"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕТПІСІНШІ МАУСЫМАШАР-МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ

06.10.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл қаладағы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның құрылғанына 70 жыл толды. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және ұлы  Абайдың 170 жылдығына арналған, аталмыш өнер ұжымының мерейтойы қалалық Мәдениет үйінде кеңінен аталып өтті.


Еліміздің және бірқатар алыс-жақын шетелдердің үлкен сахналарында өнер көрсетіп, көрерменнің көзайымына айналған ұжымның мерейтойлық концертін тамашалауға жергілікті билік өкілдері, мәдениет саласының майталмандары мен қаланың зиялы қауымы және шаһар тұрғындары, студент жастар көп жиналды.

 

{jcomments on}Талай белесті бағындырған аталмыш өнер ұжымы қалалық, облыстық және республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды қанжығалауда. Естеріңізге салар болсақ, жуырда филармония әртістері, араға 90 жыл салып, өміршең өнер иесі Әміренің ізімен Франция еліндегі 20 күндік фестивальға қатысып қайтқан еді. Париж төріндегі фестиваль барысында кәрі құрлық халқына Ұлы дала елінің мәдениетін паш еткен семейлік өнер майталмандары Еуропа жұртшылығының жоғары бағасына ие болған екен.

 

Филармония директоры, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Адай Азаматовтың  айтуынша, өнер ұжымының әртістеріне Үкімет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі екен. Сонымен қатар өнер ұжымының басшысы, жылдағы дәстүрге сай, биылғы маусымда да гастрольдік сапарларға шығып, түрлі деңгейдегі байқаулардан шет қалмайтындарын атап өтіп, филармонияның жұмысына тоқталды.

— Филармония қатарында «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрі, «Славянка» орыс халық аспаптары және «Кербез» фольклорлы ансамбльдері, камералық оркестр бар. Қазіргі таңда ұжымға Астана, Алматы қалаларынан келген жаңа әншілерді қабылдап жатырмыз. Сонымен қатар оркестріміздің қатары да жаңа әртістермен толығуда. Олардың арасында өнер академиясын тамамдаған домбырашылар мен қобызшылар бар. Жалпы, биылғы жылы әсіресе жастарды жұмыспен қамтуды қолға алдық. Ұжымымыз  қазақтың құлақтың құрышын қандыратын өшпес дәстүрлі ұлттық музыкасымен көрермен қауымды тәнті етеді деген ойдамын,- деді Адай Зейнолдаұлы.

Жетпісінші маусымашардың шымылдығы «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің орындауындағы «Ақсақ құлан» халық күйімен ашылды. ҚР-ның мәдениет қайраткері, сазгер, дәстүрлі әнші Тұрсынғазы Рахимов пен Мафруза Өтеуленованың «Әз Жәнібек, Керей хан» әні көрерменнің ыстық қошеметіне бөленді. Жалпы, концерт барысында 20-дан астам шығарма орындалды. Ән мен күйге бөленген көрермен өнер майталмандарына құрмет көрсетіп, ықылас гүлдерін сыйға тартып жатты.

Ж. СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

5 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

6 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

8 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС