"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Нұртай Сабильянов: ЖЕР МӘСЕЛЕСІНДЕ САУАТТЫ АҚПАРАТ ҚАЖЕТ

05.05.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Семей қаласына арнайы жұмыс сапарымен келіп, бірқатар кездесулер өткізді.

Қалалық әкімдікте өткен алғашқы кездесуде халық қалаулысы Н.Салихұлы жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актінің қабылданғанын, тарихи құжат барша қазақстандықтарды достыққа, бейбітшілік пен келісімге үндейтінін атап өтті.

— «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде Тәуелсіздігімізбен қатар жалпыұлттық береке – бірлігіміз де қарастырылған. Сонымен қатар экономиканың дамуы, халықтар арасындағы ұлтаралық келісім де осы тарихи құжаттың негізі болып отыр.  Сондықтан да Мәңгілік Ел болу үшін халықтың береке – бірлігін сақтауымыз керек. Осы бағытта біз «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырамыз деп ойлаймыз, — деді Н.Сабильянов.

Кездесуде ел ішінде жиі көтеріліп жүрген жер мәселесі де талқыға салынды. Осы ретте халық қалаулысы Н.Сабильянов Қазақстанның Жер кодексі 2003 жылы қабылданып, онда ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ел азаматтарына жекеменшікке беру қарастырылғанын атап өтті. Ол сондай-ақ қазақтың жері шетелдіктер мен шетелдік компанияларға ешқашан сатылмайтынына, оның заңда нақты көрсетілгеніне тоқтала келе, осы мәселелерді халық арасында дұрыстап түсіндіру керектігін жеткізді.

— 2003 жылдан бері жерді шетелдік компанияларға жалға беру қарастырылған. 2014 жылы Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, ол бойынша Қазақстан азаматтарына жерді аукцион арқылы сатып алуға болады. Осы арқылы ауыл шаруашылығын дамыту көзделіп отыр. Яғни бұрын жалға алған Қазақстан азаматтарына ол жерді сатып алуға мүмкіндік туып отыр. Ал 2014 жылы жерді шетелдіктер мен шетелдік компанияларға жалға беру жердің мерзімі 10 жылдан 25 жылға өзгертілді. Ол заң осыдан бір жарым жыл бұрын қабылданған. Алайда жерді 25 жылға алып жатқан шетелдік компаниялар жоқтың қасы. Заңда бар, бірақ толық жүзеге асыруға инвесторлар әлі қаржысын салған жоқ, — деген Нұртай Салихұлы, — Сіздердің ойларыңызша, расында да, кейбір мәселелерді қайта қарастыру керек шығар. Осы жайттарға байланысты ойларыңыз болса, ортаға салуларыңызға болады. Жалпы, бұл мәселеге келгенде біз әрқашан да мемлекеттік мүддені көздейміз. Жер — қазақтікі. Найзаның ұшымен, білектің күшімен келген жерімізді біздің ата-бабаларымыз қорғады. Енді сол жерді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Барлығымыз еліміздің патриотымыз. Осы елдің шекарасын шегелеп алған кезде жерді шетелдік компанияларға сатуды көздемеген шығармыз деп ойлаймын. Сондықтан осы мәселеге келгенде ашық ойымызды білдіруіміз керек. Егер де заңда қандай да бір кемшіліктер болатын болса, оны айтуға толық мүмкіндік бар. Біз сол үшін жұмыс істеп жатырмыз. Көптеген ұсыныстар Парламентке келіп те жатыр. Ал осындай кездесулерден кейін халықтың ұсынысын жинап тағы да Мәжіліс төрінде өзара талқылайтын боламыз.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді сату мәселесіне тоқталған Н.Сабильянов жер аукцион арқылы тек Қазақстан азаматтарына ғана берілетінін қадап айтты. Халық қалаулысының мәліметіне сүйенер болсақ, бүгінгі күні Қазақстанда 272 млн. гектар жер қоры бар екен. Соның 100,8 млн. гектары ауыл шаруашылығына арналған жерлер көрінеді. Қазіргі кезде ол жерлер ел азаматтарына жалға берілген болса, оның 1,3 млн. гектарын азаматтарымыз сатып алған екен. Мәжіліс депутатының айтуынша, Қазақстанның қорында 100 млн. гектар жер бар. Міне, соның 1,7 млн. гектары аукционға шығарылып кәсіпкер азаматтарға сатылмақ екен.

— Егер Қазақстан азаматы сол жерді алатын болса,  шаруалардың жұмыс істеуіне қолдау көрсетеді. Субсидия беріп, инфрақұрылымын реттеу мәселелерін шешуге атсалысады. Жер кодексінде жерді жалға алып жұмыс жасап жатқан еліміздің шаруаларына жаңа мүмкіндік туып отыр. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді сатып аламын деген азаматтар жердің кадастрлық құнының 50 пайызына ұсыныс беріп, оны он жылдың ішінде бөліп төлей алады. Ал егер сатып алғысы келмесе, қаржысы жоқ болатын болса, жалға алып пайдалана беруіне болады. Айта кететін жайт, қазіргі кезде жұмыс жасап жатқан шаруа қожалықтарына ешқандай кедергі жоқ, — дейді Н.Сабильянов.

Кездесуде жерді мақсатты пайдалану, түрлі химикаттар мен басқа да тыңайтқыштар қолданып, жерді жарамсыз ету мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл ретте түсінік берген халық қалаулысы Н.Сабильянов ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер тиімді игерілмейтін болса, еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан арнайы құрылған «Агрохимия» мемлекеттік мекемесі мен атқарушы билік жанындағы жер инспекциялары осы мәселелермен тікелей айналысатынын атап өтті. Жерді жарамсыз етуге ешкімнің де құқығы жоқтығын айтқан депутат ондай жағдайда жерлердің мемлекет есебіне қайтарылатынын жеткізді.

Келелі жиын барысы Семей қаласын дамыту мәселелеріне ойысты. Мәжіліс депутаты Н.Сабильянов бүгінгі күні шаһарды дамытудың арнайы бағдарламасы қабылданғанын, дегенмен жұмыс өз деңгейінде жүріп жатпағанын атап өтті. Аталған мәселені халық қалаулылары бірнеше мәрте Мәжіліс қабырғасында көтерген екен. Сөзін әріден қозғаған халық қалаулысы өңірдегі жолдардың да тозығы жеткенін, оны жөндеу үшін үкіметке қаржы бөлу жөнінде ұсыныс жасалып жатқанын да жеткізді.

— Жалпы, Семей қаласын дамыту туралы бағдарламаны қайта қарап, оны қаржыландыруға қосымша қаражат бөлінуі керек. Өйткені Семей қаласында 300 мыңнан астам халық тұрады. Шағын және орта бизнес жақсы дамыған. Салық төленіп жатыр. Қалада көптеген денсаулық мекемелері салынды. Қала бюджеті оның барлығына жете бермейді. Сондықтан Семей қаласын дамыту бағдарламасы арқылы қосымша қаражат берілетін болса, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жақсарады,- деді Нұртай Салихұлы.

Халық қалаулысы жиында мектеп құрылысы, ауыз сумен қамтамасыз ету, жол құрылысы, экологиялық төлемдер мәселесі мен жеке тұрғын үй салуға жер бөлу мәселелерін де көтерді. Халықпен ашық түрде жұмыс істеуді қалыптастыру керектігін айтқан  Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап қайырды.

Осыдан соң Нұртай Салихұлы қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінде студент жастармен кездесу өткізді. Жастар қауымымен жүздесу барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты кеңінен толғап,  өзінің студенттік жылдары, есею кезеңі, алғашқы еңбек тәжірибесі жайында сөз қозғап, қызықты естеліктермен бөлісті. Өзінің туып- өскен атамекені Аягөз өңіріндегі Шыңқожа ауылында өткен жастық шағы жайлы айта келіп, арман қанатында Алматыға жол тартып, қос бірдей оқу орнын тамамдап, білікті маман иесі атанған кездері жайлы тұшымды әңгімеледі. Экономист және құқықтанушы мамандықтарын игерген Нұртай Салихұлы жастарға келешекке сеніммен қадам басу үшін білім иесі атанып, біліктілік жинап, отаншыл һәм мақсатшыл тұлға болып қалыптасу қажеттігін айтты.

Халық қалаулысы сонымен қатар Парламент Мәжілісі сайлауына түскен жылдары туралы да айтып өтіп, өзінің 11 жылдан аса депутат мандаты иесі атанған шақтағы қайраткерлігі жайында да тілге тиек етті. Атап айтсақ, облысымыздың Жарма, Аягөз, Үржар аудандарындағы ауылдық елдімекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен өткізген әңгімелерінің тақырыптары, азаматтардың ұсыныс-тілектері жайында да кеңірек айтып өтті. «Нұр Отан» фракциясының мүшесі ретінде заң шығарушы орган қатарында ел мен жердің игілігі жолындағы бірқатар заңнамалық актілердің қабылдануы мен қайта қаралуына елеулі үлес қосқан Нұртай Сабильянов сонымен қатар Жер кодексіне жаңадан енгізілген түзетулер мен толықтырулар туралы да түсіндіріп өтті.

—  Жер кодексіне  енгізілген өзгертулер мен толықты-рулар ең алдымен ел мүддесі, шаруа қожалықтарының қамы үшін жасалынып жатыр. Бірінші кезекте ел азаматтарына жерді сатып алуына мүмкіндік туып отыр. Ол арқылы жер иелері еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға атсалысып қана қоймай, өз дәулетін де еселейді. Аймағының әлеуеті де артатын болады. Бұрындары бұған мүмкіндік жоқ болатын. Ал жерді өз меншігіне алған ел азаматы оны күтіп-баптап, мейлінше ұқыпты ұстайтыны анық, — деп тоқталып өтті Н.Салихұлы.

Осыдан соң студенттер қауымы халық қалаулысымен еркін тақырыпта пікір алмасып, көкейлерінде жүрген бірқатар сауалдарын қойды. Атап айтсақ, үш тұғырлы тіл мәселесі, еліміздегі жастар саясаты, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру жолындағы атқарылуы тиіс шаралар жайында тұшымды сұхбат өрбіді.

 

Асан МЫРЗАХАН, Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

01.07.2026
Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Онда өңірлерді жедел дамытудың заманауи тетігі белгіленген. «Жедел дамитын...

Толығырақ...Details

Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

01.07.2026
Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді. Бұл құжат мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың қоршаған ортаны қорғау мен...

Толығырақ...Details

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары

01.07.2026
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары

Қазақстан Республикасында электр энергетикасы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін, өндіріс орындарының қызметін және халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сала болып...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

01.07.2026
Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің қолсұғылмаушылығына...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

01.07.2026
«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында партия төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастық өкілдерімен...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

01.07.2026
«Ақ жол» партиясы Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы арнайы мәлімдеме жасап, бұл оқиғаны ел тарихындағы маңызды кезеңдердің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

2 часа бұрын

Табиғатқа жанашырлық алғаш рет конституциялық міндетке айналды: еліміздің жаңа Ата Заңы күшіне енді

3 часа бұрын

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормалары

4 часа бұрын

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

4 часа бұрын

«Әділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған ұсыныстар әзірлейді

4 часа бұрын

«Ақ жол» партиясы Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады

5 часов бұрын

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

5 часов бұрын

Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

5 часов бұрын

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

5 часов бұрын

Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС