"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘУЕНДІ СУБҰРҚАҚ АШЫЛДЫ

03.06.2016
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Таяуда Үржар ауылында, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, бүлдіршіндердің игілігі үшін Балалар саябағында жаңа заман талабына сай түрлі түсті, әуенді субұрқақтың ашылу салтанаты өтті. Еліміздің болашағы балалардың алаңсыз өмір сүруіне, бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасап, назардан тыс қалдырмай, ерекше көңіл аудару Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының басым бағыттары болып қала бермек.

Әдемі әуенімен бірге қозғалатын субұрқақтың ашылу салтанатында алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдинге берілді. Аудан тұрғындарын осынау әсем субұрқақтың ашылуымен құттықтаған аудан басшысы өз сөзінде:

— Бүгінгі күн — Үржар ауданы үшін үлкен мереке. Ауданымызда 12 400 оқушы бар. 3 800-ге тарта бүлдіршіндер мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім алып жатыр. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде үржарлық бүлдіршіндерге үлкен тарту жасап отырмыз.  Елімізде бақытты балалық шақтың алаңсыз өтуіне барлық жағдай жасауда,- деді Серік Зинабекұлы.

Аудан әкімі аудандық әкімдік және мәслихат атынан көпшілікті мерейлі де қуанышты күнмен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, қажыр-қайрат тіледі. Сондай-ақ өздерінің жылы лебіздерін Үржар ауданының тұрғындары — қарт ұстаз А.Жұмаділов пен ауылдың белсенді азаматшасы С.Кебіспаева білдірді.

Салтанатты жиын барысында құны 25 млн. теңге болатын субұрқақты салып, пайдалануға берген Астана қаласының «Бота» ЖШС-нің басшысы Қ.Қожахметов пен субұрқақ құрылысының тас қалаушысы А.Жақашевқа аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпаты табыс етілді. Сонымен қатар Серік Зинабекұлы береке-бірліктері мен ұйымшылдықтарын танытқан барлық мекемелер мен мектептер ұжымдарына, құрылысшы азаматтар мен осы жұмыстардың басы-қасында жүріп, өлшеусіз үлес қосқан Үржар ауылының әкімі Сайлауғазы Шарықбаевқа алғысын жеткізді.

Осы күні аудандық орталық мешіт пен Е.Төлемісов, Қ.Қожахметов сынды азаматтар бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады — 1500 дана балмұздақ тегін таратылып,  балаларды мәз-мейрам етті.

Толқындарын аспанға атқан әуенді субұрқақтың іске  қосылуы ауыл тұрғындарына, әсіресе балаларға ерекше әсер етті. Айта кету керек, судың екпіні 15 метр биіктікке көтеріліп, әртүрлі түске еніп өзгеріп отырады. Осылайша, Балалар күні мерекесінде Үржар аспаны  ән мен биге бөленді.

Бауыржан ЖАҚЫП, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

40 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

43 минуты бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС