"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЛІМДЕРІН ТӘЖІРИБЕМЕН ҰШТАСТЫРУДА

12.02.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше тоқталды. Әлбетте, техникалық мамандықтарға басымдық беріп, дуалдық оқыту жүйесін енгізу — уақыт талабы. Бұл білікті кадрлар әзірлеп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Осы ретте Семей қалалық кәсіпкерлер палатасы, металл құрылымдарды жасаумен шұғылданатын «Металлист» зауыты және Құрылыс колледжі ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды.

Зауыт — машина құрастыру саласы мен металл өңдеуде әлеуеті зор кәсіпорындардың бірі. Бүгінде түрлі жабдықтар мен құрылысқа қажетті металл құрылымдарын  шығарумен айналысады. Өндіріс қуаттылығын еселеп, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын жұмысқа жас мамандарды тартуға басымдық беріп отыр. Яғни, меморандумға сәйкес, колледж студенттері өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби деңгейде шыңдала түспек. Бұған қоса зауыт басшылығы үздіктерін жұмыспен қамтуды да көздеп отыр.

— Меморандум бізге жас мамандарды даярлауда үлкен мүмкіндік береді. Студент оқу орнында теориялық білім ала жүріп зауытта тәжірибесін шыңдайды. Бүгінгі таңда біздегі жұмысшылардың көбінің еңбек өтілі 20 жылдан асады. Демек, олардың жастарға берері мол. Сондықтан жас мамандар даярлауға басымдық беріп отырмыз,- дейді зауыттың бас директоры Айдос Серікқалиұлы.

Ал кәсіпорын мен оқу орны арасындағы қарым-қатынасты реттеуге кәсіпкерлік палатасы ықпал етіп отыр. Білікті маман даярлауда дуалдық оқытудың маңызы зор.  Бұл үрдіс қазір әлемнің озық елдерінде жаппай қолданылады. Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Ардақ Әділжановтың айтуынша, теориялық біліммен қатар, зауыттың тыныс-тіршілігін өз көзімен көріп барып еңбекке араласқан жастан ғана білікті маман шығады.

— Қала кәсіпорындары ынтымақтастық құру туралы ұсыныстарымызды жақсы қабылдауда. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Бүгінгі таңда жүзеге асырылған келісімшарттар көп. Олардың арасында 3 жақты, 4 жақты меморандумдар бар. Қазір олардың саны 100-ден асады,- дейді Ардақ Әділжанов.

Дуалдық оқыту жүйесінде студент білім алу үрдісінің үштен екі бөлігін өндірісте өткізеді. Қалған уақытын теориялық білім алуға жұмсайды. Меморандумға сәйкес, зауыт басшылығы колледждің инженерлік-педагогикалық құрамы мен өндірістік оқыту шеберлердің біліктілігін арттыруда да қолдау көрсетпек.

«СТ — ақпарат»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

19 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

19 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

23 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС