"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СОТ ІСІ ӘДІЛДІККЕ ЖОЛ СІЛТЕЙДІ

28.01.2014
СОТ ІСІ ӘДІЛДІККЕ ЖОЛ СІЛТЕЙДІ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық соттың мәжіліс залында Семейдегі сот төрағалары мен судьялардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында олардың 2013 жылғы жұмыстарының қорытындылары сөз болды.

Жиында алғашқы болып сөз алып, Елбасының Жолдауына тоқталып өткен Семей қалалық сотының төр-ағасы Ақан Жұмағұлов:

— Соттарда мыңдаған азаматтардың құқығы қорғалады.  Онда келіп түскен істер шешімін тауып, сот үкіміне сай кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылуда. Өткен жылы Семей қалалық сотына барлығы 15 988 азаматтық іс және арыз түссе, 2012 жылдың 12 айында 15 925 іс пен арыз түскен. Ал, өткен жылдың 12 айында «EGOV» электрондық үкімет порталы бойынша 3 059 талап арыз түскен. Сотқа түскен іс пен арыздардың саны 0,4 пайызға көбейгені байқалады. 2013 жылдың 12      айында аяқталған істер саны – 14 627 болса, 2012 жылдың 12 айында барлығы – 13 915 іс аяқталған, салыстыр-ғанда 4,9 пайыз аяқталған іс саны көбейген. Шешім шығарумен 9 889 іс аяқталған, оның ішінде сырттай шешім шығарумен 4 513 іс, ал, 2012 жылдың 12 айында – 9 211 іс шешім шығарумен аяқталған, оның   4 211-і сырттай шешім шығарумен. Сот бұйрығы 1 927 іс бо-йынша шығарылған, ал, 2012 жылдың 12 айында 1 735 іс бойынша сот бұйрығы шығарылған. Қысқартылған 1 546 істің 238-і бітім келісіммен бекі-тілген. Сонымен қатар, 2012 жылдың 12 айында 1 574 іс қысқартылса, оның 203-і бітім келісім бекітумен жүзеге асқан. Өткен жылдың 12 айында Семей қалалық сотының өндірісінде қалдық істер саны 467 азаматтық іс, ал 2012 жылдың 12 айында 777 іс құраған, — дей келе, — айта кетерлігі, елімізде жыл сайын өзгертілген әрі қайта қаралуға жіберілген істер саны аза -йып келеді. Барлық қабылданғандардың 0,5 және 0,9 пайызын құрап отыр. Бұл да әділдіктің көрсеткіші. Семей қалалық сотында 2013 жылы 125 арыз қабылдаудан бас тартылса (52 пайыз-ға төмендеген), қараусыз қалдырыл-ған өтініш саны – 1 224 (11,3 пайызға төмендеген). Қайтарылған өтініштер саны – 667, — деп өткен жылдағы өз жұмыстарымен таныстырып өтті.

 

{jcomments on}Одан кейін сөз алған Семей қаласы № 2 сотының төрағасы Дәулетбек Бұлғынбаев та өздерінің атқарған жұмыстары жайлы айтып өтті.

 

— Қылмыстық істер бойынша былтыр Семей қаласы № 2 сотының өндірісіне 1 485 қылмыстық іс түссе, 2012 жылдан 155 іс қалды. Сонымен, сот өндірісінің қаралуында 1 640 қылмыстық іс болды. Оның ішінен 1 530 қылмыстық іс қаралды. Ал, 2012 жылы Семей қаласы № 2 сотының өндірісіне 1 959 қылмыстық іс түссе, 2011 жылдан 199 іс қалған. Сонымен, сот өндірісінің қаралуында 2 158 қылмыстық іс болған, — деп атап өтті Дәулетбек Бақтиярұлы.

Семей қаласы № 2 ювеналды сотының төрағасы Ринат Құсайынов та өткен жылы қаралған істердің санын тізбектеп, бүге-шүгесіне дейін баяндап берді. Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Кенжеш Мұқашев:

— Әкімшілік соты өткен жылы Семей қаласында 8 мыңнан аса іс қарады. Істі көп қарау жағынан облыс бойынша біздің әкімшілік сот екінші орында болса, ал, жалпы осы бағытта еліміз бо-йынша ШҚО бірінші орында. Соттың қай саласы болмасын әр істі дер кезінде тиянақты қарау жағынан Семейдің жұмыс сапасы жоғары бағалануда. Енді биылғы Жаңа жылқы жылында да жұртшылық үшін дұрыс жұмыс жасап, атқарып жатқан барлық істеріміз де нәтижелі болады деген ойдамыз, — деген пікір білдірді.

Жиын соңында сот төрағаларына журналистер бірқатар сұрақтар жолдап, тиісті жауабын алды. Елбасы биыл-ғы Жолдауында: «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс» деп атап өткен болатын. Елбасының осы сөздерін негізге алып отырған сот төрағалары мен судьялар жұртшылықтың арыз-шағымдарының барлығы әділ шешімін табатынын айтып, жиынды қорытындылады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,                                                                                                                «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

10 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

10 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

10 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

10 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

10 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

11 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

11 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС