"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨРТ БАҚЫЛАУ МҰНАРАСЫНА 89 ЖЫЛ

22.04.2016
65
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Семей қаласындағы көне сәулет туындыларының бірі өрт бақылау мұнарасының іргетасының қаланғанына 89 жыл болыпты. Осыған орай апта дүйсенбісінде семейлік өрт сөндірушілердің бастамасымен тұңғыш рет тарихи нысанның 89 жылдығы аталып өтті.

Тарихи құжаттар бойынша бұл нысан 1927 жылдың 17-ші сәуірінде қолданысқа беріліпті. Шаһардағы өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында тұрғызылған сәулет құрылымы 30 жылдан астам уақыт қалалықтардың қауіпсіз өмір кешуіне қызмет еткен екен. Оның биіктігі 30 метрді құрайды. Мұнара жұмыс істеген жылдары оның қызметіне тек таңдаулы мамандар ғана іріктеліп алынып отырыпты. Оларға қойылған талаптар да өзгеше болған. Мәселен, кезекшілікке тұрған адам өте қырағы, төзімді, шыдамды әрі қаланың бүкіл аудандарын жақсы білуі керек болған. Сондай-ақ әр кезекші түтіннің түсіне қарап өрт жағдайының деңгейін ажырата білуге міндетті болатын. Жазғы уақытта кезекшілер екі сағат сайын, ал қысқы мезгілде әр сағат сайын ауысып отырған екен.

— Мұндай өрт бақылау мұнарасы Қазақстан бойынша, Семей шаһарынан бөлек, Орал қаласында да бар. Алайда олардың мұнарасы уақытқа шыдас бермегендіктен, оған жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Ал біздің мұнарамыздың алғашқы сәулет үлгісі қаз-қалпында сақталған. Оған шығу үшін 100 баспалдақпен көтерілуге тура келеді. Осы датаны атап өту идеясын қаладағы №2 өртке қарсы қызмет жасағының басшысы Асхат Жаймұхамедов көтерген болатын. Біздің ғимаратымыз сәулет өнеріне және тарихи ескерткіштер санатына жататындықтан, мемлекеттің ерекше назарына алынған. Келер жылы өрт бақылау мұнарасының 90 жылдығын атап өтуді көздеп отырмыз,- дейді Семей қаласындағы өртке қарсы қызмет мұражайының меңгерушісі Наталья Рыкова.

Өрт бақылау мұнарасының туған күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қаладағы №2 өртке қарсы қызмет жасағының аға офицерлік құрамы, жасақ қызметкерлері, ТЖБ-ның өкілдері және өртке қарсы қызмет саласының ардагерлері қатысты. Тағы бір айта кетерлігі, өткен жылы әр кезеңде мұнарада қызмет еткен сарбаздар құрметіне нысанның басына ауысымсыз кезекшілікке  «өрт сөндіруші» манекен қойылған болатын. Қыс бойы №2 жасақ бөлімшелерінде манекен сарбазға есім қоюға байланысты байқау да жүргізіліпті. Нәтижесінде оған «Сөндірбек» деген есім бұйырған екен. «Бүгінде Сөндірбек қаланың өрт қауіпсіздгін сақтауда ауысымсыз кезекшілігін абыроймен атқарып келеді»,- деп әзілдейді №2 өртке қарсы қызмет жасағының қызметкерлері.

Ж.СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

4 часа бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

4 часа бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

4 часа бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

4 часа бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

4 часа бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

4 часа бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

9 часов бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

1 день бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

1 день бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС