"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨКПАРШЫЛАРЫМЫЗ КӨШ БАСЫНДА

31.05.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мамыр айының 18-24 күндері аралығында Өскемен қала-сында ШҚО әкімінің жүлдесіне арналған XX Халықтық спорттық ойындардың жалауы желбіреген болатын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған сайыста Семей қаласының құрамасы 11 алтын, 12 күміс және 8 қола жүлдені еншілеп, бейресми командалық есепте 2-ші орынға тұрақтады. Бұл туралы өткен жұма күні қалалық Ақпарат орталығында жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Әйтсе де басқосу барысында сөз алған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі Мұрат Құржықаев спортшыларымыздың бірқа-тар спорт түрлерінен үмітті ақтамағанын тілге тиек етіп, бұл нәтижеге көңілі толмай-тындығын ашық жеткізді.

— Биылғы Халықтық спорт-тық ойындарға бірқатар өзге-рістер енгізілді. Мәселен, ойын бағдарламасынан жорға және тай жарысы, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, асық ату, президенттік көпсайыс сынды жарыстар алынып тасталыпты. Оның орнына дзюдо және еркін күрес қосылды. Ат спортынан тек 15 және 25 шақырымдық аламан бәйге ғана қалдырылған. Осы жарысқа Семей қаласынан 156 адам аттанған еді. Оның ішінде шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, көкпар, аламан бәйге және еркін күрестен біздің саңлақтар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Әсіресе көкпаршыларымыздың жетістігі мерейімізді асырды десек те болады. Себебі семейлік көкпаршылар Халықтық ойындардың 20 жылдық тарихында тұңғыш рет жеңімпаз атанып отыр. Алайда футбол мен қазақ күресінен сынға түскен жігіттердің өнері көңілден шықпады. Жасыратыны жоқ, ең жоғары жүлдені осы спортшылардан күткен едік. Семей — футболдың отаны екені және қазақ күресінен «Қазақстан барысы» жобасының чемпиондары біздің қаламыздан шыққаны белгілі. Бірақ аталмыш сайыстарда үкілеп апарған спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көріне алмады. Сондай-ақ волейболдан ерлер командасы да әлсіздіктерін байқатып қалды,- деп атап өтті Мұрат Мұрсаханұлы.

Сонымен қатар облыс әкі-мінің жүлдесіне арналған до-да барысында көрсетілімдік бағдарламаға кураш, човган, биік бағанаға шығу сынды бірнеше ойындар жұртшылық назарына ұсынылып, киіз үйлер байқауы өткізіліпті. Осы байқауға түскен Семейдегі Достық үйінің татар мәдени бірлестігі ұлттық дәстүрлерінен көрме ұйымдастырып, әділ қазылар тарапынан үздік деп танылған екен.

Бұдан өзге 20-шы мәрте жалауы көтерілген Халықтық спорттық ойындардың ашылу салтанатына қатысқан Семей қаласы құрамасының киім үлгісі де жоғары бағаланыпты.

Баспасөз мәслихаты барысында дзюдодан қала құрамасын бастап барған жаттықтырушы Иван Цыкунов жерлес палуандардың сәтсіз-дігіне тоқталып, алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол бермеуге күш салатындарын жеткізді.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

37 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

40 минут бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС