"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БӨКЕНІҢ КЕНІ ҚАЙТА ИГЕРІЛЕДІ

07.06.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жарма ауданы жер қойнауындағы кен байлығымен мәшһүр. Қызылсу мен Шар өзенін бойлап жатқан Қалба сілемі жергілікті халықтың ырыздығына біткен. Бүгінгі таңда тұнып жатқан құндылықты игілікке жаратуға басымдық берілуде. Тек үстіміздегі жылдың өзінде өңірге ірі кен игеруші кәсіпорындар бет бұрып, еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасына енуге ынта білдірушілер қатары артып келеді. Солардың бірі  «ГМК Васильевское» ЖШС алтынның негізгі отаны болған Ақжал ауылдық округіне қарасты «Васильевское» кен орнын игеруге ұсыныс жасап, таяуда бұл жоба аудандық үйлестіру кеңесінде талқыланып, кеңес мүшелерімен бір ауыздан мақұлданды.

Ертеден алтын игерілген Бөке елдімекенінің бүгінде жұрнағы ғана қалған. Мұнда тек бірер түтін ғана бар. Ендігі аралықта бұл жағдай өзгеруі мүмкін. «ГМК Васильевское» ЖШС-нің техникалық директоры Валерий Брюлиннің мәліметіне сүйенсек, кәсіпорынның бұл кен орнына көңіл бөлуіне, ең алдымен, тас жол мен темір жолдың және электр желісінің жақын орналасуы себеп болған екен. Екіншіден, өткен ғасырдан танымал кен орны сол уақыттан бастап зерттеліп, жер қойнауының байлығы нақты бағамдалған. Кәсіпорын құрамында алтыны бар кенді игеріп, өңдеп, алтын құймаларын құюды көздейді. Мамандар сараптамаларына сүйенер болсақ, кен орнында шамамен 17,5 тонна қор бар.

Жұмыс жоспарына сәйкес, ең алдымен кенді шаймалап, сілтісіздендіретін қондырғы құрылысы жүзеге асырылмақ. Осылайша, 2017 жылы бұл нысан қолданысқа берілмек. Ал екінші кезеңде кенді өңдеу фабрикасы салынатын болады. Бұл нысан 2020 жылы толық өз жұмысына кіріседі. Жоспардың бірінші кезеңінде шамамен 150-200 тұрақты жұмыс орны ашылса, жұмыстың екінші кезеңінде жұмысшылар саны 500-ге дейін жетпек. Бұл Бөке ауылына үлкен серпін болмақ. Қаңтарылған кен орнына қайла қайта тиіп, кеншілер ауылының түтіні түзу шығатын күн алыс емес секілді. Олай дейтініміз — кәсіпорынның жұмыстары жүйеге келтірілісімен, бірқатар келелі істер де жүзеге аспақ. Яғни негізгі жұмысшылар вахталық әдіспен жұмыс істейтіндіктен, арнайы ғимарат тұрғызылмақ.

Дегенмен кен аумағын зерттеу жұмыстары әлі де кешенді түрде жүріп жатыр. Барлық құрылыс кәсіпорынның өз қаражатына салынатын болады. Ал жоба құны 2,5 млрд. теңге.

Жұмыс жүйеге келіп, алғашқы жемісін берсе, Бөкенің берекесі артатыны сөзсіз. Аудан басшысы Нұрлан Сыдықов тау-кен саласының маманы ретінде өңірлік өндірістің өрісін арттыруға баса ден қоюда. Бастамалы іс қазіргі күннің өзінде жемісін беруде. Осылайша, Бөкенің екінші тынысы ашылмақ.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

49 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

51 минута бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС