"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ — БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК

17.05.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Құқықтық сауаттылық — қай кезеңде болмасын күн талабынан түспейтін мәселе. Қоғамдағы көптеген келеңсіздіктер  заң нормаларын жете білмеуден, қала берді әр азаматтың өз құқығын білмеуден келіп туындап жатады. Ал бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында қазіргі таңда тиісті органдар тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Өткен аптаның жұмасы күні Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай, Семей қаласында «Мәңгілік Елдің «Заң керуені» атты кең көлемді акция ұйымдастырды. Аталмыш игілікті шараға  облыс прокуратурасының 150-ден астам қызметкерлері арнайы келіп қатысты. Ал қарапайым қалалықтар үшін берері мол акцияның беташар рәсімі қалалық әкімдіктің кең залында өтті. Шараның ашылу рәсіміне облыстың бас прокуроры Бағбан Тайымбетов, «Нұр Отан» партиясының ШҚО бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, облыс прокурорының орынбасары Виталий Шабер, Семей қаласының прокуроры, әділет кеңесшісі Тәжиден Найманов, Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Игорь Шацких келіпті. Зал толы прокуратура саласының қызметкерлері алдында аймақтың бас прокуроры Бағбан Тайымбетов кіріспе сөз алды.

— Бұл ұйымдастырылып отырған акцияның мақсаты қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, азаматтардың қорғалуы, құқықтық мәдениетін арттыру және туындайтын мәселелерді шешу болып табылады,- деді өз сөзінде облыстың бас прокуроры. — Сондай-ақ тұрғындар сауалдарына жауап беру, әсіресе қазіргі қоғамымыздағы өзекті болып отырған жайттар турасында мағлұматтарға қанықтыру. Осы мақсатта арнайы келіп отырған 150 прокурор қаланың сауда орындары мен базарларын аралап, тұрғындар сұрақтарына орай, заң талаптарын түсіндіріп, олардың жеке құқықтары туралы айтып береді. Және, ең бастысы,  Жер заңнамасының нормаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы «Жер кодексінің жеке нормаларына мораторий енгізу туралы» Жарлығын түсіндіруге баса назар аударылатын болады. Қазір көрші Бесқарағай, Бородулиха аудандарында да прокурорлар халыққа Жер кодексінің өзгерістерін түсіндіріп жатыр. Егер халық Жер кодексіндегі өзгерістердің мына тұсына келіспейміз деп жатса, оны да ескеру қажет,- деді облыстың бас прокуроры.

Аталмыш жиын барысында пікір білдірген шаһар әкімі Ермак Сәлімов те ұйымдастырылып отырған «Заң керуені» акциясының береріне тоқталып өтті.

— Бұл шарада тек мораторий жарияланған Жер кодексі түсіндіріліп қана қоймай, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға да мән беріледі,- деді қала басшысы.- Қажетті ақпарат жетпегендіктен, түрлі проблемалар туындайды. Сондықтан да қарапайым халыққа жер мәселесін түсіндіру, осы реттегі олардың да талап-тілегін ескеру қажет деп ойлаймын.

Осылайша, облыс прокуроры Б.Тайымбетовтің төрағалығымен Семей қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы мен облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері басшылары кіретін штаб өз жұмысын бастап кетті. Акция  барысында прокурорлар қаланың жоғары оқу орындарына, ірі сауда кешендеріне, базарларға, қоғамдық орындарға, адамдар көптеп жиналатын көшелерге, сондай-ақ қаланың Холодный ключ, Бобровка, Водное, Восточный саяжайлары, Жазық аудандарына, сондай-ақ Семей қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігіне кіретін ауылдық округтеріне барды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

51 минута бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

54 минуты бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС