"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МҰҒАЛІМ — МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

06.10.2015
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің осынау қанатты сөзінің мәні зор. Ал аталған мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз.

Қазан айының алғашқы жексенбісі — ұстаздардың төл мерекесі. Жыл сайын дәстүрлі түрде қазан айының алғашқы күнінде аталып өтілетін мереке қарсаңында семейлік ұстаздарды қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы құттықтады.

 

{jcomments on}Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі Ермак Бидахметұлы  білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы саналатынын, бүгінгі қоғамда ұстаздар қауымының мәртебесі жоғары екенін атап өтті.

 

— Құрметті ұстаздар! Білім беру саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат сыйлайсыздар. Ұстаздың ғана бағытымен жас ұрпақ өзінің болашақ бағдарын айқындай алады. Ұстаз деген құрметті де игілікті мамандық иелерінің тәлімді тәрбиесі негізінде еліміздің өркендеп, алға басатыны анық. Мұғалімдер — өздерінің жеке өмірлерінің мәселелерін ысырып тастап, өзгелердің бақытын әрі келешегін ойлайтын мейірімді жандар. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Осы ретте ардагер ұстаздарға айрықша алғысымды білдіргім келеді. Себебі сіздер қаламыздың білім беру саласының өркендеуіне өзіндік үлестеріңізді қостыңыздар. Сіздер  осы күнге дейін аға буын мен жас ұстаздар арасындағы сабақтастықты сақтауда ақыл-кеңестеріңіз бен мол тәжірибелеріңізді бөлісіп келесіздер. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз уақытпен дәлелденген, — деді өз құттықтау сөзінде Ермак Бидахметұлы.

Сахна төрінде шаһар басшысы білім беру саласындағы үздіктерді қала әкімінің құрмет грамотасымен марапаттады. Атап айтқанда, Түрксіб жалпы орта мектебінің мұғалімі            А. Қалиев, № 9 орта мектептің ұстазы С. Масленникова, Приречный орта мектебінен                 О. Мұхамеджанова, № 32 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Саяхимова,   № 16 орта мектеп мұғалімі Ж.Нұрлыбаева, № 21 орта мектеп ұстазы М.Серікбаева және № 1 кешкі мектептің мұғалімі –                    К.Қайранбаев қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Ал №37 мектеп – гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Қуат Оразалин «Жылдың ең үздік ұстазы» болып танылды. Айта кету керек, Қуат Аманжолұлы «Жылдың үздік педагогі – 2015» республикалық байқауында жеңімпаз атанған еді. Кеш соңы балғын өнерпаздардың шағын концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

5 дней бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

5 дней бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

5 дней бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

5 дней бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

6 дней бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

6 дней бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС