"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БАР

17.05.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның сенбіcі күні қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған әкімдіктің бөлім басшылары және коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің жетекшілері шаһардың Комсомол кентінің іргесіндегі жаңадан салынған үйлердің тұрғындарымен кездесті.

Айта кетерлігі сол, кенттің күнгейінен бой көтерген бұл үйлер қаланың ең жаңа көшелерін құрайды. Шамамен он шақты жылдың көлемінде салынған жаңа баспана иелерінің жергілікті атқарушы билік иелеріне айтары көп екен. Ең басты мәселе — электр қуаты. Арнайы трансформатор мен электр бағаналары құрылмағандықтан, әр үй қуат көзін көршілерінен алуға мәжбүр. Сәйкесінше, тұтынылған ақыны да бөліп төлейді. Екінші кезектегі мәселе – ауыз су. Тұрғындар тіршілік көзін бір шақырымдай жердегі колонкадан тасымалдап ішуге мәжбүр. Одан кейінгі мәселе — жолдың жоқтығы мен әр үйдің маңайында үйілген қоқыстың шығарылмауы. Одан өзге де тұрғындар үшін өзекті мәселелер қатары баршылық екен. Ал мұның барлығының бір ғана себебі,  аталмыш аумаққа бір замандарда үй салуға рұқсат берілгенімен, кейінгі жылдарда құрылыс мақсатында жер сатуға мораторий жарияланып, тиісті коммуналдық инфрақұрылымның жүргізілмеуі болып отыр. Мұны тұрғындар да жақсы біледі. Сондықтан да тұрмыс тауқыметіне сабыр етумен келеді. Тек әкімдікке қояр басты екі өтініштері бар – әр үйге талапқа сай электр қуатын жеткізіп, ауыз су мәселесін шешіп беру ғана. Ал жол жуық арада салынады деп үміттенбейді. Бұл проблемамен тоқайласып отырған шамамен 100-дің үстіндегі  шаңырақ екен.

Жиын барысында қала әкіміне арыз-шағымдарын ақтарған тұрғындар өкпе-реніштерін де жасырмады. Десек те жұртшылықты жұбатқан шаһар басшысы аталмыш бағытта жұмыс жүргізіліп жатқандығын, анығырақ айтқанда, ілгерілеу бар екенін жеткізді. Яғни электр қуаты мәселесін шешу бойынша тиісті құжаттамалар реттеліп, арнай жоба жасалынған. Тек оның жүзеге асу мерзімі келесі жылға белгіленіп отыр. Аталмыш жобаның құны 159 млн. теңге деп межеленуде. Алайда оның нақты көлемін алдағы уақытта сараптамалық комиссия нақтылайтын болады. Ал тұрғындардың ауыз су мәселесі биылғы жазда жартылай шешіледі деуге негіз бар. Аталмыш жиын барысында аталмыш аумақ үшін жазғы мезгілге арналған уақытша су құбыры тартылмақ. Бұл жайында «Семей Водоканал» МКК техникалық директоры Н.Лукин мәлімдеді. Айта кетерлігі сол, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2020 жылы қаламыздағы барлық жеке секторлардағы тұрғын үйлерге ауыз су жеткізілуі тиіс. Ол алдағы уақыттың еншісінде.

Қала әкімі аталмыш аумақта қордаланған мәселелердің бар екендігін тілге тиек ете келе, бюджеттің бүйіріне қарай тұрғындар тілегінің орындалатынын жеткізді.

Қ.ӘЛІМБЕК, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

51 минута бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

54 минуты бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС