"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӘРЕДЕ ЖАС ВЕЛОШАБАНДОЗДАР

03.06.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде веложарыстан жасөспірімдер арасында қаланың ашық біріншілігі ұйымдастырылды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған сайысқа биыл 60-қа жуық спортшы қатысуға ниет білдіріпті.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен қолға алынған аталмыш аламан Түйемойнақ аралында өткізілді. Оның мақсаты Қарағанды облысында жалауы желбірейтін «Олимпиада үміті» турнирінде Семейдің намысын қорғайтын үздік спортшыларды іріктеу әрі өскелең ұрпақты бұқаралық спортқа тарту болып табылды. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топқа бөлініпті. Олар топтық сайыс бойынша 15 шақырымдық кезеңде өзара кіл мықтыларды анықтады.

— Жекелей жарыстар бізде үнемі өткізіліп келеді. Ал топтық сайыстарда тәжірибеміз аз. Қарағанды облысында ұйымдастырылатын республикалық додада біздің шәкірттерімізге 5 топтық кезеңде өз күштерін дәлелдеуге тура келеді. Сондықтан бүгінгі біріншіліктің форматы өзгеше. 15 шақырым балалар үшін аса қиындық тудырмайды. Кәсіпқой велошабандоздардың өзі 200 шақырым қашықтықта өз мықтылықтарын анықтайды. Чемпионат екі күнге жалғасады. Оның нәтижесінде қала құрамасы жасақталатын болады. Айтарлықтай нәтижелеріміз жоқ болса да, қоржынымызға қомақты жүлделерді түсіретін дарынды шәкірттеріміз бар. Алдағы сындарда олардың намысты қолдан бермейтініне кәміл сенімдіміз,- дейді Семей қаласы құрамасының велоспорттан аға жаттықтырушысы Валерий Бакунькин.

Дәл сондай келешегінен зор үміт күттіретін спортшылардың бірі — Ислам Қабкенов. Жас өреннің спорттың осы түрімен айналысып жүргеніне көп уақыт өте қоймапты. Соған қарамастан, болашақта кәсіби тұрғыда айналысуды мақсат етіп отыр. Өзінің үлгі тұтатын велошабандозы да жоқ емес екен.

— Төрт айдың көлемі болды осы велоспортқа келгеніме. Өзімнің жаныма жақын. Жылдамдықты ұнатамын. Алдағы уақытта жекелей жарыста уақыт көрсеткішімді жақсартқым келеді. Биік жетістіктерім әзірге жоқ. Жетістіктерге жету үшін табжылмай жаттығып, тер төгіп еңбек ету керек. Оған мен дайынмын. Әрбір жас қазақстандық велоспортшылар Александр Винокуров сияқты Олимпиадада жеңіске жетіп, көк байрақты асқақтатуды армандайтыны рас. Мен де сол дарынды спортшы секілді елімнің мәртебесін асырғым келеді. Бұл мақсатыма жету үшін мен аянып қалмаспын,- дейді И.Қабкенов.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

41 минута бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

44 минуты бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС