"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘР ӨТІНІШ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

02.10.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала әкімі Ермак Сәлімов шаһар тұрғындарын түрлі мәселелері бойынша қабылдады. Бұл жолы қала әкіміне жолығуға 42 азамат өтініш білдірген екен. Қоғамдық қабылдауда сонымен қатар әкімдіктің бөлім басшылары, денсаулық сақтау, құқық қорғау салаларының өкілдері де болды.

{jcomments on}Қала әкімінің қабылдауына алғашқы болып соғыс ардагері Жұмағазы Әзке-ұлы келді. Абай ауданының тумасы қалаға, пәтер жалдап тұратын қызының қолына көшіп келген екен. Қабылдауға келу себебі пәтер кезегінің созылып кетуі болыпты. Қарт майдангерге бұл жайында түсінік берген Ермак Сәлімов ақсақалдың кезекте үшінші болып тұрғанын, келесі жылы үй берілетінін жеткізді. Ардагер өз кезегінде алғысын білдірді.

Шаһар басшысына жолығуға келген тұрғындардың басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Араларында баспана сұрап келгендері де, жұмысқа орналасуда  жәрдем беруін өтінгендер де болды. Әйтсе де бірқатар қалалықтар көпшілікке ортақ тақырып- тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша да қала әкіміне өтініш жасады. Мәселен, қаланың Дальний ауданының тұрғыны Н.Васильевна Омская көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары бойынша шағым айта келіпті. Жүргізіліп жатқан құрылыс кесірінен жол қиылысындағы бағдаршам істен шыққан. Сонымен қатар жол жиектеріндегі суағар арықтардың бітеліп қалуы тұрғындарды көктем кезінде еріген қар суының аулаларға кіруіне себеп бола ма деген уайымға салған екен. Бұл жайында жауап берген ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Александр Генрих қолға алынған жоба бойынша жол жөндеу жұмыстарының әлі аяқталмағанын, шараларға байланысты бағдаршам уақытша тоқтатылғанын жеткізді. Жалпы, бұл тарапта жергілікті бюджеттен 1 млн. 400 мың теңге қаражат бөлініпті. Ал жол жиектеріндегі арықтарды тазалау қазан айына жоспарланғандықтан, алдағы апталарда жүргізілетін болады.

 

Ал өзін Мария апа деп таныстырған  Рысқұлов көшесінің тұрғыны мүлде басқа мәселемен келіпті. Айтуынша, қызы медициналық колледжді өткен жылы бітірген. Қаладан жұмыс табылмауына байланысты, Үржар ауданына қарасты Мақаншы ауылындағы денсаулық сақтау мекемесінде аз мөлшердегі айлықпен еңбек етіп жүр екен. Тапқан табысы пәтерақыға кететіндіктен, ай соңына дейін жеткізе алмайды әрі Семейдегі кәрі анасына қарайласуға да мүмкіндігі жоқ. Осыны айтқан тұрғын «қызымды қасыма алсам, қаладағы емдеу мекемелерінің бірінен жұмыс тауып берсеңіздер» деген өтініш жасады. Бұл жайында шаһар әкімі қоғамдық қабылдауға қатысушы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінен бос орындар туралы сұрады. Нәтижесінде сала мамандары жас маманға түйіндемемен келіп жолығу керектігін айтты.

 

Жалпы, бұл күні қала әкімінің қабылдануына келген азаматтар жер қатынастары бойынша, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік пен әлеуметтік қамсыздандыру ісі жайлы да өтініш-тілектерін жеткізді. Қабылдау шарасы барысында шаһар басшысы өз тарапынан мүмкіндігінше көмек жасалатынын айтса, бірқатар тұрғындарға сала мамандары жауап қайырып, тиісті кеңестер берді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

6 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

6 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

8 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС