"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ ЖҰРТ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒУДА

17.01.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жылдың соңғы айларында орын алған қала өмірі үшін жағымды жаңалықтардың бірі – жолаушы тасымалы және көлік қатынасындағы өзгерістер болып отыр. Ұзақ жылдан бері қала көшелеріндегі жолаушылар көлігінің қозғалысы еш өзгеріссіз келген еді. Шаһар халқының саны жылдан жылға артып, көшелердегі көлік қозғалысы да күрделенген сайын бірқатар мәселелер туындаған болатын. Бұл орайда жергілікті атқарушы биліктің жолаушылар көлігіне байланысты енгізген өзгерістері қала жұртшылығының көңілінен шықты.

Көпшіліктің көңілін күпті еткен бұл мәселенің шешімі өткен жылдың тамыз айында оңынан шешілді. 2013 жылдың тамыз айының 1-і күні жүргізілген конкурс нәтижелері бойынша қала ішіндегі жаңа бағыттар белгіленді. Нәтижесінде, шаһар ішінде жолаушы тасып жүйткитін 57 қоғамдық көліктің бағыты белгіленді. Оның 40-ы автобус, ал қалған 17-і шағынавтобустар болатын.

Жалпы қала ішінде күнделікті 483 көлік бірлігі (резервтегілерді қоса алғанда) жолаушы тасымалдаумен айналысады. Оның 30-ы өте жоғары кластағы автобустар болса, 72 бірлігі үлкен кластағы, 24-і орташа, 192-і кіші және 165-і өте шағын класқа жатады.

Қалаішілік көлік қозғалысының  ұзындығы 12,5 шақырымнан 48 шақырымға дейінгі аралықты қамтиды. Ең қысқа маршрут №43 автобус (Полковничий аралы мен Жансая базарын жал-ғайды) 12,5 шақырымды құрайды екен. Ал ең ұзақ маршрут №24 (құс фабрикасы мен Химкомбимнат аралығында қатынайды).

Жаңа бағыттық  желіге бұрыннан бар кейбір маршруттар №№ 15, 31, 129, 201, 218, 221, 224, 233 және 237 (9 маршрут) енгізілген жоқ. Бұл ерекшелікпен қатар №№ 203, 206, 212, 213, 231, 232 шағынавтобустарының бағыттарына өзгерістердің енгізілуі қаладағы негізгі магистральдағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, жолаушылар үшін туындайтын қиындықтар біршама  оңайлатылды. Атап айтсақ, көлік кептелісі мен жолаушылар мәселесі Әуезов даңғылы 17,3%, Қабанбай батыр көшесінде 14,4%, Интернационал көшесінде 12,7%, Шәкәрім даң-ғылында 27,3, Абай көшесінде 22,9%-ға азайды. Сонымен қатар, жаңадан тағы да 9  бағыт  жолаушы тасымалдауға кірісті. Олар №№ 1, 4, 18, 24, 46, 37, 42, 47 и 52 бағыттағы шағынавтобустар.

 

Нәтиже бойынша тағы бір айта кетер жайт, бүгінде қала бойынша жолаушылар тасымалдауымен 6 мекеме айналысады. Шаһарда екі ұзақ мерзімді жолаушы билеттері бар. Ересектерге арналған мұндай билеттің құны 4000 теңге болса, оқушылар үшін 1200 теңгені құрайды. Қоғамдық көліктегі жүру бағасы өткен жылдың 1 сәуірінен бастап 60 теңгені құрады. Бұл жалпы республикамыздың өзге қалаларымен салыстырғанда біршама төмен баға болып табылады.

 

Жолаушылар көлігінде сонымен қатар көптеген жеңілдіктер қатары қарастырылған. Бұл жеңілдіктер жеткізушілер байқауында ескерілген болатын.

Өткен жылдың 1 тамызындағы байқаудың нәтижесінде жеткізушілер жасы 70-тен асқан зейнеткерлерді тегін тасымалдау туралы міндеттен бас тартты. Бұл жайт қала тұрғындарының тарапынан реніш туғызған болатын.

Семей қалалық ТҮКШ бөлімі өткен жылдың тамыз айында қала әкімінің орынбасарымен бірлесіп жиын өткізді. Онда қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер басшыларымен жол жүрудегі жеңілдіктер мәселесі бойынша басқосу ұйымдастырылды. Жиында аталмыш мәселелер көтерілді.

Атқарушы биліктің күш салуы нәтижесінде жеткізушілермен 70 жастан асқан зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлерін және «Алтын алқа», «Күміс алқа» медалі иегерлерін қалаішілік автобустарда тегін тасымалдау жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Осылайша қаладағы әлеуметтік мәселе шешімін тапты. Бұл жайт семейлік тұрғындардың жергілікті билікке, қала әкімі Айбек Кәрімовке деген ризашылық сезімдерін еселей түскені анық.

Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің

материалдары бойынша

әзірлеген Қ.ӘЛІМБЕК

Ұқсас жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

12 часов бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

5 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

6 дней бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

6 дней бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

7 дней бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

7 дней бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС