"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОЛАТ ТҰРЛЫХАНОВ ТУРНИРІНДЕ ЕЛ ҚҰРАМАСЫ ТОП ЖАРДЫ

13.10.2015
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

10 – 11 қазан күндері Семейде дәстүрлі түрде өтетін грек-рим күресінен Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыханов атындағы мемориалдық турнир өтті. Осымен 21 мәрте өткізілген байрақты бәсеке Дүниежүзілік біріккен күрес түрлері федерациясының күнтізбесіне еніп, халықаралық мәртебеге ие болған жарыстың жалпы жүлде қоры 66 мың АҚШ долларын құрады.

Семей төрінде төселген бозкілемге Иран, Оңтүстік Корея, Ресей, Грузия, Белоруссия,  Украина, Армения, Қытай, Литва, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерімен қатар Қазақстанның барлық облыстары мен Астана және қалаларынан келген жалпы жиыны 150-ге тарта балуан кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Тартысты белдесулер олимпиада ойындары бағдарламасына кірген – 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ дәрежесінде өтті. Тігілген жүлденің мөлшері қомақты болғаннен кейін бе, бұл турнирден бүгінде грек – рим күресінен есімі әлемге мәшһүр, жүлде алып, белес бағындырған біраз балуанды көруге болады. Айта кету керек, әр салмақта жеңімпаз атанған саңлақтарға — 5 мың, екінші орыннан көрінген спортшыларға – 3 мың, қола жүлдегерлерге — 1 мың АҚШ долларының сертификаты табыс етілді. Сонымен қатар жеңіске жеткен балуанның бапкері де 1 мың АҚШ долларына ие болғанын айта кету абзал.

 

{jcomments on}Дәстүрлі турнир еліміздің даңқты балуаны, жерлесіміз Дәулет Болатұлы Тұрлыхановтың тікелей бастамасымен өтіп келе жатқаны баршаға мәлім. Сондықтан болар дәуірінде Дәулет Болатұлымен бірге белдескен әлемнің бірқатар ардагер бозкілем шеберлері Семей қаласына құрметті қонақ болып келді. Атап айтқанда КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Еуропаның 2 дүркін чемпионы Сергей Демяшкевич, Әлем Кубогінің 3 дүркін иегері Владимир Григорьев, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Новаковский, Әлем Кубогінің 4 дүркін иегері әрі Еуропа чемпионы Бисолт Дециев, қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров мәртебелі меймандар қатарында еді. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов және Тұрлыхановтар әулетінің анасы Мәрзия Айтбайқызы да турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

 

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі Абай атындағы театр мен «Дариға-ай» жастар театрының әртістерінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Керей хан – Хан Жәнібек» қойылымынан үзінді ұсынды. Осыдан кейін, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Нұрлан Қойжайғанов, Әсет Мәмбетов,  Алмат Кебіспаев, Досжан Қартықов сынды    дарабоздардың ізін жалғастырушы балғын палуандар өз өнерін паш етіп жарыс қонақтарының қошеметіне бөленді.

Ал спорттық шараның ашылу салтанатында, педагогика ғылымдарының кандидаты,                       ҚР еңбегі сіңген ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері, Дәулет сынды батыр ұлды дүниеге әкелген алтын құрсақты ана Мәрзия Айтбай-қызы сөз алып, сайыскерлерге ақ жол тіледі.

— Құрметті спортшылар және спортсүйер қауым. Жыл өткен сайын Болат Тұрлыханов атындағы мемориалдық турнирдің өрісі кеңейіп, қатысушылардың саны артып келеді. Оны өткізуге қолдау білдірген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ШҚО және Семей қаласының әкімдігіне айтар алғысым шексіз. Дәстүрге айналған бұл жарыс жастардың спортпен айналысуына түрткі болады деген ойдамын. Бұл турнир арқылы жас балуандар шыңдалып, Жақсылық Үшкемпіров ағалары  сияқты олимпиада шыңын бағындырады    деген сенімдемін, —  деді ел анасы Мәрзия  Айтбайқызы.

Осыдан соң ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин көпшілік алдында аймақ басшысы Даниал Ахметовтің атынан Дәулет Тұрлыхановқа еліміздегі грек – рим күресінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқаны үшін ал-ғыс хат пен арнайы сыйлық табыстады.

— Құрметті жерлестер! Қадірменді қонақтар әрі сайысқа қатысушылар! Сіздерді осындай дүбірлі жарыстың салтанатты ашылуымен облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің атынан құттықтаймын. Осы мемориалдық турнир   талай мықты спортшыларының түлеп ұшуына ұйытқы болды. Дәулет Тұрлыхановтың еліміздегі күрес саласының дамуына қосқан үлесі ұшан — теңіз. Бүгінде даңқты жерлесімізді күллі әлемнің спорт майталмандары мойындап, оған құрметпен қарайды.  Құрметті Дәулет Болатұлы! Өңіріміздің спорт саласына, әсіресе күрес түрлерінің қарыштап дамуына қосқан еңбегіңіз бен жастардың салауатты өмір салтын ұстануына күш салғаныңыз үшін аймақ басшысы Д. Ахметов сізге алғысын білдіреді, — деген Дүйсенғазы Мағауяұлы арнайы алып келген сыйлығын Дәулет Болатұлына тапсырды.

ҚР еңбек сіңірген бапкері Болат Тұрлыханов атындағы мемориалдық турнир Семейде 1991 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін үзбей жал-ғасып келеді. Болат Тұрлыханов Семей өңірінде дүниеге келіп, 1956 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын тәмамдаған. Саналы ғұмырында талай сақа палуандарды баптап, жаттықтырған екен. «Әке көрген оқ жонар» дегендей, Болат ағаның сара жолын туған перзенті, КСРО-ның 7 дүркін чемпионы, Әлем және Еуропа чемпионы, Әлем Кубогінің                2 мәрте жеңімпазы Дәулет Тұрлыханов жал-ғастырды. Дода барысында асылдың сынығы, тектінің тұяғы жауырыны жерге тимеген балуаннан сұқбат алуға мүмкіндік туды.

— Семей күллі дүниежүзіне белгілі тарихи қала десем, артық айтпаспын. Осы өңірден талай нар тұлғалы азаматтар шыққаны баршаға аян. Өздеріңізге мәлім, Семейде спорт саласы жақсы жолға қойылған. Ал әкеміздің атындағы турнирге келер болсақ, ол 90 жылдардың басында алғаш рет ұйымдастырыл-ған еді. Жылдан-жылға біз бұл сайыстың деңгейін арттыруға күш салудамыз. Биыл 21-ші рет дәстүрлі түрде өткізіліп отыр. Әрине, кемшіліксіз болмайды. Дегенмен өздеріңіз көріп тұрғандай, өткен жылмен салыстырғанда турнирдің мәртебесі өсіп, қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. Әкеміз дүниеден өтсе де, оның атын өшірмеуге бар күш-қайратымызды салып, есімін ардақтауға тырысамыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»  дегендей, осы аламанның өтуіне қолдау көрсеткен ШҚО және Семей қаласының әкімдігіне алғысымды білдіремін, — деді даң-қты жерлесіміз Дәулет Болатұлы.

Сонымен қатар жақында ғана күрес түрлерінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жалауын көтерген жаһан біріншілігінде жерлестеріміз Алмат Кебіспаев пен Досжан Қартықов олжа салып, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына жолдама алғаны мәлім. Байрақты турнирдің барысында мәртебелі меймандардың арасынан табылған қос палуанға құрмет көрсетіліп,  Дәулет Болатұлы оғландарға арнайы сыйлық тарту етті.

— Жуырда Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өткен болатын. Өздеріңіз білетіндей, ел құрамасының екі балуаны Алмат Кебіспаев пен Досжан Қартықов  олимпиада жолдамаларын қанжығаларына байлады. Алмат та, Досжан да Семей өңірінің тумалары. Бұл өте қуантарлық жағдай. Осыған қарап, аймағымызда грек-рим күресі қар-қынды дамығанын пайымдай беруге болады, — деп нақтылады Дәулет Болатұлы.

Семейдің төрінде екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша, 59 келіде қырғызстандық Қаныбек Жолшыбеков, 66 келіде Оңтүстік Кореялық Рио Хансу, 75 келіде Мақсат Ережепов, 85 келі салмақ дәрежесінде семейлік Нұрсұлтан Тұрсынов, 98 келіде беларусиялық Александр Храбовик, аса ауыр салмақта сынға түсіп жүрген  ұлттық құраманың толағайы Нұрмұхан Тыналиев қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынды. Осылайша ел құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы».

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

3 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

5 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС