"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ ОЗАР

05.05.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Біз  бейбіт аспан астында көптеген ұлттардың басын біріктіріп, татулықта өмір сүріп келеміз. Дәл осы күні Қазақстанды ортақ үйі санайтын барлық ұлттар мен ұлыстар татулық пен бірлікті дәріптеп мерекені салтанатты түрде атап өтті.

Береке мен бірліктің туы желбіреп, еңбек пен достықтың күйін шертетін ғажайып мезгілді Семей жұртшылығы асыға күтеді. Шаһардың Орталық алаңында өткен арнайы ынтымақ мерекесін атап өту шарасына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қатысып, тұрғындарға деген игі тілегін жеткізді.

— Құрметті семейліктер, ардақты ағайын! Халқымыздың достығы мен татулығын, бейбітшілігі мен бірлігін айғақтайтын мемлекеттік мереке — Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын. Бұл күн тұрақтылық пен келісімнің, ынтымақ пен ырыстың, бақыттың мейрамы. Бұл — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған сындарлы саясаттың жарқын көрінісі. Елбасы алдымызға қойған міндеттерді орындауда, келер ұрпаққа көркейген елді, нығайған бірлікті, тұрақтылық пен байлықты мирас ету жолында баршаңызға сәттілік тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын, жерлестер! Тәуелсіз еліміздің еңсесі биік, тұғыры берік, болашағы баянды болсын,- деді Ермак Сәлімов өз құттықтау сөзінде.

Елімізді мекен ететін түрлі ұлттар мен ұлыстар, тегі басқа болғанмен, тілегі бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Ұлттар тұтастығы мен достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Бүгінде Семейде 40-тан астам өзге ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 17 этномәдени орталық бар. Барлығы мереке күні жеке-жеке ауыл құрып, концерттік бағдарлама ұсынып, бірліктің бекемдігін көрсетті.

Қазақстан бірліктің арқасында көптеген жетістіктерге жете білді,- деген «Возрож-дение» неміс ұлттық бірлестігінің төрайымы Лилия Гончарук Елбасымыз Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің айрықша қазақстандық үлгісі жасалғанын айтады.

— Қазақстан халқының бірлігі күні — керемет мереке. Бүгінгі қазақстандық келісім мен толеранттылық үлгісіне өзге мемлекеттердің қызығушылық танытып отырғаны жасырын емес. Біз үшін бір шаңырақ астында тұрып жатқан ұлттардың бірлігі мен достығы әрқашан бірінші орында тұра бермек,- деді Лилия Павловна.

Орталық алаңдағы мереке жоғары деңгейде аталып өтілді. Түрлі сайыстар, этномәдени орталықтар мен қала мұражайларының қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 час бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

5 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС