"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМ НЫҒАЯ ТҮСТІ

22.01.2014
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнаған күннің ертеңінде  Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдин Бестерек ауылдық округінде еліміздің басты құжатын тал-қылауға байланысты Бестерек, Ақжар ауылдарында актив өткізіп, соңынан кесте бойынша округ әкімдерінің есептерін тыңдады. Ол  биылғы «Қазақстан жолы-2050»:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталып, әр сала бойынша басым бағыттарын түсіндірді.

— Елбасының жыл сайынғы Жолдауларының әрқайсысының орны бөлек, айтар ойы мағыналы, ел тағдырын шешетін құнды құжат.

 

Елдің еңсесі Елбасымен биік. Жолдаумен танысқан әр азаматтың болашаққа деген сенімінің нығая түсетіні анық. Өйткені, мақсат айқын: ол әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу. Ол күн де алыс емес. Енді бір 5 жылда мемлекетіміз адам танымастай өзгереді. Оның жарқын дәлелінің бірі – «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбетін айқындау. 2050 жылға дейін 35 жыл қалды. Яғни, 7 бесжылдық. Бұл көп уақыт емес. Қазақстан халқының бұл межеден де табысты өтетіні анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев«Мәңгілік ел» идеясы тақырыбын жақсы көтерді. Халықтың әлеуметтік тұрмысының жыл сайын арта түсетіні ақиқат. Мәселен, Елбасы аталмыш Жолдау-да бірқатар сала қыметкерлерінің  еңбекақыларының біртіндеп өсетінін айтты. Атап айтқанда, 2015 жылдың    1 шілдесінен мұғалімдердің жалақысы 29 пайыз, денсаулық саласының айлығы 28 пайыз, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 40 пайыз өсетінін жеткізді. Сол сияқты, өздеріңізге мәлім, Елбасы еліміздің болашағы студенттердің де шәкіртақылары 2016 жылдан бастап                 25 пайызға көбейетінін айтып өтті,-деді аудан әкімі Серік Зинабекұлы. Сондай-ақ, Азаматтық қызмет туралы  тұжырымдаманың да жуық арада жасалатынын, елімізде атом электростанциясы құрылыстарының қолға алынатындығын, елдің күре тамыры- жолдарды жасаудың жылдамдатып қолға алынатындығын тілге тиек етті. Жолдауда  «Астана-Қарағанды-Алматы», «Астана-Павлодар-Өскемен», «Алматы-Қапшағай-Өскемен» бағыттарындағы автострадалардың да жуық арада салынатыны айтылған.

 

— Өздеріңізге мәлім, -деді аудан басшысы,  1989 жылы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілгеннен бері  біршама істің басы қайырылды. Қазақ тілі қарым-қатынас тілінен мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді. Бүгінде өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген, оны үйреніп сол тілде  сөй-леуге деген құштарлығы, ынтасы мен ықыласы өте үлкен. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев осы Жолдауында қазақ тілінің дамуына  2010 жылдан бері 10 млрд. теңге бөлінгендігін, соның арқасында қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға артқанын,  «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру одан әрі жалғасатынын, сол үшін елді мекендердің барлығында сәбилерге арналған балабақшалардың салынып,   Президентіміз 2020 жылға қарай 3 жас пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің мәселесі 100 пайыз шешілетіндігіне тоқталды.

Осылайша аталмыш құжат жария болған күннің ертеңіне  аудан әкімі Серік Зайнулдин биылғы «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдаудың басым бағыттары мен ерекшеліктерін жұртшылыққа сала-сала бойынша түсінікті тілмен баяндап берді. Бестерек, Ақжар ауылдық округтерінің халқы Елбасының биылғы Жолдауының мақсат-мүддесінің жұрт тілегімен үндесіп жатқанына тағы бір рет көз жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

11 часов бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

5 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

6 дней бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

6 дней бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

7 дней бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

7 дней бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС