"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚ ХАЛАТТЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІ БАҒАЛАНУДА

06.10.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміз бойынша барлық медициналық мекемелердің аккредитациядан өтуіне орай, медициналық мекемелердің халыққа қызмет көрсетудегі сапасын анықтау әрі Үкімет бекіткен талаптың қаншалықты орындалып жатқандығын бағалау мақсатында 27 қыркүйектен бастап Семейде де ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, Аккредитация орталығы жұмыс істеуде.

 

{jcomments on}Биыл Шығыс Қазақстан облысы бойынша аккредитация жүйесінен қалалық, орталық әрі ауданаралық ауруханалар, аралас үлгідегі емханалар мен алғашқы медициналық-санитарлық орталықтар, ана мен бала орталығы және отбасылық емханалар сияқты 27 медициналық мекеме өтуде. Сыртқы кешенді бағалау жұмыстарын жүргізетін арнайы топтың құрамы 29 таңдаулы маманнан тұрады. Олардың қатарында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының (ДСДРО) сарапшылары, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің мамандары, аккредитация шараларын жүргізетін қызметкерлер жұмыс істеуде. Сонымен қатар жасақталған инспекторлардан 7 сараптамалық топ құрылған екен. Алқалы топ Семей өңіріндегі 9 медициналық мекеменің қызметін бағаламақ.

 

— Семей қаласында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің № 676 бұйрығына сәйкес, бірыңғай стандартты аккредитациялау жұмыстарын атқарудамыз. Бұл стандарттар халықаралық кеңесшілердің көмегімен жетілдірілген. Ол емделушінің қауіпсіздігі мен оның толыққанды сапалы медициналық қызмет алуына бағытталған. Мұнда медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аймақтық департаментінің мамандары, тәжірибелі дәрігерлер және тәуелсіз сарапшылар жұмыс істеуде. Мұны ерікті түрде өткізіліп отырған шара деп қабылдау керек. Оның нәтижесі бойынша белгілі бір қатаң шешімдер қабылданбайды. Керісінше, өз тарапымыздан жергілікті ақ халаттылармен білгенімізбен бөлісіп, егер де кем тұстары байқалып жатса, кеңес беретін боламыз. Әзірге Семейдегі аралас үлгідегі № 3 емхана жұмысымен танысып жатқан жайымыз бар. Бұл мекеменің медициналық қызмет көрсету үлгісі жақсы жолға қойылған екен. Айта кету керек, осы емхана бірнеше жыл біздің министрліктің пилоттық жобасына қатысқан еді. Қауіпсіздік мәселесі де бұл жерде оң шешімін тапқан, — дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, Аккредитация орталығының жетекшісі Ботагөз Кауыпбаева.

Сонымен қатар Ботагөз Төлеуғалиқызы өз сөзінде аккредитациядан сәтті өткен медициналық мекемелерге мемлекеттік тапсырыс тағайындау жоспарланып отырғанын да атап өтті.

Ж. СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

5 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

5 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

7 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС