"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛДАР АЖАРЛАНА БЕРМЕК

31.01.2014
АУЫЛДАР АЖАРЛАНА БЕРМЕК
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда аудандағы Бестерек, Ақжар және Үржар ауылдық округтерінің әкімдері халық алдында есептік жиын өткізді. Аудан әкімі Серік Зайнулдин ауыл басшыларының есептерін тыңдады, пікір айтты. Үш ауыл да мәуелі жеміс пен алтын астық өндіріп отырған округтер. Жылдың жағымды жаңалықтары мен қуанышты оқиғалары да жетерлік. Бестерек ауылында жуырда ғана жаңа амбулатория үйі пайдалануға берілді.  Ауыл ортасынан саябақ ашуға аудан басшысы үлкен көмек көрсетті. Округ әкімі Талғат Ерғазы мұны өз баяндамасында атап өтті. Дейтұрғанмен, тұрғындардың  айтар ұсыныстары өтініштері де бар. Мәселен,  ауызсу мәселесі орын алған, тіс дәрігері жоқ. Ауыл тұрғындары  бір кездегі колхоздың алма бағына бір бағбанның керектігін де айтады.  Сондай-ақ, мектептерге спорттық жабдықтар қажет дейді олар. Сол сияқты көшелердің жарықтандырылуы, мал табынын ұйымдастыру, ауыл тазалығы басты орындарда. Сөз алған Ерлан Ниязбекұлы, Қайырбек Саматеев, Қасымхан Көкеев, Әнуарбек Қайыров, Жәкен Еділбаев, Марина Сергиенколар  өз ауылдарының бүгінгі жақсылығына сүйінсе, кемшін тұстарына қынжылыс білдірді.

Ақжар ауылдық округіне тағайындалғанына көп уақыт өте қоймаған Тәуіржан Шоманов алғаш рет есеп берді. Әкім ауылдықтар атынан  аудан әкімі С. Зайнулдинге мектепке автобус бергені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ өз сөзінде округтегі суармалы жерлердің игерілуі кемшін екенін айтты. Зоотехник, мал дәрігері мамандары жетіспейді. Ендігі арада бұл проблемаларды шешуге күш салынбақ.

 

{jcomments on}Үржар ауылдық округінің әкімі Сайлауғазы Шарықбаевтың  жасаған баяндамасы көлемді болды. Аудан орталығы болған соң мұнда ауқымды жобалар қолға алынып, айтарлықтай шаруалар жасалған. Орталықтағы төрт жерге арка орнатылып, түнгі көшелерге әшекейлі жарықтар ілініп, безендірілген. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Абай, Воронков , Семушкина көшелеріне асфальт төселген. Семушкина көшесі жарықтандырылып,  бірқатар көшелерінің бұрылыстары жөнделген. Екі қабатты үйлердің ауласына балалардың ойын алаңы жасалып, абаттандырылған. Сондай-ақ, орталыққа «Бәйтерек» монументінің 15  метрлік көшірмесі қо-йылды. Есеп беру жиынында ауыл тұрғындары мал өнімдері мен астық өткізу, ауылшаруашылық тауарларын сату, ауыл сыртындағы қатты қалдықтарды төгетін орындағы берекесіздік  сынды мәселелерді көлденең тартты.

 

Барлық ауылдық округтерде сөйлеген  сөзінде аудан басшысы Серік Зинабекұлы елді мекендердің тазалығы, ауызсу, салықтың түсуі, ауылшаруашылық бағытындағы жерлердің игерілмеуі, тұрғын үй,  жаңа мектептердің құрылысы, елді мекендердегі «Туған жерге — тағзым» акциялары аясында жұмыс жасау, өндіріс орындарын салу сынды мәселелер төңірегінде ой қозғады. Сондай-ақ,  аудан әкімі ауылдық округтерде өткен жиындардың барлығында да Елбасы                 Н. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының басым бағыттары жайлы ақпарат беріп отырды.

Берікхан ТАЙЖІГІТ,

«Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

12 часов бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

5 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

6 дней бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

6 дней бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

7 дней бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

7 дней бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС