Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қайсар аға ұрпақтың қаһарман ерліктері, өмір жолдары — жастарға үлгі-өнеге. Бүгінде соғыс және тыл ардагерлері еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдай отырып, жастарға патриоттық тәрбие беруде үлкен үлес қосуда. Біз сіздердің ерліктеріңіз бен қайсарлықтарыңызға бас иеміз. Сіздерге зор денсаулық, әр отбасына береке — бірлік, бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңызға бейбіт күннің шуағы төгіле берсін!
Ізгі ниетпен, Нұртай САБИЛЬЯНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
«Нұр Отан» партиясы парламенттік фракция жетекшісінің орынбасары.