"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТҰРАҚТЫ

22.01.2014
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде әлеуметтік тұрақтандыру қорының ұйымдастырылып,  жұмыс істей бастағанына биыл үш жыл болды. Бұрынғы жылдарға қарағанда ағымдағы жылы аталмыш қор қызметі біршама ширап келеді. Халыққа сапалы қызмет көрсетуде де жетістіктер мол. Мәселен, өткен жылдың осы мерзімінде қала бойынша 22 нысанда қызмет көрсетілсе, биылғы жылы олардың саны 40-қа жеткізілді.

— Биылғы жылы аймақтық тұрақтандыру қорының өнімдерін сауда нүктелерінің өтініштері бойынша «Шығыс самғау» ЖШС жеткізетін болады. Тұтынушыларға қызмет көрсететін нысандардың мекенжайлары нақтыланды. Ал тауар өткізуге келер болсақ, қазіргі күні қалада азық-түліктің мол қоры бар. Қыс қандай ауырлық әкелсе де тапшылық сезілмеуі тиіс. Әлеуметтік маңызға ие деп саналатын 9 өнімнің түрі бойынша арнаулы сауда орындары қызмет көрсететін болады, — дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сауда секторының меңгерушісі Әмина Сыздықпаева.

Биыл семейліктер үшін әлеуметтік тұрақтандыру қорынан бөлінетін тауарлар ішінде 700 тонна қант, 400 тонна күріш, 54 тонна қарақұмық, 1000 литр өсімдік майы, 2200 тонна картоп, 450 тонна сәбіз, 700 тонна қырыққабат, 150 тонна қызылша бар. Көкөністердің қордан босатылатын бағасы 55 теңге. Ал дүкен сөресіне жеткізілген картоп пен көкөніс түрлері 61 теңгеден саудаланбақ.

 

Өткен жылғыдан бір ерекшелік — биылғы тауарлар қатарынан Белорусь және еліміздің өзге аймақтарынан әкелінетін ет өнімі алынып тасталды. Жалпы, әлеуметтік қор арқылы халықты арзан бағадағы өнімдермен қамтамасыз етудегі басты мақсат – өңірдегі баға тұрақтылығын сақтау. Бұл баға маусымдық кезең бойынша, мамыр айына дейін сақталатын болады.

 

Бұл тарапта әзірге бір ғана мәселе туындап тұр. Қала жұртшылығы әлеуметтік дүкендердің мекенжайларын, сатылатын тауар түрлерін біле бермейді. Сол себепті алдағы уақытта мұндай сауда нысандарының мекені мен өнімдер бағасы қалалықтарға жергілікті БАҚ арқылы хабарланбақ.

Сонымен қатар, тұрақтандыру қорынан босатылатын азықтық өнімдері әр демалыс күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеге де   шығарылмақ. Мұның өзі қалалықтар үшін қысқы мезгілді азық-түлік тапшылығынсыз, ауыл шаруашылық өнімдерін арзан бағада тұтынуға жол ашары анық.

Қазіргі күні қалалық әкімдік жанынан құрылған арнайы штаб қала дүкендері мен базарларындағы азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты қадағалауда ұстап отыр. Саудагерлердің бағаны негізсіз көтеріп, тауар бағасының шарықтап кетуіне жол берілмейді. Ол мақсатта қазіргі күні қаламызда арнайы комиссия жұмыс істеуде. Өңірдегі баға тұрақтылығын сақтау мәселесі қала әкімі Айбек Кәрімовтің де назарында тұр.

 

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

11 часов бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

5 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

6 дней бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

6 дней бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

7 дней бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

7 дней бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС