"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІРЛІК — БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

05.02.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей өңірі бойынша, жылдағы игі үрдіске сай, ауылдық округтер және қала әкімінің жергілікті тұрғындармен есептік кездесулері басталды. Өткен жылғы еңсерілген шараларды екшеп, алдағы күндерге меже белгілеуде халықпен өткізілетін мұндай жиындардың маңыздылығы жоғары. Шаһар басшысы Ермак Сәлімов аптаның сейсенбісі күні өзінің осы қызметіндегі алғашқы есеп беру басқосуын өңірдегі халық саны мол Шүлбі  кентінен бастады.

Шүлбі су қоймасының жағасындағы кент тұрғындары қала әкімін қол шапалақтаумен қарсы алды. Оның бір себебі — тұрғындардың Ермак Бидахметұлына айтар өзіндік ризашылықтары бар екен. Ол жайында төменде тоқталатын боламыз.

Жергілікті әкімдіктің мәжіліс залына халық мол жиналып, сыймай қалғандары дәлізде тұрып тыңдауға мәжбүр болды. Қала әкімі Ермак Бидахметұлы халықпен сәлемдескен соң жиын мақсатымен және басқосуға арнайы қатысып отырған ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бақбергеновпен таныстырып өтті. Осыдан соң көпшілік алдында кент әкімі Лилия Гребельная өткен жылғы өзіне қарасты округ бойынша   атқарылған шаралар легі жайында көлемді баяндама жасады. Л.Михаиловна Шүлбі елдімекенінде есепті мерзім ішінде жүзеге асырылған шараларға жекелей тоқталып өтті. Расында, «Өзен жағалағанның өзегі талмас» демекші, бұл кентті мекен етушілердің әлеуметтік ахуалы ана-ғұрлым жоғары. Жазда су қоймасына демалуға келгендерге қызмет көрсетуді кәсіпке айналдырған тұрғындар қыс мезгілінде өзенге қармақ салуды әрі ермек қылады, әрі кіріс көзіне айналдырған. Бұдан бөлек Шүлбі кентінде шағын және орта кәсіпкерлік те қарқын алып келеді екен. Әлеуметтік сала жыл санап оңалу үстінде. Бұл жайында кеңірек тоқталған Лилия Гребельная тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша да атқарылған жұмыстарды жіліктеп айтып өтті. Оның ішінде қала әкімі Ермак Сәлімовтің тікелей назарда ұстауымен жүзеге асырылған жұмыстар қатары мол. Атап айтсақ, жергілікті бюджетке қаражат құюда шүлбіліктердің үлесі зор. Оның бір себебі — жергілікті жерде жұмыссыздар саны аз. Жер өңдеп, көл-көсір өнім алуға ден қойғандар қатары артуда. Кент әкімі, өз жұмысының жетістіктерімен қатар, кемшін тұстарын да жасырмады. Бүгінгі таңда елдімекеннің бірден-бір өзекті мәселесі – тұтынылған жылу энергиясы үшін тұрғындардың берешегі бар болып отыр. Халық коммуналдық қызметтің бұл түріне жалпы көлемі 32 млн. теңге қарыз. Алайда, соған қарамастан, қала әкімінің міндеттемесіне сәйкес, орталықтағы жылу қазандығына күрделі жөндеу жүргізіліп, су сорғыш құрал орнатылған. Кент әкімі өз баяндамасында жергілікті жердегі денсаулық сақтау саласына да жете тоқталып өтті.

Осыдан соң сөз кезегін алған қала басшысы Ермак Сәлімов  Семей өңірінің даму динамикасына, өркендеу жолында жеткен  жетістіктерге кеңірек тоқталды.

— Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, әкімдер жыл сайын халық алдында есеп беруге тиіс. Бүгінгі бас-қосуымызда да өңіріміз үшін маңызды мәселелер ортаға салынады деп ойлаймын. Жалпы, жергілікті атқарушы билік жұмысы Президент тапсырмаларын орындауға негізделеді. Бұл ретте Елбасының халыққа арнаған Жолдауы аясында өңіріміз бойынша жүзеге асырылған шаралар жетерлік. Өткен жылға берілген есеп жайында баспасөз беттерінен оқып таныстыңыздар деп ойлаймын. Есепті мерзім ішінде біз Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа  бастар жол» атты Жолдауы аясында белгіленген міндеттемелерді жүзеге асыру жолында еңбек еттік,- деп сөзін өрбіткен шаһар әкімі өңіріміздегі өнеркәсіп, әлеуметтік сала, денсаулық және кәсіпкерлік нысандардың жұмысы туралы баяндап өтті.

Жалпы, әкімнің міндетіне кіретін өткен жылғы еңсерілген еселі істер жайында газетіміздің өткен нөмірлерінде жарияланғандықтан, тоқталып жатудың қажеті болмас.

Қала әкімінің есебінен соң сөз кезегі тұрғындарға беріліп, кент халқы көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады. Сұрақ қойған ауыл қарияларының бірі «Бұлақ» су электр станциясын салу жоспары жайын, сондай-ақ Шүлбі су қоймасы жағасынан қытайлық инвесторлардың қатысуымен демалыс аймағын ашу туралы әңгіменің анық-қанығын сұрады. Ермак Бидахметұлы «Бұлақ» су электр станциясы жобасы ауқымды қаражатты қажет ететіндігін, бұл мәселе алдағы жылдардың еншісінде екенін жеткізді. Сол тәрізді қытайлық инвесторлардан өзен жағасынан демалыс орнын ашу туралы нақты ұсыныс түспегенін айтты. Ал кенттің әлеуметтік-экономикалық әлеуеттілігін арттыра түсу мақсатында сүт-тауарлы фермаларын ашудың тиімділігі зор екенін айтқан қала басшысы бұл ретте қалалық әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Ал кент тұрғындары өз кезектерінде өткен жылы жолдарға жасалынған орташа жөндеу жұмыстары үшін шаһар басшысына ал-ғыстарын білдіріп, атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық баға берді.

Осыдан кейінгі басқосу Шүлбі кентімен іргелес қоныс тепкен Новобаженово ауылдық округінде өтті. Ауыл әкімі Кенжетай Өміртаевтың бұл қызметке тағайындалғанына жыл да толмапты. Бұл лауазымға да, көпшілік алдында сөз саптауға да толыққанды төселе қоймағандығынан болса керек, әзірлеген баяндамасын толқи отырып бір демде оқып шықты. Әкімнің есеп беру жиынындағы сөзінен түсінгеніміз — округ бойынша ұсақ мал – қой-ешкі саны артқан, сондай-ақ ет-сүт бағытындағы ірі қара өсіру ісі нәтижелі жүргізілген көрінеді. Жер өңдеу ісі, көкөніс, азықтық дақылдар өсіру жақсы жолға қойылған екен. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар қатары толығыпты. Бұл ретте футбол алаңы, хоккей кордын мақтанышпен атап өткен ауыл әкімі абаттандыру және құрылыс жұмыстары жайына аса көп тоқтала алмады. Алайда ауыл әкімі кітап сөзіндей көркем тіркестермен өрілген «әдемі» баяндамасында округ бойынша орын алған кемшіліктерге, шешімін күткен күрмеулі мәселелерге тоқталған жоқ. Көпшілік талқысына да ешқандай мәселе ұсынылмады.  Есептік  баяндамасын аяқтаған әкімге ауылдықтар да  ешқандай уәж айтпады. Мұнымен қатар қала әкімінің есептік баяндамасынан соң сөз алып пікір білдірген ауылдықтар, жас әкімдерін бастан-аяқ мақтап шықты. Елдімекен тұрғындары ұсыныс-пікірге сараң екен. Бірлі-жарым ризашылық тілек білдіргендар болмаса, орынды өтініш айтылмады. Осылайша, Новобаженовода өткен есептік кездесу жайма-шуақ аяқталды.

Ал қала іргесіндегі Приречное ауылдық округіндегі тұрғындармен өткізілген есептік жиында шаһар басшысының жарасымды әзілдері жиналғандардың көңілдерін көтерді.

Айта кету керек, Приречное ауылы — тек Семей өңірі бойынша ғана емес, күллі облыс бойынша шаруашылығы өрге басқан, бақуатты елдімекен. Өріске мыңғыртып мал өргізіп, жайқалтып егін салған іргелі шаруашылықтар тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсартып, ауылдарын гүлдендіруге зор үлес қосуда. Өз еңбеккерлерінің жағдайын түзеп қана қоймай, Алла берген мол дәулетті ауылдықтарының игілігі жолында жұмсап жүрген елжанды азаматтардың қатары мол. Бұл игілікті үрдістер жайын ауыл әкімі Қабылқақ Шеңгелбаев та өз есептік баяндамасына тұздық етіпті. Атап айтсақ, ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалардың берер шарапаты мол болып, оның нәтижесінде елдімекендегі кәсіпкерлік сала айтарлықтай қарқын алған. Әсіресе «Агрофирма Приречное» ЖШС өңірдің азық-түлік белдеуін қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпкерлер тарапынан ауылды абаттандыру саласына мол үлес қосылуда. Мәселен, үйірлеп жылқы айдап, қымыз индустриясын қалыптастырып үлгерген «Шөптіқақ» серіктестігінің басшысы Дәуренбек Айманов ауылдан мешіт салуды жоспарлап отыр.

Жалпы, округке 8 елдімекен кіреді екен. Ауыл шаруашылығы саласында кәсібін дөңгелеткен іскер азаматтар есебінен тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі жоғары. Бұл ретте қазіргі күні ауыл шаруашылығы бойынша 52 шаруа қожалығы өнімді жұмыс істеуде. Оның ішінде мал басын асылдандыру мен дақылдар өсіруде жаңа технологияларға иек артылған. Осы орайда үкімет тарапынан субсидия бөлу ісінде кедергі жоқ. Қорыта айтқанда, өңірдегі атқарылған жұмыстардың басым көпшілігін 100 пайыз көрсеткішпен атап өткен Қабылқақ Қабдыкешұлы округтегі өнім өндіру ісінің жоғары нәтижелі екендігін жеткізді.

Десек те ауылдық округтері арасында тұшымды баяндамасымен, ортақ мәселелерді талдау-сараптау, ауылдықтар назарына ұсыну сынды тың әдістермен қатысушыларды қанағаттандырған Озерки ауылдық округінің әкімі Бақытжан Нұғыманов болды. Аягөз, Шұбартау өңірлерінде ұзақ жылдар бойы ауыл әкімі ретінде мол тәжірибе жинаған, қалалық әкімдікте де лауызымды міндеттерді абыроймен атқарған    Б.Шынарбекұлын өзге  ауылдардың әкімдеріне үлгі етуге болады. Өзінің есепті баяндамасында елдімекен басшысы өткен жылғы тұрғындарға берген уәдесінің орындалу барысына баса тоқталды. Сондай-ақ жүзеге аспай қал-ған бірлі-жарым жұмыстарды да жасырмай атап өтіп, оның себебіне терең үңілді. Мәселен, ауылдық әкімдікке келіп түскен 3 арыз-шағым мен 4 өтініш дер кезінде қанағаттандырылған. Мұнымен қатар, тұрғындар тілегіне орай, әрбір үйге су құбырын кіргізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліпті. Түйе айтсақ, өткен жылы ауыл әкімі халықпен тығыз байланыс орнатып, 11 кездесу, 7 жиын, 2 жиналыс өткізіп, ортақ мәселені көпшілікпен, ақсақалдармен, құзырлы орын өкілдерімен бірлесіп талқылаған. Сонымен қатар Бақытжан Шынарбекұлы, ауыл әкімі ретінде, құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіпке шақыру барысын учаскелік инспектор Т.Абылқақпен, ауылдық округтегі ветеринарлық шараларды жүргізуге мал дәрігері И.Садырбаевпен бірлесе жұмыс жасап, ай сайын қорытынды шығарып отырыпты. Бұл ретте округ әкімі:

— Құрметті ауылдастар! Бүгінгі уақытта барлық мәселе қаржыға келіп тірелетіні ақиқат. Алайда біз қаражаттың қайдан қалай алынатынын көп ойлана бермейтініміз рас. Сіздерден алын-ған алым мен салық арқылы бюджет қалыптасады. Бюджет арқылы әлеуметтік мәселелер шешіледі. Алайда сараптама жасап отырсақ, біздегі шаруа қожалықтардың 55-60%-ы салық төлемейді. Мәселен, 100 ірі қара, 500 қой, 30 жылқысы бар орташа шаруа қожалығы 1 немесе 2 адамға ғана салық төлеп отыр. Тіптен өзінің зейнетақы қорына да ақша аударуға немқұрайлы қарайтындар бар. 1000 қой мен 300 жылқыны бір адам баға алмайтыны анық қой. Шөп дайындаушылар, тамақ әзірлеушілер қайда? Ал үкімет шаруа қожалықтары үшін  көптеген жеңілдіктер берген. Осындай жағдай жермен айналысушыларда да бар. Шөп сатумен айналысатындар есебі, жалдамалы жұмысшылар туралы мәлімет әлі де дұрыс жүргізілмей отыр,- деп, ауылдастарын салық заңдарын бұзу фактілеріне жол бермеуге шақырды.

Күрмеулі мәселелерді жасырмай жайып салып, ортақ талқыға салған округ әкімі тұрғындардың өтінішін орындауда көп жайт қаражатқа келіп тірелетінін де айтып өтті.

— Мәселен, Семей-Талица күре жолын жөндеу (403 млн.), ауыл көшелерін жарықтандыру (26 млн.), ауылдың ішкі жолдарын жөндеу (155 млн.) туралы ұсыныс-пікірлерді жүзеге асыруда округ әкімдігі жүйелі жұмыс жүргізген. Оның нәтижесінде үш сұрақтың да сметалық жобасы дайындалған. Алайда қаржы тапшылығына байланысты бұл істерді нақты жүзеге асыру кешеуілдеп тұр,- деді Бақытжан   Нұғыманов өз сөзінде.

Ал озеркалықтар әкім жұмысына қанағаттанарлық деп баға берді. Осылайша, биылғы жылдың алғашқы есептік кездесу жиындарының алғашқы күні қорытындыланды. Ал ертеңіне қала әкімі Ермек Сәлімов шаһар маңындағы Шаған кенті, Жиенәлі, Достық, Ертіс  сынды ауылдық округтерді аралап, халық алдында есеп берді. Аптаның бейсенбі — жұма күндері Абыралы өңіріне есептік жиын өткізу мақсатында іс-сапар белгілеген болатын.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

“Семей таңы”

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

18.09.2025
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген...

Толығырақ...Details

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

18.09.2025
Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

Semeitany.kz - Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға 17 қыркүйек күні...

Толығырақ...Details

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18.09.2025
Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Semeytany.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға орта...

Толығырақ...Details

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

18.09.2025
Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

Semeytany.kz - Абай облысында 79 жоба әзірленіп, оның 33-і даму жоспарына сай кезең-кезеңімен іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

17.09.2025
Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

Semeytany.kz – Жапонияда жаңадан құрылған «Жаңғыру жолы» (Path to Rebirth) партиясы жетекшілік қызметті жасанды интеллектке жүктейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім партияның...

Толығырақ...Details

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

17.09.2025
Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

Semeytany.kz - Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Германияның «MICHEL METALLBAU GmbH & Co. KG», «A&E NENASCHEW GMBH...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысы Түркістандағы «Орталық Азия – Корея» форумында өңір әлеуетін таныстырды

15 часов бұрын

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

16 часов бұрын

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

18 часов бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18 часов бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

19 часов бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

1 день бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

1 день бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

1 день бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

1 день бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС