Сіздерді 7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке — батырлық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді.
Елбасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Қарулы Күштері саласының кәсіби біліктілігі, техникалық қуаты кемелдене түсуде. Еліміздің әскери әлеуеті артып, іс-тәжірибе базасы толысты. Мемлекетіміздің шекарасы бекемделіп, бейбітшілігіміз нығайды.
Қазақстан әскері қатарында қызметін өткеріп жүрген барлық азаматтарды, жауынгер – интернационалистерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ
Қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек АҚЖАЛОВ.