"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

26.04.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға алғашқы болып кірген қала тұрғыны Юрий Захаров Өтепбаев көшесі, 44-үйдің ауласына жаңадан көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу мәселесі бойынша шағымдана келіпті. Тұрғындар атынан келіп сөз алған Юрий Захаровтың айтуынша, онсыз да тар аула аумағы қосымша көп қабатты тұрғын үй салуға келмейді екен. Бұл  құрылыс нормаларының талаптарына да сай емес көрінеді.

— Үйіміздің ауласында екі дәлізді тоғыз қабатты тұрғын үй салынбақшы. Ауламыз онсыз да тар. Жөні дұрыс балалар ойын алаңы, көлік қоятын жер жоқ. Біз онсыз да тар ауламызға  құрылыс жұмыстарын жүргізуге қарсымыз. Сондықтан құрылыс салуға рұқсат бермеуіңізді сұраймыз,- деді Ю.Захаров қала әкіміне.

Осы ретте Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы мәселенің жай-жапсарын анықтайтынын, құрылыс жұмыстарының барлығы заң талаптары негізінде атқарылатынын атап өтті. Шаһар басшысы сондай-ақ дербес бөлім басшыларына алдағы уақытта аула тұрғындарымен кездесу өткізіп, тұрғын үй құрылысының жобасымен таныстыруды және толыққанды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Амантай Солтанбаев Байсалықов, 65 «А» мекенжайында орналасқан көп қабатты тұрғын үй мәселесіне байланысты  келгенін айтты.  Шағымданушы тұрғын үйдің 2015 жылдың қазан айында ғана пайдалануға берілгенін, дегенмен қазір баспанада мәселенің шаш етектен екенін жеткізді. Бұл ретте қала әкімі Е.Сәлімов аталмыш тұрғын үйде бірқатар мәселелер туындауына байланысты бүгінгі күні қылмыстық істер қозғалып отырғанын жеткізді. Шаһар басшысы сондықтан мәселеге қатысы бар барлық тараптардың басын қосатын арнайы жиын өткізу керектігін тапсырды. Сондай-ақ әкім аталмыш көп қабатты тұрғын үй бойынша туындаған мәселелердің барлығын жазбаша түрде көрсетіп, өзіне тапсыруды өтінді. Бұл ретте сөз алған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Болат Жақаев бүгінгі күні мердігер мекемемен мәселе анықталып жатқанын, егер оның тарапынан жіберілген қателіктер болған жағдайда, кепілдік мерзім ішінде қалпына келтіру жұмыстарын атқаратынын атап өтті.

Бұл жолы қала әкімінің қабылдауына 20-ға тарта тұрғын жазылып, толғандырып жүрген сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Олардың дені электр жарығымен қамтамасыз ету, терможаңғырту бағдарламасы, ПИК жұмысы, мүлікті жекешелендіру, жол жөндеуге қатысты тұрғындарға ортақ мәселелер екенін айта кету керек.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

5 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

6 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

6 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

7 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

7 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

7 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС