"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРЛІКТІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

12.05.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ел басына қатер төнген күн, ерлер елі үшін отқа түскен күн ешқашан ұрпақ жадынан өшпек емес. Керісінше, жылдар көші жылжыған сайын, жаңа қырынан танылып, жаңа буын үшін ұлағаты артып, жұртшылық көкейінде жаңғырып тұрмақ. 9 мамыр күні Жеңістің 71-ші мерекесі Семей қаласында да барынша сән-салтанатпен өз мәнінде аталып өтті.

Бұл күні қалалықтар Орталық алаңға мол жиналды. Көпшілік алдында қала әкімі Ермак Сәлімов сөз алып, аталмыш мерекеге орай құттықтау лебізін білдірді. Өз сөзінде осынау мерекенің тағылымдық мәніне баса тоқталған шаһар басшысы жеңімпаз соғыс және еңбек ардагерлерін мерейлі мейраммен құттықтап өтті.

— Елдік пен ерліктің, өрлік пен өшпес рухтың символына айналған Жеңіс күні мерекесі баршаларыңыз үшін құтты болсын!- деп ақ тілек тізгінін ағытқан Ермак Бидахметұлы ардагерлер қауымына зор денсаулық, шаңырақ шаттығын тіледі.

Осыдан соң сөз тізгінін соғыс ардагері, ШҚО және Семей қаласының Құрметті азаматы Ғабдулғазиз Гайнутдинұлы Ахмеров алды. Қарт жауынгер өз сөзінде бүгінгі бейбіт аспан астындағы тыныштық ұялаған еліміздің ертеңі жарқын болуына тілектестік білдіре келе, кешегі күндей күркіреп өткен сұм соғыста шейіт болған боздақтар есімін әсте ұмытуға болмайтынын айтып өтті. Бұл игілікті қасиет — келешек ұрпаққа да аманат.

Осыдан соң Жеңіс күніне арналған мерекелік салтанатты шеру басталды. Орталық алаңнан Жеңіс саябағына дейінгі аралықты жүріп өту үшін қалалықтарды соғыс және тыл ардагерлері отырған соғыс жылдарындағы әскери техникалар бастап шықты. Театрландырылған көріністі көлік үстінде сомдаған қалалық өнерпаздарға жиналған көпшілік, әсіресе жастар, зор қошемет білдіріп, ұрандап тұрды. Олардың соңынан «Өлімді жеңген полк» шеруі ілесті. Майдан даласынан оралмаған боздақтар мен өмірден озған соғыс ардагерлеріне көрсетілген орасан құрмет еді бұл. Осынау шараға биыл жүздеген қала тұрғындары қатысты. Бірі атасының, енді бірі ағасы мен бауырының, кейбірі соғыста із-түзсіз кеткен туыстарының фотосуреттерін мақтанышпен алып шығыпты. Батырлардың есімдері, Отанын қорғаған қайсар рухты батыр ретінде, тарих бетінде мәңгіге қатталып қала бермек.

Қалалықтар Интернационал көшесінің бойымен шерулетіп жүріп өтті. Көшенің қос қапталында осы мезетте қаламыздың мектептері мен колледждерінің студенттері шерушілерді қошеметпен қарсы алып, ұрандап тұрған болатын.

Шеру соңында соғыс және тыл ардагерлері Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау жанында майдан даласында шейіт болған боздақтар мен бүгінде арамызда жоқ соғыс ардагерлеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Өшпес ерліктің символына айналған алау жанында сол бір сұрапыл жылдар куәгерлерін еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды.

Осыдан кейін, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша, саябақ іргесіндегі әскерилер палаткасында соғыс және тыл ардагерлеріне арналып шағын дастарқан жайылды. Мұнда қариялар қауымы мен мерекелеуші көпшілік солдат ботқасынан дәм татты.

Жиналған ардагерлер алдында қала әкімі Ермак Сәлімов құттықтау сөз алып, ізгі тілегін білдірді. Барша ардагерлер қауымына денсаулық, амандық тіледі.

Осыдан кейін ардагерлер қауымы құрметіне соғыс жылдары әуендерінен тұратын мерекелік әндер ұсынылды. Ақ тілектер легі ағытылып,  қариялар қауымы да кезегімен сөз алып жатты. Қалалық көнекөздер бейбіт өмір мен ортақ Отанымыздағы тыныштық, береке-бірліктің арта беруіне баталы тілектерін білдірді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 час бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 час бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС