"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

06.10.2015

Сенбі, 3 қазан күні қаланың сол жағалауында, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, шаңғы спортының жазғы түрінен біріншілік өтті. Салауатты өмір салтын тұрақты түрде насихаттауда түрлі спорттық шаралардың ортасынан табылатын қала әкімі Ермак Сәлімов те кәсіби шаңғышылармен сайысқа түсті.

 

{jcomments on}Спорттың бұл түрінен сайыс биыл төртінші мәрте өткізіліп, оған 50-ге тарта адам қатысуға ниет білдіріпті. Сайысқа қатысушылардың араларында кәсіби биатлоншылар, шаңғы спортының шеберлері, ардагерлер мен жас өрендер бар. Жарыс шаңғы спортының жазғы түрінен ұйымдастырылғандықтан, сайысқа қатысушылар шаңғы роллерімен бақ сынасты. Сайыс сол жағалаудағы халықтың көптеп жиналатын М.Әуезов алаңынан бастау алды.  Үнемі спорттық шаралардың бел ортасында жүретін қала әкімі бұл жолы да өзінің шаңғы роллерінен кенде емес екенін көрсетті.

 

Жарыс басталмас бұрын сөз алған қала әкімі бұқаралық спортпен айналысудың тиімді жақтарын айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Қымбатты спорт ардагерлері және сайысқа қатысушылар! Бүгін салауатты өмір салтын насихаттайтын, жас буынға үлгі көрсететін жарысқа жиналдық. Ортамыздан алпыстың асуынан асып, сексеннің сеңгіріне шыққан белсенді өмірді ұстанатын көптеген ақсақалдарды көріп отырмын. Бұл — қуантарлық жағдай. Себебі спорт ардагерлерінің ортамызда болуы- өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Қазіргі заманда дене шынықтырумен шұғылдану өте пайдалы әрі экономикалық тұрғыдан тиімді. Спортты серік еткен адамның денсаулығы мықты болатынын жақсы білесіздер. Сондықтан да барлық қала тұрғындарын салауатты өмір салтын белсенді ұстануға шақырамын, — деді өз құттықтауында Ермак  Бидахметұлы.

Сонымен қатар жарыс жолына өзгелермен бірге шаңғы биатлонынан Әлем чемпионы Галина Вишневская, Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің туын көтерген жерлесіміз Ердос Ахмадиев те шықты. Биыл Ердос ҚР-ның чемпионатында  2-ші орынға табан тірепті. Алда Ердос үшін Әлем кубогі кезеңіне қатысуды көздеп отыр екен.

— Қазақ хандығының 550 жылдығын ел көлемінде атап өту жалғасуда. Осындай мерейлі мезеттерге арналып өтіп жатқан шаралардан шет қалмауды жөн көрдік.  Осы сайыс келер жылы да өз жалғасын табады деген сенімдемін. Міне, қала басшысы да жарысқа қатысу үстінде. Бұл — қала тұрғындарына үлгі боларлық іс,- дейді Е. Ахмадиев.

Сайыс барысында шаңғышылар Әуезов даңғылы бойымен 5 шақырымнан аса қашықтықты жүгіріп өтті.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

21 минута бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

23 минуты бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

25 минут бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

4 часа бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

18 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

22 часа бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

22 часа бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

22 часа бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

22 часа бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС