"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙЛІК САҢЛАҚТАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

09.10.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

27 қыркүйек пен 3 қазан күндері Малайзияның Куала-Лумпур қаласында армрестлингтен (қол күрес) кезекті Әлем чемпионаты болып өтті. 37-ші мәрте ұйымдастырылған жаһандық біріншілікте әлемнің 68 мемлекетінен 800-ге тарта спортшы бақ сынап, кіл мықтылар анықталған. Жастар мен ардагерлер арасында өткен жарыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Ресейден кейін ІІ орынды еншіледі. Байрақты бәсекеде ұлттық команданың сапында 2 семейлік сайыпқыран өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан орын алған. Бұл орайда аталмыш жарыстан жүлделі оралған әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Ондархан Шылғауов пен Архат Тыныбаевтың қатысуымен қалалық ақпарат орталығында баспасөз мәслихаты өтті.

 

{jcomments on}Баспасөз мәслихатына Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, армрестлингтен қала құрамасының бас жаттықтырушысы Төлеген Сағатаев қатысты. 75 келіде ардагерлер арасында жарыс жолына түскен Ондархан Шылғауов баспасөз мәслихатында ақтық мәреге дейін жету оңайға түспегенін жеткізді. Дей тұрғанмен алпыстың асуынан асқан қарымы мығым ақсақал өзге елдің егде жастағы спортшыларына есе жібермей, ел намысын абыроймен қорғаған.

 

— Ең алдымен осындай дүбірлі додаға баруға демеушілік көрсеткен өңірімізге белгілі кәсіпкер Мұхит Тұмабаевқа айтар алғысымыз шексіз. Ал сайысқа келер болсақ, Әлем біріншілігі болғандықтан, ол жерге әркімнің жеңіске жетемін деп баратыны анық. Менің салмағымда 17 адам күш сынастық. Олардың арасында осалы жоқ. Әр кездесуім талас-тартысқа толы болды десем, артық айтқандығым болмас. Өзім осы қол күреспен 3 жылдың көлемінде шұғылданып келемін. Жасыратыны жоқ, мұндай бәсі мықты турнирде кәнігі спортшылармен тең дәрежеде иық тіресу қиынға соқты. Соған қарамастан, ел қоржынына олжа салдық. Өкінішке орай жаттықтырушымыз бізбен бірге бара алмады. Егер де бапкеріміз жанымызда болса, бәлкім, алтыннан алқа тағуымыз мүмкін еді. Алайда алдағы жарыстарда олқылықтарымызды ескеріп, жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын,- дейді О.Шылғауов.

Ал 21 жасқа дейінгі жастар арасында білек күшінің мықтылығын байқаған Архат Тыныбаев чемпионат барысында 5 кездесу өткізген екен. Жас спортшының айтуынша, оның салмағында да дүниежүзінің «сен тұр, мен атайын» дейтін оғландары жиналыпты. Араларында Жапония, Грузия және Ресей елінен әлемге әйгілі спорт саңлақтары болыпты. Дегенмен Архат қарсыластарының даңқ пен абыройларына қарамай, өзінің осал еместігін дәлелдей білген. Енді жерлес саңлақ келер жылы Болгарияда жалауын көтеретін Әлем чемпионатында топ жаруды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, қол күрестен шаһардың бас жаттықтырушысы Т.Сақатаев алдағы уақытта Польшада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткізілетін халықаралық додаға дайындықтарын жүргізіп жатқандықтарын атап өтті. Оған Семейден Данияр Тайменов есімді азамат аттанады деп күтілуде.

 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

3 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

3 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

6 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС