"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҒАСЫРДЫҢ ЖАЗЫЛМАС ЖАРАСЫ

19.04.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Чернобыль апатының орын алғанына биыл 30 жыл толыпты. Осынау аралықта, сол бір зұлматтың орын алған уақытынан қаншалықты алыстасақ та, оның салған жарасы әлі де жазылар емес. Сол бір қасірет таңбасы саналар күн әлі де ел жадынан өшкен жоқ. Жыл сайын осы мерзім түрлі шаралармен аталып өтіледі.

Абай атындағы әмбебап кітапханасында Чернобыль атом электр станциясы апатының 30 жылдығына арналған еске алу кеші болып өтті. Аталмыш игілікті шараны қаламыздағы «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры мен «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырыпты. Іргелі  басқосуға чернобыльдықтар және өмірден озған чернобыльдықтардың әйел-дері, қалалық мәслихат депутаттары, радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің онкология және визуалды диагностика кафедрасының оқытушылары, шаһарымыздағы отбасылық-дәрі-герлік амбулаториялардың медицина қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар мен колледж студенттері қатысты.

Басқосу барысында ға-сырдың жазылмас жарасына айналған Чернобыль апаты туралы танымдық деректі фильм көрсетіліп, оның залалды әсері, сондай-ақ осынау апатты жоюға қатысқан қазақстандықтардың ерліктері туралы айтылды.

Айта кетейік, осынау алапат апаттың нәтижесінде Украи-наның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне айтарлықтай зор қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілген болатын. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок  залалсыздандырылып, оқшауланды. Апатты залалсыздандыруға шамамен 800 мыңнан аса Кеңес Одағының әскерилері, оның ішінде 35 мыңнан аса Қазақстан азаматтары да тартылған еді. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады және кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі де белгісіз қалып отыр.

Жиын барысында сонымен қатар дәрігер мамандар да аталмыш апаттың зардаптары туралы кең көлемде түсінік беріп өтті. Олардың мәліметіне сүйенер болсақ, жыл өткен сайын Чернобыль апатын ауыз-дықтауға қатысқан жанкешті жауынгерлердің қатары сиреп барады. Қазіргі таңда Қазақстанда Чернобыль апатын жоюға қа-тысқан 5 мыңға жуық адам бар екен. Олардың басым көпшілігі жазылмайтын сәуле ауруларына ұшыраған дімкәс жандар болып табылады. Ал олардың кешегі ерліктерін ешқашан да ұмытпау ләзім.

Еске алу кешінде колледж студенттері өздерінің жүрек түкпірінен шыққан жыр жолдарын оқып, сол бір алапат күннің ауыртпашылықтарын бастан өткеріп, зардаптарын  жоюға қа-тысқан ерлердің ерліктерін өлең жолдарына қосты.

Қ.ӘЛІМБЕК, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

13 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

14 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

14 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

14 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

15 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

15 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

15 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

15 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС