 12 685 теңге мемлекеттік жәрдемақы алады. Айта кетерлігі, бұдан бөлек елімізде 4 немесе 5 баласы бар аналарға 8 246 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

А.САМАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

35 минут бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

37 минут бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

39 минут бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

4 часа бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

18 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

22 часа бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

22 часа бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

22 часа бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

23 часа бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС