"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕР ШАҢЫРАҒЫНДА

12.05.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласында тұратын соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан жарты миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов алдымен соғыс ардагері Николай Верещагиннің шаңырағына бас сұқты. Майдангер 101 жаста. 1940 жылы Семей қаласынан әскер қатарына шақырылған жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтіп жүргенде, соғыс басталғандығы жайлы суық хабарды естиді. Николай Александрович 1941 жылы Смоленск қаласы түбіндегі ұрысқа қосылып, кейін 2-ші Украин майданына аттанады. Одан ары қарай Молдованы, Румынияны, Венгрияны, содан соң Чехословакия мен Австрияны  азат етуге қатысады. Жеңісті ақсақал Австрияның астанасы Венада қарсы алған екен. Соғыс ардагері Николай Верещагин майдандағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Мәскеуді азат еткені үшін», «Будапешті азат еткені үшін», «Венаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» сынды медальдармен марапатталған. 1948 жылы майдангер Семей қаласына оралып, Жоғары Ертіс бассейнінде қызмет атқарады. Соғыстан кейінгі өндірісті өркендетуге өз үлесін қосады. Зейнеткерлікке шыққан соң жас ұрпаққа арнап өзінің өмірден түйгендерін, қатарластарының ерлігі жайлы естеліктерін қағаз бетіне түсіріп, екі кітап қылып жарыққа шығарған. Өзін құттықтай келген аймақ басшысына майдангер осы еңбектерін сыйға тартты.

Сондай-ақ аймақ басшысы соғыс ардагері Қалиасқар Искаковты да мерекемен құттықтады. Даниал Кенжетайұлымен өрбіген әңгімеде майдангер өзінің әскер қатарындағы жылдарын еске алды. Қарт жауынгердің айтуынша, 1941 жылы Алматы жаяу әскер училищесінің курсанты болған. Майдангер Мәскеу түбіндегі Красное және Крюково селоларындағы қантөгіс шайқастарға қатысады. Аяғынан ауыр жараланып, госпитальда емделеді, одан шыққан соң Кутузов орденімен марапатталған. Майдангер сонымен қатар Ленинград, 3-ші Прибалтика және 1-ші Украин майдандарында соғысады.

Аймақ басшысы ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілейтінін айтты. Сондай-ақ Даниал Кенжетайұлы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 500 мың теңгенің қаржылай сертификатын табыс етіп отырғанын атап өтті. Жеңіс күніне орай сыйлық алған ардагерлер де өздеріне әрқашан да қамқорлық танытатын Мемлекет басшысына алғыстарын білдірді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 час бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 час бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС