"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАТҰМА МЕКТЕБІ — КӨПКЕ ҮЛГІ

07.06.2016
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта басында Қаратұма мектеп-бақшасында «Жасыл ел» бағдарламасын жандандыру және мектеп ауласын көгалдандыру мен көріктендіру арқылы жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, ұжымшылдыққа, береке-бірлікке тәрбиелеу мақсатында аудандық әдістемелік семинар өтті. Жиынға Үржар ауданының әкімі С.Зайнулдин, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Қарашев, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Жүнісова, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Баймұратов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Бітімбаев, Қаратұма ауылының әкімі М.Батырбаев, аудандағы барлық мектеп директорлары мен шаруашылық ісі жөніндегі меңгерушілер қатысты.

Шара мектеп ауласындағы көгалдандыру ісімен танысудан басталды. Мұндағы мектеп мұғалімдері мен оқушылар бірлесе отырып жасаған әртүрлі аңдар мен құстардың бейнесі, қажетсіз қатты қалдықтардан жасалған ертегі кейіпкерлері, жылыжай, ботаникалық бақ, гүлзарлар аудан ұстаздарын таңғалдырып, өзге әлемге енгендей әсер етті.

Жоспарға сай, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова аудан басшысы тарапынан берілген мектептің айналасындағы  тазалықты сақтау және абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабарлама жасады. Осы орайда Қаратұма мектеп – бақшасындағы жұмыстардың барлығы ешқандай шығынсыз, тек табиғи материалдардан жасалғанын айта кетті Сәуле Орынбайқызы.

Қаратұма орта мектебінің директоры Мұратбек Жанабеков «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дегендей, бүгінгі сіздер куә болып отырған жұмыстар — мектебіміздің мұғалімдері мен оқушыларының және ата-аналардың еңбегінің нәтижесі екенін атап өтіп, алдағы уақытта да білім мен еңбекте алда болуға бар күшімізді салатынын жеткізді.

Семинар жұмысының қорыты-ндысында сөз алған аудан әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдин өз пікірін білдіріп өтті.

— Бұл — мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақты байланыстан туындаған игілікті жұмыстар. Алдағы уақытта осындай абаттандыру шараларын жақсы жүргізген мектеп басшылары, биология пәні мұғалімдері, шаруашылық ісі жөніндегі меңгерушілердің еңбек-тері бағалануы керек. Осы ретте мектепке деген көзқарасты өзгертіп, бүгінгі семинардан қорытынды шығарайық. Ауда-нымыздың барлық мектептері осындай болуға тиіс. Сонда оқушыларымыздың да білімге деген ынталары жоғары болады деп ойлаймын,- деген аудан басшысы Қаратұма ауылының әкімі Марат Батырбаевқа, мектеп директоры Мұратбек Жанабековке және мұғалімдер ұжымына осынау еңбектері үшін алғыс айтты.

Бауыржан ЖАҚЫП, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

45 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

48 минут бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС