"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СӘБИ ЖҮРЕКТІ САЗГЕРІН СЕМЕЙЛІКТЕР ҰМЫТПАЙДЫ

15.04.2016
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдің Абай атындағы әмбебап кітапханасында әнші, көрнекті сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жуырда ғана дүниеден өткен  Тұрсынғазы Рахимовтың 65 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтының жаны мен жүрегіне айналған өнерпаз» атты виртуалды көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге жиналған қауымға Тұрсынғазы Рахимовтың өмірі мен шығармашылығы жайында Есмұқан Обаев, Еркін Шүкіманов, Толу Сембаевтардан жазып алынған сұхбаттар ұсынылып, шәкірттері ұстаз-дарының әндерін орындады. Көрме «Әнге ғашық жүрек», «Актерлік қыры», «Әндер тарихы», «Арнаулар», «Кітаптар», «Бейнежазбалар», «Фотогалерея», «Сілтемелер», «Библиография» сынды бірнеше бөлімдерден тұрды. Жалпы, көрмеге мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген жиырмадан аса мақалалар, сазгердің жеке қорынан алынған фотосуреттер, телеарналардың бейнеқорынан алынған бағдарламалар ұсынылды.

— Сазгер, актер Тұрсынғазы Төлеубайұлының әрбір мерейтойын ұйымдастыру біздің кітапханамызда дәстүрге айналған. 65 жылдық мерейтойына арналған көрмені Тұрсынғазы ағамен келісе отырып бастаған болатынбыз. Алайда  ол кісі осы күнге жете алған жоқ. Дегенмен де көрме оқырмандарға жол тартып отыр. Көрменің негізгі мақсаты кітапхананың және сазгердің жеке қорындағы, сондай-ақ сазгер шығармашылығына байланысты мол мағлұматтарды оқырмандарымызға ұсынып, Тұрсынғазы ағаның шығармашылығымен, оның әндерінің шығу тарихымен таныстыра отырып, халыққа насихаттау, — дейді кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева.

Аталмыш шараға қатысқан Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының директоры, мәдениет қайраткері Адай Азаматов өнерпаз жайында бір ауыз жылы лебізін білдірді.

— Тұрсынғазы Төлеубайұлының  ән жазуында да өзіндік ерекшелігі бар. Көптеген композиторлар әнді жазып, артынан сөз іздейді. Бұл кісі алдымен сөзге мән беретін. Оны ой талқысына салатын, одан кейін барып ән туатын. Тұрсынғазы қиналған кезінде Мұқағалидің өлеңдерін оқитын, содан барып ән шығаратын. Бұл да бір ерекшелігі еді. Әнді құйқылжытып айтатын, актерлік шеберлігі де мықты болды. Жүректен шығарып орындаған әндері халық есінде мәңгілік қалмақ,- дейді А.Азаматов.

Аталмыш шараға Тұрсынғазы Рахи-мовтың отбасы мен туған-туыстары, зиялы қауым өкілдері, өзі қызмет еткен облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармония мен Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің қызметкерлері және студенттері қатысты. Шара соңында ақынның жары Фатима апай қонақтар мен кітапхана ұжымына алғысын білдірді.

Белгілі әнші, сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл», «Сәби болғым келеді» секілді барлығы жүзге тарта әні бар.

 

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

2 часа бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

2 часа бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

2 часа бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

8 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

8 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

8 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС