"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОС АРДАГЕР МАРАПАТТАЛДЫ

17.01.2014
ҚОС АРДАГЕР МАРАПАТТАЛДЫ
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының қос ардагерін Ресейдің Курск облысының губернаторы Анатолий Михайлов Курск шайқасының 70 жылдығына орай  марапаттапты. Мерекелік медальды өткен жұмада қалалық әкімдікте өткен жиында шаһар әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева салтанатты түрде табыс етті.

Ұлы Отан соғысын басынан аяғына дейін өткерген семейлік Ольга Янчук Курск шайқасының куәгері. Бүгін ол осы алапат шайқастың 70 жылдығына арналған медальді өңіріне қадады.

Ольга Тимофеевна майдан даласына 1942 жылдың 14 қаңтарында Жаңасемей ауданынан аттаныпты. Ұлы Отан соғысы жылдарында Молдова, Украина, Польша жерлерін фашизмнен тазартып, жеңіс мерекесін Чехословакия жерінде қарсы алыпты. Сұрапыл от пен оқтың арасында жүріп, қиындықты ерлермен бірге көтерді. Бірқатар орден, медальдардың иегері. Соғысты кіші лейтенант шенімен аяқтаған ол қазір жасы 91-ге келсе де әлі тың.

 

Марапаттау жиыны барысында О.Янчук сол бір күндерден естелік әңгімелер айтты. Әсіресе, Курск үшін болған соғыстағы танкілер шайқасы жайлы тебірене сөйледі. Сонымен қатар, елеп-ескергендері үшін осынау шараға ұйытқы болған барлық жандарға алғысын жеткізді.

 

— Біз көрген кешегі соғыс өртін енді өскелең ұрпақ басынан өткермесін. Бейбіт заманға ештеңе жетпейді. Соғыс қашанда қиыншылықтар мен қайғы-қасіреттер ғана әкеледі. Бүгінгі күні сұм соғыста өзіммен қатар жүріп, қарулас болған жандардың ешқайсысы арамызда қалмапты. Бұл марапатқа курск үшін болған шай-қаста ерлік көрсеткен барлық майдангерлер лайық деп білемін, — деді О.Тимофеевна.

Жиын барысында сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева ҰОС ардагеріне барша жерлестері атынан ілтипат білдіріп, Курск шайқасына 70 жыл медалін салтанатты түрде өңіріне қадады және де өз сөзінің соңында Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесін бірге мерекелеуді жазсын деп тілек білдірді.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақовтың айтуынша, осыдан тұп-тура он жыл бұрын Курск доғасындағы майданға қатысқан ардагерлердің саны 70 шақты болатын. Бүгінде олардан екі адам ғана қалыпты.

Ал екінші майдангер Александра Доцукке бұл медальді үйіне апарып табыс етті.

Қ. ЖОЛЫМБЕТ.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

7 дней бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС