"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАМАНЫНЫҢ ЗЕРГЕРІ

02.02.2016
2.5k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«… Жақсы шығарма – жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады. Жаңа шығармаларды әр кез оқуға уақыт табамын. «ЖЗЛ» сериясымен шыққан Медеу Сәрсекенің Қаныш Сәтбаев пен Ебіней Бөкетов жайлы терең зерттеуден туған кітабын сүйсіне оқыдым. Соңғы екі шығарма кәнігі металлург ретінде маған жаныма ерекше жақын».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

«Қазақ әдебиеті», 24 наурыз, 2006 жыл

Медеу Сәрсеке. Исі қазаққа таныс, таныс дейміз — ау, мәшһүр есім. Бүгінгі қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы, аға буын өкілі биыл сексеннің сеңгіріне шықты. Сөздің құнын көздің нұрындай қастерлеген қазақ үшін Медеу Сәрсекенің тұғыры биік. Қазақ әдебиетіне тыңнан түрен салып, өткен ғасырдың сонау елуінші жылдарының соңында соны леп әкелген жазушы бұл күнде заманының  заңғар сөз зергері абыз қарияға айналды. Арап Еспенбетовтің сөзіне салып, «Қиял қанатынан деректер әлеміне» дейінгі шығармашылығын түгендесеңіз, шөліркегенде тұнық тұмадан шөл қандырғандай күй кешетініңіз кәміл.

Хош. Сауын айтылып, жазушының сексен жылдық мерейтойы Семейдің төрінде қаңтар айының соңғы күндеріне жоспарланған еді. Қара шаңырақ  Абай атындағы театрда Медеу Сапаұлының саналы ғұмырынан сыр шертер кеште «ине шаншар орын болмады» деген тұрақты сөз тіркесін еріксіз айтуға тура келгендей. Әлбетте, бұл жазылмаған заңдылық. Алпыс жыл бел жазбай еңбек етіп, қолынан қаламы түспеген қаламгердің шығармашылығы кімді болса да бей жай қалдырмасы анық. Қазаққа «керек» үш тұлға: Қанышты қайта тірілтіп, қауыштырған, Ермұхан Бекмаханов пен Ебіней Бөкетовтердің біз білмейтін қырларын, өміріндегі өзек өртейтін өкініштерін, ғылым көкжиегіндегі ғұмырнамасын топтап, жарыққа шығару Медеу Сәрсекенің ғана қолынан келген іс екеніне ешкім дау айтпас, сірә. Әлбетте, жазушының Қаныш тақырыбына деген деген қызығушылығы өзі игерген инженер – металлург мамандығынан туындаған болар деп топшылаймыз. Бірақ бізге бір нәрсе ақиқат. Негізгі мамандығы инженер болса да, Медеу Сапаұлын қолына қалам ұстатуға иіп әкелген — жүрек қалауы, туған жердің киесі, қиял қанатындағы әдебиетке деген құштарлық дер едік. Тағы бір ақиқаты — жазушы әдебиет әлеміне қиял қанатындағы шығармаларымен енді. Сөйтті де, елді елең еткізді. Өйткені бұл жанр біздің әдебиетте тың. Әлі күнге дейін солай. Талайлардың жүрегі дауаламаған, өзгеше өрнегі бар жанр жазушының оң жамбасына келді, кең тыныстауына жол ашып, алғашқы шығармасы — «Ғажайып сәуле» атты ғылыми – фантастикалық хикаяты оқырманға жол тартты. Қойнына кітап құшақтай жүретін сол кездің оқырмандары сол шақта қазақ әдебиетіне тағы бір қаламгердің қосылғанын қуанышпен қарсы алған еді. Міне, сол жылдардан бері, жуырда жарыққа шыққан, сиясы кеппеген, қырық жыл қырғын әкелген Семей полигоны жайында жа- зылған «Семей қасіреті» шығармасын қосқанда, алпыстан астам сүбелі шығарма оқырманмен қауышыпты.

Енді салтанатты жиынға қайтып оралайық. Жазушы мерейтойына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, қазақ әдебиетінің орта буынының екі тізгін, бір шылбырын тарта ұстаған жерлестеріміз Ұлықбек Есдәулет, Бауыржан Жақып, ел газеті «Егемен Қазақстанның» бас редакторы Жанболат Аупбаев, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, ҚР Мемлекеттік тарих институтының ғылыми қызметкері Құндызай Ерімбетова, Қаныш Сәтбаевтың кіндік қаны тамған Баянауыл ауданынан мәслихат хатшысы  Темірболат Хасен, осы аудандағы Қаныш Сәтбаев атындағы мұражай директоры Үміт Сағымбекова, семейлік жерлестері атынан Арап Еспенбетовтер сахна төрінде жазушы жайында бір-бір үзік сыр ақтарды, өлең-жырлар оқыды, сый-сияпат тарту етті.

Алдымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов сахна төріне көтеріліп, облыс әкімі Даниал    Ахметовтің жүрекжарды лебізін жеткізді. Осы ретте Медеу Сапа-ұлының «Семей қасіреті» шығармасының жарыққа шығуына демеушілік жасаған Даниал Кенжетайұлы екенін айтып өту орынды.

— Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап өткен ел егемендігіне биыл 25 жыл. Көздің қарашығындай болған Тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сақтап қанай қоймай, оны нығайту үшін экономикалық дамуымыз, әлеуметтік тұрақтылығымызбен қатар, халықтың рухани тұрғыдан дамуы да мемлекет үшін айрықша маңызға ие. Осы ретте төл әдебиетіміздің қосар үлесі ерекше екенін жақсы білеміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары кәсіби мемлекеттік аппарат құруды міндеттеп отыр. Ал осы жолда жан – жақты, ұлтжанды, ұлттық мүдде жолында қызмет ете алатын маман тәрбиелеуде төл әдебиеттің алар орны ерекше деп білемін. Бұл ретте Медеу Сәрсеке сынды ағалардың ортамызда жүруі — біз үшін үлкен қуаныш. Сізге облыс әкімі Даниал Ахметовтің құттықтауын жеткізе отырып, шығармаларыңыз халқыңызға қалтқысыз қызмет ете берсін деген тілектестік білдіремін, — деді Нұрымбет    Аманұлы сахна төрінде.

Шынымен де, жазушы шығармашылығы қазаққа қызмет ету миссиясынан жаңылған емес. «Шыңғыс хикаясы», «Жарылыс», «Заңды неке», «Тендерге түскен келіншек» шығармалары қаламгердің драматургиядағы қарым – қабілетін айшықтап тұрғандай. Бұл туындылар еліміздің талай театрларында сахналанып келеді. Қаныш Сәтбаевтың тұлғалық тұғырын биіктете түсетін шығармалары Медеу Сәрсеке өмірінің өзегіне айналғандай. «Қазақтың Қанышы» романының тыстығына жазған аңдатпа сөзінде Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаудың тамаша үлгісі осындай –ақ болар…» дегенін Медеу Сапаұлының Сәтбаев тұлғасын әспеттеуіне берілген әділ баға ретінде бағалаймыз. Ал Е.Бекмаханов пен Е. Бөкетев туралы кітаптары қаламгер абыройын тіптен биіктете түскені хақ. Ал сексен жылдық мерейтойы қарсаңында жарыққа шыққан «Семей қасіреті» еңбегінің оқырманға жол тартуының да өзіндік себебі бар. Ол жайында сахна төріне көтерілген Серік Негимов нақтылай түсті.

— Медеу Сапаұлы сексен жылдық мерейтойын «Семей қасіреті» аталған көлемі 60 баспа табақтан астам, неше түрлі жантүршігерлік суреттермен безендірілген сүбелі еңбекпен қарсы алып отыр. Айтуынша, соңғы кітапты Алматының Онкология институтында бұдан үш жыл бұрын жасалған ауыр отадан соң, ядролық сынақтың зардабын тартқан, Семей жұртын жаппай жусатқан қасіреттің бет – пердесін сыпыру үшін жазған. Бұл да нағыз азаматтық ерлік, — дейді ғалым Серік Негимов.

Қара шаңырақтың төрінде төгіліп жазушы жайында жыр оқылды, тілек айтылды. Күллі  қазақияның әр қиырынан жолданған құттықтаулар да оқылды. Мұның барлығы қаламгердің кісілік келбетін, шығармашылығының жауһарлығын аша түскендей…

 

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

16.05.2026
Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты. Астана...

Толығырақ...Details

Алакөлдегі туристік маусымға дайындық мәселелері талқыланды

16.05.2026
Алакөлдегі туристік маусымға дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Қабанбай ауылында Алакөл көлі жағалауындағы туристік кластерді дамыту мәселесіне арналған көшпелі отырыс өтті. Жиынға...

Толығырақ...Details

Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады

16.05.2026
Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2026 жылғы сәуір айында қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелері...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

16.05.2026
Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту,...

Толығырақ...Details

Семей қаласында Конституцияның маңызы талқыланды

16.05.2026
Семей қаласында Конституцияның маңызы талқыланды

Семей қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Конституция: құқық, тарих және қоғамдық сана» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты - Ата...

Толығырақ...Details

«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолындағы жөндеу жұмыстары қадағаланды

16.05.2026
«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолындағы жөндеу жұмыстары қадағаланды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автомобиль жолының 707-шақырым учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Абай облысы аумағындағы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

2 дня бұрын

Алакөлдегі туристік маусымға дайындық мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

2 дня бұрын

Семей қаласында Конституцияның маңызы талқыланды

2 дня бұрын

«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолындағы жөндеу жұмыстары қадағаланды

2 дня бұрын

Аягөз ауданында «Жас техниктер станциясы» ашылды

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады

3 дня бұрын

Жастарға заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттауға бағытталған Stand Up кеші өтті

3 дня бұрын

Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейтілуде

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС