"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАРБАҒАТАЙ ТӨРІНДЕГІ ДҮБІР

31.05.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі, 28 мамыр күні Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатта есте   қалатын екі үлкен қуанышты жаңалық орын алды. Ақсуаттың орталығында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтіп, сәлден соң «Мәңгілік Ел» дамалыс саябағының алдындағы алаңда Ырғызбай Досханаұлы атындағы жүлде үшін қазақ күресінен ІV халықаралық Гран – При жарысы өтті. Тарбағатайдың төсінде өткен дүбірлі додаға елең етпеген ел қалмаған болар.

Аудан орталығы Ақсуат бұл күні құлпыра түскендей. Ұлы Абай ескерткішінің ашылуы мен атақты палуандардың халықаралық бәсекесін тамашалауға келгендердің қатары қалың. Кәрі құрлық пен сары құрлықтан келген апайтөстер алдымен ұлы ақынға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына жиналды. Балуандар қаймағы бұзылмаған қазақы қонақжайлыққа таңдай қақты, таңырқасты. Ескерткіштің ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин құттықтау сөз сөйледі. Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев, Абай ауданының ардагер спортшысы Майдан Мұқанов, Абай және Ақсуат аудандарының Құрметті азаматы Нәсен Сембаев пен Абай мүсінін жасаған суретші Әлібек Шоқанов жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ақын Дулат Шіденинұлы Абай ескерткішінің ашылу құрметіне арнаған өлеңін оқыды. Төлеуғазы Нұрғалиев ақсақал салтанатты сәтті тамашалап тұрған барша жұртқа ақ тілек айтып, батасын берді.

— Ұлы бабамыз Абайдың ескерткіші Тарбағатайдың төріне қойылып отыр. Мұның өзі өсіп- өркендеудің, еңбеккер елдің береке-бірлігінің нәтижесі. Ақсуаттың орталығы жайнап кетіпті. Аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлының еңбегін ерекше айтқым келіп тұр. Елге білімді, іскер, халыққа жаны ашитын басшы келсе, бұл жарты бақыт дейді. Сол ел сол басшыны түсініп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тізе қосып еңбек ететін болса, бұл бүтін бақыт дейді. Міне, сіздер қазір бүтін бақытқа кенелгендей болып тұрсыздар,- деді Нәсен Сембаев.

Абай ескерткішін атақты спортшы Дәулет Тұрлыханов пен Абай ауданының ардагер спортшысы Майдан Мұқанов, атақты журналист Сайраш Әбішева мен еңбек ардагері Дүйсен Сұлтанов және қарт ұстаз Қанданиша Мырзатаева салтанатты түрде ашты.

Абай ескерткішін тамашалап, әсерлі сезімге бөленген қалың көпшілік енді күрес алаңына бет алды. Тарбағатайлықтардың спорт десе жанып түсетін жақсы қасиеті бар. Аудан спортшыларының облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілетін дәстүрлі спартакиадада биыл алтыншы жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп отырғаны соның айқын дәлелі болса керек. Қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлына арналған, биыл төртінші рет өткізіліп отырған, Дүниежүзілік күрес спорты одағының күнтізбелік кестесіне енгізілген халықаралық Гран — При  жарысының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегі спорт комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Дөңбаев, атақты спортшы Дәулет Тұрлыханов, ФИЛА Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының комитет төрағасы Гинтаутас Вилейта және «Нұр Отан» партиясы Төрағасы орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли құттықтау сөз сөйледі. Берік Уәли «Нұр Отан» партиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Құл — Мұхаммедтің турнирдің ашылуына байланысты жолдаған құттықтауын оқып берсе, аудан әкімі Ділдабек Тәжібайұлы облысымыздың бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудан халқы мен спортшыларға арнаған құттықтау хатымен таныстырды. Салтанатты сәтте Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының президенті Серік Түкеев жұртшылықты дүбірлі жарыстың ашылуымен құттықтай отырып, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаевқа, Қаз ИГЗУ–дың ректоры, саяси ғылымдар докторы, ғалым Шырын Құрманбаеваға Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы атынан «Қазақ күресіне қосқан ерен еңбек үлесі үшін» медалін тапсырды.

Балуандар бәйгесіне биыл да бірқатар ірі — ірі компаниялар, белгілі кәсіпорындар демеушілік жасаған екен. Жарысты ұйымдастыруға демеуші болған Бәделхан Кәмәлханұлы бастаған елімізге белгілі азаматтардың атына да алғыс, тілектер көп айтылды. Азия мен Еуропаның жиырма екі елінен келген атағы жер жарған ең мықты деген палуандардың белдесулері өте тартысты жағдайда, қызықты болды. Өз салмақ дәрежелері бойынша қазақстандық Ерсұлтан Мұзаппаров, ресейлік Владимир Золоев, украиналық  Станислав Бондаренко, беларусь Александр Ваховяк, қазақстандық Ғани Сейділдаев, ресейлік Эммерт Денис, грузиялық Давит Лориашвили жеңіс тұғырына көтерілді.

Хамза СӘТИЕВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 день бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

3 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

5 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

5 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС