"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТІЛІМДЕЙ ЖЕРГЕ ТІЗІМ КӨП

24.05.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның жұма күні қаламыздағы ақпарат орталығында қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Аталмыш шараға қалалық  жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов, шаһардың бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқиланов және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл күнгі қозғалған негізгі тақырып тұрғындарға, яғни жекеменшік иелігіне әр азаматқа 10 соттықтан жер беру мәселесі болатын. Басқосуда алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Қайрат Ерембесов кең көлемде түсінік беріп өтті.

— Соңғы уақытта қаламыз бойынша 10 соттықтан жер алуға өтініш берушілер саны күрт артып отыр. Яғни тұрғын үй құрылысын салу мақсатында тегін берілетін телім үшін соңғы 4 айдың ішінде 5 мың адам өтініш беріпті. Ал осыған дейін кезекте тағы бес мың адам тұрған болатын. Әйтсе де бұл ретте ескерте кетер бірқатар мәселелер бар. Айта кетсек, әрбір ҚР азаматына 10 соттықтан жер беру туралы заң бұрыннан бар, бірақ құрылыс салу мақсатындағы жер учаскелерін беруден бұрын мемлекет ол аймақты даярлауы қажет. Яғни, коммуналдық қызмет үшін инженерлік инфрақұрылым жүйесін жүргізу бірінші кезекте орындалуы тиіс. Оның ішінде, әлбетте, электр желісі мен су құбыры тартылуы керек. Ал онсыз жер берілмейді. Алайда өтініштер қабылдана береді. Яғни, азаматтарды тізімге аламыз. Қазіргі күні қаламыз бойынша жер беруге мораторий жарияланғаны белгілі,- деді өз сөзінде Қайрат Ерембесов. Қала әкімінің орынбасары сонымен қатар аталмыш тақырыпта түсінбеушілік пен негізсіз сөздер жүргенін де жеткізе кетті. Аталмыш тақырып бойынша қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов те түсінік беріп өтті. Қазіргі күні еліміздің әр азаматына тегін жер беру өзге өңірлерде де өткір тұрған мәселелер қатарына жатады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша 112 мың адам өтініш берсе, Астана қаласы бойынша 101 мың адам кезекте тұр. Ал Семей қаласы бойынша 10 мың адам шамасындағы тұрғын тізімге алынған. Сүлеймен Медеуұлы айтып өткендей, әрбір азамат бір мәрте ғана 10 соттықтан жер алуға құқылы. Дегенмен өтініш бергендер арасында қайталанған аты-жөндер де бар. Ал тіркеуге алынған өтініштер арнайы құрылған комиссияның қарауынан өтеді. Содан кейін ғана нақты шешім шығарылады. Алайда, жоғарыда айтып өткендей, ол үшін тұрғын үй құрылысын салуға даярлық керек. Өйтпеген жағдайда, күрделі проблема туындайды. Мұндай мәселелер қаламызда қазіргі күннің өзінде де бар. Ал қала іргесіндегі телімдердің инженерлік инфрақұрылымының даярлануы жайлы қаланың бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқиланов түсінік беріп өтті. Алдағы уақытта шаһардағы құрылыс жұмыстары, оның ішінде жаңадан тұрғын үйлер салу ісі бекітілген Бас жоспар аясында жүзеге асатын болады. Ал бұл ретте қала бойынша Суықбұлақ, Комсомол, Ақсай елдімекендерінде инженерлік инфрақұрылым жүргізу ісі көзделуде. Биылғы жылы Суықбұлақ кентінде жоспарлы шаралар жүргізілмек. Бірінші кезекте электрлендіру жұмыстары қолға алынбақ. Бағаналар орнатылған. Сонымен қатар Ақсай аумағы бойынша екі кезеңмен жұмыс жүргізілетін болады. Жалпылама алғанда, бұл аудандардың барлығы тұрғындар қажеттілігін өтей алмайды. Сол себепті қосымша қордағы жер телімдері қарастырылмақ. Бұл ретте Суықбұлақ кентіндегі Жібек жолы аумағы, Жарқын елдімекені маңы, Ақсай мен Птичник аумағы арасындағы Аққайың сынды жер алаптарына келешекте ел қоныстанбақ.Қорыта айтқанда, жер беру мәселесінде алдағы уақытта шешімін күткен бірқатар мәселелер бар. Оның барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатын болады. Сол үшін де алаңдауға, асығыстық жасауға негіз жоқ.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 минута бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

4 минуты бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС