"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОРАЗАҢ ҚАБЫЛ БОЛСЫН, ҰСТАҒАН ЖАН

03.06.2016
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алдағы дүйсенбі, маусымның 6-cы — қасиетті Рамазан айының алғашқы күні. Күллі мұсылман әлемі даярлық жасап жатқан, сансыз сауаптарға толы ай қарсаңында семейлік дін қызметкерлері де әзірлік жүргізуде. Тек осы айда ғана орындалатын асыл дініміздегі бес парыздың бірі Ораза ғибадаты жайлы жұртшылыққа түсінік беру мақсатында қаламыздағы Ақпарат орталығында ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкілдігі баспасөз мәслихатын өткізді.

БАҚ өкілдері алдында сөз алған ҚМДБ–ның  Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай  биылғы оразаның басталу мерзімі, сәресі мен ауызашардың сауаптылығы және әрбір жан басына берілетін пітір садақасының көлемі жайында мағлұмат беріп өтті.

Биылғы ораза маусымның 5-і күні кешкі мезгілде кіреді. Яғни осы күні қаламыздағы барлық мешіттерде құптан намазынан соң тарауих оқылады. Жұртшылыққа уағыз-насихат айтылатын болады. Ал Рамазан айы 29 күнге ғана созылмақ. Сонымен қоса халқымыз үшін дәстүрлі саналатын Ханафи мәзхабы бойынша уәжіп (орындалуы міндетті) амал пітір садақасы айт намазына дейін берілуі тиіс. Биыл оның көлемі Қазақстанның барлық аймақтары бойынша 200 теңге болып бекітіліпті. Алайда жоқ-жітік, кембағал жандарға бидай, арпа, құрма немесе мейіз түрінде де беруге болады.

Сонымен қатар ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы кешкілік оқылатын тарауих намаздарына да тоқталды. Атап айтсақ, қос мұнаралы Орталық мешітте және Шығыс кентіндегі жаңадан салынған Шәкәрім қажы атындағы мешітте түрік елінен келетін қарилар Құранды хатым ететінін (ораза бойы толық оқып шығатынын) де жеткізе кетті. Қазіргі күні Түркияның Діни істер министрлігі мен Мүфтият арасында келісім жүргізілуде.

Сондай-ақ  Мақсат қажы Алтыбай Рамазан айындағы парыз болған оразаның сауаптылығы және осынау ғибадаттың шарттары, орындалу тәртібі мен оны бұзатын жайттар туралы да мағлұмат беріп өтті.

— Рамазан айында жасаған әрбір жақсылық, ізгі амал 70 есеге дейін көбейеді. Сол себепті оның сауабынан құр қалмау керек. Мұнымен қатар Алла қастерлі еткен осынау айға құрметпен қарап, той-томалақты кейінге қалдырып, қатым-ас дастарқанын кешкілік ауызашар мерзімде ғана жайған абзал,- деді өз сөзінде шаһарымыздың бас имамы.

Мақсат қажы сонымен қоса биыл алғаш рет ауыз бекітуге бекінген жандарды ішкі қорқынышын жеңуге шақырды. Ол үшін ниетті нықтап, дін қызметкерлерінің кеңесіне жүгініп, діни насихат тыңдап, күнәлі істерден аулақ болып, рухани шыңдалуға ден қойған жөн. Жылына бір-ақ рет келетін сауабы орасан зор ғибадаттан ғапыл қалмауға үндеді.

— Ата-бабаларымыз «Ораза намаз тоқтықта» деп бекерге айтпаған. Қазіргі таңда байтақ еліміздегі саяси тұрақтылық, келісім мен бірлік – Алланың берген үлкен нығметі. Ендеше, осыған шүкіршілігімізді білдіріп, ораза тұтайық! Алла бұйырғандай құлшылық жасап, еліміз үшін, өзіміз үшін дұғада болайық. Бұл ай — тілектер қабыл болатын ай! — деді өкіл имам.

Сондай-ақ өкіл имам осынау айдағы жасалатын қайырымдылық шараларына да тоқталып өтіп, журналистер тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға  жауап қайырды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

49 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

52 минуты бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС