"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал Ахметов: ҮРЖАРДАН ДАМУДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ БАҒЫТЫН КӨРДІМ

13.10.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның соңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов Үржар ауданында болып, халықтың әлеуметтік жағдайымен, өңірде атқарылып жатқан жұмыс- тармен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда өсіп-өркендеудің өнегелі жолына түскен аудандар арасында Үржардың шоқтығы қашан да биік тұрады. Ауданды соңғы екі жылдан артық уақыттан бері есімі аймаққа белгілі азамат Серік Зинабекұлы Зайнулдин басқарып келеді. Үржардағы елдімекендер кейінгі жылдары қарқынды дамудың жолына түсіп, аудандағы әлеуметтік бағыттағы нысандар жұмысы жандануда. Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамында» ауыл шаруашылығын, елдің экономикасын өркендетуге ерекше мән берілсе, аймақ басшысы Үржар ауданында болған жұмыс сапарында осы орайда атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп танысты. Дамудың даңғыл жолына түскен аудан еңбеккерлерінің еңбегіне оң бағасын берді.

 

{jcomments on}Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын ең алдымен Жанай елдімекенінің оңтүстік батысынан салынатын, құны 16,3 млрд. теңге тұратын болашақ құс фермасының жоба жоспарымен танысудан бастады. Шикізат базасын дамыту, тамақ өндірісін молайту —  Мемлекет басшысы соңғы жылдары ерекше назарда ұстап отырған мәселелердің бірі екені белгілі. Құс фермасын салу ісі де Елбасы тапсырмаларын орындау жолында қолға алынған игілікті істердің бірі. Облыс әкімі тек өнім өндіріп қана қоймай, ауыл халқын жұмыспен қамтуға мүмкіндік ашатын болашақ кәсіпорынның жоспарына байланысты аудан әкіміне:

 

— Сіздердің  бұл  кәсіпорынды ашу тұрғысындағы жоспарларыңыз дұрыс, бізге өте қажет нәрсе. Алайда таңдап алынған жерлеріңіз елдімекеннен алыс орналасқан. Жолын, суын, электр энергиясын, кәріз жүйесін тарту және 900 жұмысшының күнделікті қатынауы қосымша шығын болып кетеді. Сол себепті мұндай жылдық өнімділігі 30 мың тонна болатын кәсіпорын ауылдың іргесінде болуы тиіс, — деп өз пікірін білдірді және ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин мен ШҚО ауылшаруашылығы бас-қармасының басшысы Дүйсенбай Селихановқа жоспарланған құрылысты жүргізу үшін бір апта ішінде ауыл маңынан басқа жер телімін іздеп табуды тапсырды.

Соңғы уақытта аудан әкімінің агроөнер-кәсіппен айналысушыларға мал шаруашылығы саласында санға емес, сапаға көшіп, етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал өсіруге көңіл бөлу қажеттігін жиі айтатыны тұрғындар  назарынан тыс қалып отырған жоқ. Бұл орайда, ауданда қолға алынып жатқан игілікті істер де жетерлік. Солардың бірі — ет экспорты көлемін арттыру жолында жұмыс жасап жатқан «Алғабас» шаруа қожалығы. Қожалықтың «Абердин Ангус», «Шаролье» асыл тұқымды ірі қара малын көрген аймақ басшысы:

— Алдағы уақытта Аякөз ауданынан ірі ет қабылдау комбинаты салынады. Өнімдеріңізді сол комбинатқа апарып  өткізетін боласыздар, — деп аудан әкімі Серік Зинабекұлына осындай ірі шаруашылықтарды қолдап, одан әрі дамуына және жем-шөп азығын да өздері дайындауы үшін 1000 гектар суармалы жер беру керектігі жайлы нақты тапсырма берді.

Келесі кезекте «Бәтуә» ЖШС-нің соя өсіру алқабында болып, агротехникалық іс-шаралармен танысқан облыс әкімі алдағы уақытта егін егуде тек бір ғана өнім түрімен шектеліп қалмай,  дақылдың  басқа да  түрлерін  өсірумен айналысып, аудан әкімімен бірлесе отырып, жобасын жасап, мал шаруашылығын дамыту қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, Үржар ауданында «Бақты-Таскескен» республикалық тас жолының бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «ДорСтрой LTD» ЖШС жұмысымен танысып, мердігерлерге нысанды уақытында беруді тапсырды.

Бүгінде ауданда егін шаруашылығын дамыту мақсатында үш ірі су қоймасына, сонымен қатар магистральді каналдарға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солардың бірі «Жаңа тілек» ауылында орналасқан екі ауылдық округтің 2692 гектар алқабын сумен қамтамасыз ететін сыйымдылығы 31,5 млн.м3 болатын «Егінсу» су қоймасы. Су қоймасының құрылыс барысымен толықтай танысқан облыс басшысы Даниал Кенжетайұлы оң баға беріп, жұмысты кідіртпей уақытында өткізуді тапсырды.

Облыс басшысы аудандағы жылына жалпы көлемі 30 мың тонна өнім өндіретін, 70 түрлі шұжық, 6 түрлі нан өнімдерін тұтынушыға ұсынатын іргелі кәсіпорындардың бірі «Швабские колбаски» ЖШС-не де ат басын бұрды. Қазақстанда дайындалатын сапалы өнімдердің нарықта өз орынын табуы бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі екендігі белгілі. Кәсіпорын жұмысымен танысқан Даниал Кенжетайұлы «Алдағы уақытта да осы істеріңізді жалғастырып, халықты сапалы өнімдеріңізбен қамтамасыз ете беріңіздер!» деген тілегін айтты.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, өзімізде өндірілетін өнімдердің орынсыз қымбаттауына жол бермеу мәселесіне байланысты Жанай ауылдық округінде «Заря» шаруа қожалығының сыйымдылығы 400 тонна болатын тұрақтандыру қорына аялдап, картоп өнімдерін сұрыптау сәтін көрді.

Даниал Ахметов жұмыс сапарында аудандағы құрылыс саласын да назардан тыс қалдырмады. Алдымен аудан орталығындағы 27 пәтерлік тұрғын үйді аралап, мұндай үйлерді Үржар сынды экономикасы жақсы жолға қойылған, халық тығыз қоныстанған   ауданға көптеп салу керектігін айтты. Сонымен қатар мердігерлердің жауапкершілігі жоқтығынан біраз уақыт тұралап қалған Үржар ауылындағы 320 орындық мектеп құрылысына да тоқталып өтіп, ағымдағы жылдың 5-ші қазанынан бастап сақалды құрылысқа жан бітірген «Алау» ЖШС-не бұдан әрі жұмысты тоқтатпай тездетіп аяқтауды тапсырды.

Науалы және Үржарда  екі шулы құрылыс нысаны бар. Соның бірі Науалы орта мектебі, бүгінгі таңда пайдалануға беру туралы актісіз жұмыс істеуге мәжбүр болып тұр. Өйткені мердігер шатыр мен абаттандыру жұмыстарын аяқтамаған. Бірнеше мәрте қаралған  сот отырыстарынан соң, мердігер айып төлемін төледі, бірақ мектеп құрылысы сол аяқталмаған күйі қалған.

– Бұл мәселемен де айналысатын боламыз, — деді Даниал Ахметов. – «Нагел» ЖШС-нің басшысы Валерий Гвоздев мырзаның жауапсыздығынан мектеп аяқталмай қалды. Ал, балалар болса өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп, аяқталмаған мектепте білім алуға мәжбүр. Бұл сияқты жағдайлар  бізде аз емес. Жалпы Шығыс Қазақстанда 118 нысан аяқталмай тұр. Жауапкершілігі төмен кәсіпкерлерге айтарым, өз бастаған істерін аяқтаулары керек.

Облыс әкімі 28 млн. теңгеге қайта жаң-ғыртудан өткен Үржар ауылындағы орталық жылу қазандығының жұмысымен танысты. Мұнда үш жылу қазандығы орналасқан, әрқайсысы 7 мың шаршы метр аумақты жылытуға қауқарлы екендігін құрылыс басшысы А.Зарипов айтып өтті. Даниал          Кенжетайұлы:

-Бұл өте дұрыс, ең алдымен қатты отынға ауыстырғандарыңыздың  нәтижесінде шығынды азайтып, электр энергиясын үнемдейтін боласыздар, — деді.

Елбасының  бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамындағы»  60-қадамда сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту, үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдердің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше мән берген болатын. Облыс әкімі Үржар ауылының орталығындағы «Арыстанбек Үржар» ЖШС-нің «Ақ қайнар» дүкені орналасқан сүт қабылдау орталығына тоқтады. Сүт қабылдау орталығының қуаттылығы тәулігіне 1 тонна сүт өңдеп, 14 түрлі өнім шығарады. Аймақ басшысы:

— Алдағы уақытта осындай шағын цехтардың санын арттыруымыз керек. Өйткені, табиғи өнім мектептегі, балабақшадағы тәрбиеленушілердің денсаулығының жақсы болуы үшін маңызды, — деді.

Ауданда соңғы уақытта сәулетті құры-лыстар қатары көбеюде. Солардың бірі — Үржар ауылының шығысында 9 гектар аумаққа «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен басталған «Дега» ЖШС-нің мейрамхана, сауда орталығы, көлік базары, қонақ үй құрылысына аялдаған облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы ауыл-аймаққа сән беретін осындай әлеуметтік нысандардың көп болуы керектігі жайлы пікірін білдіріп өтті.

Облыс әкімінің келесі аялдаған жері ауданға 900 млн. теңгеге жуық инвестиция құйған «Бақ-Тұр» ЖШС болды. Мұндағы жұмыс барысымен танысқан Даниал              Ахметов:

— Мен талай елді аралап, талай  жерлерді көріп жүрмін. Барлық жағдайы жасалған ауданды алғаш көруім, — деп таңғалғанын жасырмады.

Облыс әкімінің аудан халқымен өткен жылы кездесулердің бірі – Науалы ауылындағы балалар үйінде және Үржар балалар психоневрологиялық емдеу-әлеуметтік мекемесінде болды. Аймақ басшысы екі орталыққа да түрлі-түсті теледидар сыйға тартты. Науалы балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесуінде алдағы уақытта компьютерлік сынып ашып беретінін жеткізіп, бүлдіршіндердің еш кедергісіз жақсы білім алулары керектігін ұстаздар қауымына баса айтты. Бұл балалар үйінің тәрбиеленушілері бүгінде үш тілді белсенді түрде меңгеруде екен.

Ал Рысхан Жанкүшікова басқарып отырған Үржар балалар психоневрологиялық емдеу-әлеуметтік мекемесі «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өмірден ерте озған кәсіпкер Нұрлан Қаппаровтың қаржысына 2011 жылы салынған болатын. Аталған емдеу мекемесінің жұмысымен танысқан Даниал Кежетайұлы «Алдағы уақытта облыс орталығынан дарынды, бірақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу орнын ашамыз. Бұл балалар қоғамнан шет  қалмай, тіршілікке бейімделіп,  еңбек етулері тиіс.  Бұл жерде сіздердің үлестеріңіз әрқашан да жоғары болуы керек» деп жылы лебізін білдірді.

Осылайша бір күндік жұмыс сапарын қорытындылаған облыс басшысы Даниал Ахметов: «Аудандарыңыздың болашағы зор екен, дамудың жан-жақты бағытын көрдім» — деп, аудан әкімі Серік Зайнулдиннің жұмысына оң бағасын берді.

ТІЛШІ ТҮЙІНІ: Ұлан-ғайыр кең байтақ қазақ даласында әлі тарих қойнауында сыры ашылмай жатқан, ажарлы айшықтары мол жерлер көп-ақ. Соның бірі  «Үржар ханшайымы» атанған «Алтын адам» табылған, Қаракерей Қабанбайдың кіндік қаны тамған, «жері шұрайлы, малға да, жанға да жайлы жер екен» деп желмая мініп жер шалған Асан қайғыны тамсандырған, суы дертке дауа, айдынды Алакөлі бар Қазақстанның шығысындағы Үржар ауданы. Сонау көне дәуірдің асыл сынықтары сақталып, ғажайып құпиясы әлі де толық ашылмаған Үржар  өңіріне ат басын бұрып келген әрбір адам баласының ерекше әсерде қалатыны сөзсіз. Бұл өңірдің  кез-келген адамды өзіне тартатын сиқырлы құдіреті, жұпар иісті саф таза ауасы, тұңғиық табиғаты ерекше.

Бағзы заманнан бері бірлігі жарасқан, әсем табиғатымен қашанда айшықталып тұратын, ұлттық болмыс пен қазақы әдет-ғұрыптарымыз берік сақталған  бұл өңір  — киелі жер, текті ел, тамыры тереңде жатқан тарихи мекен. Ұлттық бесігіміз — ауыл гүлденсе  бүкіл еліміз өркен жаяды. Осыны жақсы сезінген аудан тұрғындары өздері тұрып жатқан жерді иран бағына айналдыру жолында барлық күш-жігерлерін жұмсауға ынталы. Соңғы жылдары Үржар ауданы гүлге көмкерілген көрікті аудандардың біріне айналған. Бұл орайда бүгінгі аудан басшысы Серік Зинабекұлының үлесі ерекше. Жергілікті халықтың аудан басшысын өзара «гүл әкім» деп атауы тек гүлдендіру ісіне байланысты емес, ел мен жердің, халықтың әлеуметтік жағдайларын жақсарту тұрғысында атқарған жұмысына сүйсінгендіктің, разылықтың белгісі болса керек. Үржар ауданының бүгінгі тіршілігі көпшілікке үлгі боларлықтай. Облыс әкімі Даниал Ахметов те ауданда болған іс сапарында атқарылған жұмыстарды өз көзімен көріп, көңілге көрікті ой түйді, лайықты бағасын берді.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Алакөл жағалауында – демалушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер

21.06.2025
Алакөл жағалауында – демалушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер

Semeytany.kz – Абай облысындағы Алакөл көлі – еліміздегі ең көрікті әрі туристік әлеуеті жоғары демалыс орындарының бірі. Биылғы маусымда көл...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Шар қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

20.06.2025
Облыс әкімі Шар қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Жарма ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Шар қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды...

Толығырақ...Details

Семей қаласының қоғамдық көлік паркі 44 жаңа автобуспен толықты

20.06.2025
Семей қаласының қоғамдық көлік паркі 44 жаңа автобуспен толықты

Semeytany.kz – Ертең өтетін «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы қарсаңында Семей қаласының қоғамдық көлік жүйесі 44 заманауи автобуспен толықты....

Толығырақ...Details

Абай облысында интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

20.06.2025
Абай облысында интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Semeytany.kz – 2024 жылы Абай облысында мыңға жуық тұрғын интернет алаяқтардың құрбанына айналған. Құқық қорғау органдары тұрғындарды алаяқтықтың жаңа түрлеріне...

Толығырақ...Details

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің шекарашылары шекара тәртібін бұзу фактілерінің алдын алды

20.06.2025
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің шекарашылары шекара тәртібін бұзу фактілерінің алдын алды

2025 жылғы маусым айының ортасында Абай облысы аумағындағы шекаралық бақылау бөлімшелерінде бірнеше заңбұзушылық анықталды. Есірткі заты тәркіленді: 15 маусым күні...

Толығырақ...Details

Облыс эпидемиологтары құтырма дертінің алдын алу маңыздылығын ескертті

20.06.2025
Облыс эпидемиологтары құтырма дертінің алдын алу маңыздылығын ескертті

2025 жылы Абай облысында адам құтырмасына шалдығудың алғашқы дерегі тіркеліп, қайғылы жағдаймен аяқталды. Аурудың себебі — иттің тістеуі. Оқиға ауылдық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алакөл жағалауында – демалушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер

14 часов бұрын

Облыс әкімі Шар қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

2 дня бұрын

Семей қаласының қоғамдық көлік паркі 44 жаңа автобуспен толықты

2 дня бұрын

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы басталды

2 дня бұрын

Абай облысында интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

2 дня бұрын

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің шекарашылары шекара тәртібін бұзу фактілерінің алдын алды

2 дня бұрын

Облыс эпидемиологтары құтырма дертінің алдын алу маңыздылығын ескертті

2 дня бұрын

Абай облысында халықаралық деңгейдегі «Абай оқулары» басталды

2 дня бұрын

Суықбұлақ ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен кездесті

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС