"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІ ҮРЖАР АУДАНЫНДА

17.01.2014
ОБЛЫС ӘКІМІ ҮРЖАР АУДАНЫНДА
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Ерекше назарды шекарамен шектес аумақтарға аударған жөн. Олардың әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Оларды  өмір сүруге қолайлы ете түсу қажет. Үкімет облыстардың әкімдерімен бірлесіп, 2013 жылы шекарамен шектес аудандарды дамыту жөнінде қосымша шаралар кешенін әзірлеуі қажет» деген болатын. Аймағымыздағы шекаралас аудандардың бірі Үржар өңірі қай жағынан алып қарасақ та, уақыт талабымен алға басып келе жатқан өңірлердің бірі. Экономикасы заман талабына сай дамып, инновациялық жоспарлары орындалып, елді мекендерде әлеуметтік нысандар күрделі жөндеулерден өтіп, жаңа ғимараттар салынуда. Аудан көлемінде  ауыз толтырып айтарлықтай жақсы істер жетерлік.

Сәрсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Үржар ауданында жұмыс сапарымен болып, алдымен Таскескендегі мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатысты.  Бұл ауылдағы мәдениет үйі тоқсаныншы жылдардан бері күтім көрмей қаңырап, аңғал-саңғал болып тұрған.  Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тікелей ықпалымен жөндеу жұмыстары  үстіміздегі жылдың шілде айында басталып, алты айда толық аяқталған болатын. Ғимараттың  халық игілігіне берілуіне ұйтқы болған ең алдымен облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы болса, құрылыс барысы аудан әкімі Серік Зайнулдиннің қатаң бақылауында болды.

Аталған мәдениет ошағының  қысқа уақытта та-лапқа сай жөнделуі  осы өңірде бірнеше жылдардан бері құрылыс  жұмыстарын  атқарып келе жатқан Күләш Ақашеваның «Терме ОСТ» ЖШС еңбегінің нәтижесі деп айтуымызға болады. Жалпы, құрылысқа тапсырыс беруші  Үржар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Конкурс бойынша құрылыс жұмысына құны 91 млн. 958, 515 мың теңге бөлініп, қаржы толық игеріліп, сапалы аяқталды.Бұл күнгі  таскескендіктердің қуаныштарында шек жоқ. Бердібек Мәшбекұлы ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ең алғаш осы ауылға келгенінде халықтың өзіне осы    мәдениет ошағының жөнделуіне көмек көрсетуді аманат еткендері есінде екенін айтты:

 

-Осыдан 4 жыл бұрын өздеріңіз менен осы нысанды жөндеуден өткізіп беруді сұраған едіңіздер. Міне, соның сәті енді келіп, мынадай жарқыраған кең      сарайға кіріп отырсыздар. Бұл да болса еліміздің еңсесінің көтеріліп, мемлекетіміздің жаңа белестерді бағындыра бастағаны деп білеміз. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының   арқасы,Тәуелсіз мемлекетіміздің өркендей бастағаны деп түсінген жөн, — деді.

 

Ауыл тұрғындарының атынан зейнеткер ана Рысхан Жәмекеева жылы  лебізін білдірді. Лента қиылып, Күләш Ақашқызы символдық кілтті мәдениет үйінің басшысына ұсынды. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев, аудан әкімі Серік Зайнулдин бастаған қонақтар ғимарат ішін аралап, екінші қабатта  ұйымдастырыл-ған  жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларымен, кәсіпкерлік бөлімінің тарапынан  қойылған жергілікті тауар өндірушілердің өнім үлгілерімен танысты. Онда «Шваб шұжықтары», «Алғабас», «Үржар-пласт», «Идеал-строй» сынды кәсіпорындар  шығарған өнімдер ауданның бүгінгі тыныс — тіршілігінен хабар бергендей.

Бердібек Мәшбекұлы Мәдениет үйінің ішіне орналасқан ХҚКО-ны аралады, халықпен тілдесіп, жай-күйлеріне қанықты, осындағы «Ардагерлер бөлмесіне» бас сұқты. Кең де жарық бөлме ішіне ардагерлердің  демалуына  да  қолайлы жағдай жасалған. Жайлы жұмсақ жиhаздар, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы тақталары қойылған. Бөлме төріндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз ардагерлердің қадірін арттыруды басты мұрат санаған елдің ұрпағымыз», деген сөздері оларға деген жылылықты, қамқорлық пен сыйластықты еселей түскендей. Облыстық мәслихаттың депутаты Рысхан Жанкүшікова, ауылдағы ардагерлер кеңесінің төр-ағасы Шаймардан Кәкімжанов, зейнеткер Қамария  апалар облыс пен аудан басшыларының қарттарға  жасаған осындай қамқорлық ісіне үлкен ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды алғыстарын арнады.

— Міне, бұл жер сіздердің бір-біріңізді көріп,әңгіме-дүкен құратын, демалатын, сұхбаттасатын орындарыңыз,-деді облыс басшысы,-Елге еңбектеріңіз сіңді, бала-шағаларыңыз аяқтанды. Енді арқаны кеңге     салып тынығыңыздар. Сол үшін де осы «Ардагерлер бөлмесін» ашып отырмыз.

Бұдан  кейін Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі Азади Жүнісовтің жылдық қорытынды есебі тыңдалды.  Таскескеннің «2013 жылғы әлеуметтік — экономикалық дамуы  және 2014 жылға арналған міндеттері» тұрғысындағы  баяндамасында атқарылған істерді  саралап өтті. Жалпы, Таскескен ауылы аудандағы үш тірек ауылдың біреуі. Ауылдың кешенді дамыту     жоспарына сәйкес 2012- 2014 жылдарға құны 490,0 мың теңгеге 45 жоба жүзеге асып, 155 жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 39 жоба жүзеге асып, 143 жұмыс орындары ашылған. Қалған алты жоба биылғы жылдың ен-шісінде. Ал «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры арқылы Таскескенге жалпы құны 150 млн. теңгелік жобаның құжаттары дайындалып жатқан көрінеді. Ал ауыл ша-руашылығы мен кәсіпкерлік саласында құны 27,2 млн. теңгеге 15 жоба орындалған. Бұдан кейін Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі А. Жүнісов әкім тарапынан көрсетілген  көмектерге тоқталды. Шынында да, мұнда жуырда ғана өрт сөндіру автокөлігі алынған, «1221» маркалы трактор берілген, «Темірбанкінің» банкоматы орнатылған. Бұдан өзге «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларына, «Үржар-колледж» жатақханасының, оқу корпустарының  күрделі жөндеуден өтуіне қомақты қаржы бөлінген. Аудан әкімі С.Зайнулдиннің тікелей ықпалымен көшелер жарықтандырылып, жолдар жөнделе бастаған.

Жарыссөзге ауыл тұрғындары Күлай Шайдоллақызы, Мейірхан Айтқазин, Марат Шәкәрімов тағы басқалар шығып, ауыл әкімінің жұмысына қатысты өз көзқарастарын білдіріп, жиналғандардың   көпшілігі округ әкіміне «қанағаттанарлық» деген бағаны лайық деп санады.

Ауыл тұрғындары  тарапынан түскен сауал-дарға аудан әкімі Серік Зинабекұлы жауап берді.

— Жалпы, облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы мені осы қызметке тағайындаған кезде Таскескен, Мақаншы өңірлеріне қатты көңіл бөлуімді тапсыр-ған болатын. Сіздердің ауылдарыңызда атқарылған барлық шаруаның басында облыс басшысы  тұр деп біліңіздер. Үржар ауданы бойынша «Жұмыспен қамту-2020», «Үдемелі  индустриалды  инновациялық даму» ,«Бизнестің  жол  картасы — 2020» ,«Өнімділік-2020»,  «Агробизнес-2020»,  «Өңірлерді дамыту»,   «Ақбұлақ», «Қол жетімді баспана-2020», «Дипломмен ауылға», «2011-2015 жылдарға ар- налған  Үржар ауданының даму бағдарламасы» және «Тірек ауылдарын дамыту»  бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бұдан Таскескен де сырт қала алмайды. Әлі де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бізге жүктеген тапсырма-   ларын орындау барысында сіздер мен біздер биік белестерді бағындырамыз деп ойлаймын, -деді Серік Зинабекұлы.

— Байқап отырмын,ауданда да, ауылда да көптеген жұмыстар атқарылған,-деді облыс әкімі Бер-дібек Мәшбекұлы, —  Үржар ауданын басқаруға біз аса тәжірибелі, бұған дейін Катонқарағай, Зайсан аудандарын басқарған Серік Зинабекұлы Зайнулдинді  жіберген едік. Аз уақыттың ішінде ол талай істің басын қайырған. Оған көз жеткізіп отырмыз. Кемшіліксіз болмайды, әрине. Соны дер кезінде жойып отыруымыз керек. Ел боламыз десек,  тырнақ астынан кір іздемей, шешілмей жатқан мәселелерді бірге шешудің жолдарын қарастыру керек. Өз ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Қазір Үкімет тарапынан қолдау бар, бағдарламалар жетерлік. Тек соны ұқсата білуіміз қажет,-деді облыс бас-шысы.

Бердібек Мәшбекұлы жоғарыдағы өткен кез-  десуден кейін  «ОСТспецстрой» ЖШС-інің салып жатқан екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы  мен «Үржар колледжінің» аяқталмаған күрделі жөндеу құрылысының жұмыстарымен танысты. Бұл    нысандарда  жұмыс қарқыны бәсең, құрылыс жұмысы мандымай тұрғаны аймақ басшысының назарынан тыс қалған жоқ.

Бұдан кейін облыс әкімі Айтбай ауылындағы 130 орындық орта мектептің ашылу салтанатына қа-тысты. Мектеп қос қабатты, құрылысы 2011 жылы басталған. Бас мердігер «Үржар ПМК-1» ЖШС. Бұл ғимарат та мерзімінен кешігіп, «сақалды құрылыстардың» қатарына кіре бастағанда аудан басшылығына  Серік Зинабекұлы  келіп, алғашқы күннен  бақылауында ұстап, жылдам аяқталуына тікелей, ықпал етуінің арқасында тәмамдалған. Ауыл жұртшылығы жаңа мектеп үйінің алдына тайлы-таяғы қалмай жиналып, ән мен жырдан шашу   шашылды. Салтанатты шарадан соң облыс басшысы Б. Сапарбаев, аудан әкімі С. Зайнулдин бастаған азаматтар мектеп ішін аралап, сынып бөлмелеріне де кірді. Бердібек Мәшбекұлы оқушылармен тілдесті.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев   республикалық, облыстық, аймақтық, аудандық БАҚ өкілдерімен бірге жуырда ғана (3 қаңтар) жылу қазандығының апатты жағдайға ұшырауына байланысты болған төтенше жағдайдың  бүгінгі жай-күйімен танысу үшін Үржар аудандық ауруханасына келді. Аудан азаматтарының бір тәулік ішінде жылу қазандығын қалпына келтіргендігін,                     ел-жұрттың ұйымшылдығына тәнті екендігін      жасырмады. Аурухананың терапия бөліміне кіріп, стационардағы науқас жандармен тілдесіп, палаталардағы жылу  мөлшерін байқады. Бас дәрігер Жексенбай Бәуенұлының айтуынша, барлық бөлмелерде 20-22, ал перзентханада 24 градус  жылылықты  көрсетіп тұр.

Үржар ауылындағы 320 орындық мектеп құрылысы. Бас мердігер «ОСТспецстрой»  ЖШС-і. Мұнда да құрылыс жұмыстары тоқтап тұр . Бөлінген 771 млн. теңгенің әзірше 210 млн. теңгесі игерілген, алайда құрылыс жұмыстары батпаққа батқандай тұралап, орнынан қозғалар емес. Облыс әкімі жауапты адамдарға шұғыл түрде шара қолдануды тапсырды. Ал мектеп үйінің құрылыс жұмысы биылғы жылдың тамыз айында аяқталып, оқушыларды қабылдауы керек.  Керісінше, Бестерек ауылындағы дәрігерлік амбулатория үйі өте сапалы аяқталып, осындағы барша халықты қуантып отыр. Құры- лысты Талғат Дәрібаевтың «Шарорда» ЖШС жүргізген.  Құны 150,2 млн. теңге. Биыл Үржар ауданында осындай  4 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Оның екеуін «Шарорда», екеуін Серікболат Бейсекенов басқаратын «ЦАРП» ЖШС тәмамдап, жұртшылықтың алғысына бөленген.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  ауданға келген осы сапарында  Бестеректегі амбулаторияның да ашылу салтанатына қатысты. Шашу    шашылып, ән мен күй мұнда да әуеледі, ақ жаулықты аналар, қазыналы қариялар осы іске бастамашы болған азаматтарға алғыс сезімдерін білдіріп, риза болысты.

Сөйтіп, бір күнде Үржар ауданында үш нысанның ашылу салтанаты болып өтті. Мұны еліміздің еркіндік алып, еңсесін тіктегені, Елбасының елге жасаған ерекше қамқорлығы деп қабылдады  тұрғындар.

 

Берікхан ТАЙЖІГІТ,

“Семей таңы”

Ұқсас жаңалықтар

Шекара қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

19.05.2025
Шекара қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде тек заңға сай жолмен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспарын таныстырды

17.05.2025
Облыс әкімі өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспарын таныстырды

Семейдегі Абай театрында облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өңірдің алдағы жылдардағы дамуына арналған жиын өтуде. Аймақтың білім, денсаулық сақтау, мәдениет,...

Толығырақ...Details

Семейде «Инвесторлар үйі» ашылады

17.05.2025
Семейде «Инвесторлар үйі» ашылады

Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспары туралы баяндамасында аймаққа инвестиция тарту мәселесіне айрықша тоқталды. 2028 жылға дейін...

Толығырақ...Details

Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі моделі әзірленді

17.05.2025
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспары туралы баяндамасында ауыл шаруашылық саласындағы жобаларға тоқталды. Биыл облыста ауыл шаруашылығы...

Толығырақ...Details

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

17.05.2025
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл жөнделетін 11 мектеп қатарында Аягөз, Үржар, Семей,...

Толығырақ...Details

Алакөл жағалауы абаттандырылады

17.05.2025
Алакөл жағалауы абаттандырылады

Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспары туралы баяндамасында туризм өңір экономикасының маңызды бағытына айналуы тиіс екенін атап...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Шекара қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

4 часа бұрын

Облыс әкімі өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспарын таныстырды

2 дня бұрын

Семейде «Инвесторлар үйі» ашылады

2 дня бұрын

Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі моделі әзірленді

2 дня бұрын

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

2 дня бұрын

Алакөл жағалауы абаттандырылады

2 дня бұрын

Семейде 1 мың гектардан астам аумақты қамтитын жаңа ықшам ауданы салынады

2 дня бұрын

Семейде жаңа мәдени нысандар салынады

2 дня бұрын

Семейде облыстық көпсалалы аурухананың іргетасы қаланды

2 дня бұрын

Абай облысында соңғы қоңырау 23–24 мамырда өтеді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС