"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ ҚҰНЫ КӨТЕРІЛЕДІ

27.05.2016
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен 6 мамыр күні «Шығысэнерготрейд» компаниясы электрмен жабдықтау қызметтеріне орташа тарифті кВт сағатына 13, 105 теңге көлемінде бекіту үшін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментіне өтініш жіберген еді.  Енді маусым айының орта тұсынан бастап белгіленген тариф құны қолданысқа енгізіледі деп жоспарлануда. Бұл жайында апта басында Семей қалалық әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдауда мәлім болды.

Қоғамдық тыңдауға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және қоғамдық ұйымдардың бір топ белсенділері жиналды. Отырыс ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцеваның жетекшілігімен өтті. «Шығысэнерготрейд» компаниясының өкілі Елена Ивченко атап өткендей, тариф құнын көтеруге электр станцияларынан қажетті қуатты сатып алу шығындарының өсуі, шикізат материалдарының қымбаттауы және ағымдағы жылы қолға алынатын инвестициялық бағдарламаны іске асыру негіз болыпты.

— Біздің мекемеміз 2004 жылы құрылған еді. Кәсіпорын үлесінің басым бөлігі «ШҚ АЭК» АҚ-на тиесілі. Тұтынушылардың саны 400 мыңнан асып жығылады. Қызмет көрсету аумағымыз 282 мың шаршы шақырымды құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар — сәуір айларында залалды өтеу көлемі 604 млн. теңгеге дейін жетті. Осы ретте қазіргі белгіленген тариф құны мекеменің тиісті деңгейде жұмыс істеуіне жеткіліксіз екендігі анықталып отыр. Соған байланысты біз жабдықтау үстемеақыны кВт сағатына 0, 454 теңге көлемінде бекітуді жөн санап отырмыз. Әрине, бағаны 79%-ға өсіру тұтынушыларға қолайсыздық тудыруы ықтимал екенін жасырмаймыз. Алайда осы тарифтің негізінде бір жылда жабдықтау үстемеақының орташа есебі кВт сағатына 0, 369 теңгені құрайтын болады. Өткен жылы бұл көрсеткіш кВт сағатына 0, 336 теңге көлемінде тұрақтаған еді,- деп атап өтті Е. Ивченко.

Сондай-ақ басқосуда «Шығыс-энерготрейд» мекемесінің өкілі жинал-ғандарға ШҚО-ғы электр қуатының тарифі еліміз бойынша ең төменгі бағада екенін де айтып өтті. Қоғамдық тыңдауда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері монополистерге өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, пікір алмасты.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

11 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

14 минут бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС