"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

10.06.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазіргі Қазақстан экономикасын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі — жеңіл өнеркәсіп. Қазақстан Республикасында ҚР-ның жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында аталмыш саланы дамыту қолға алынған еді. Бұл бағдарлама шалғайда жатқан ауылдарда, шағын және ірі қалаларда жеңіл өнеркәсіптің дамуына септігін тигізсе, осы күні аяғына тұра бастаған кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер үшін үлкен демеу болды. Жеңіл өнеркәсіп Қазақстан экономикасының инновациялық секторларының бірі екендігі ерекше аталып, бұл саланы дамытуға, отандық өнім өндірушілерді қолдауға және тауардың бәсекеге қабілетті әрі сапалы болуына үнемі көңіл аударылуда.

Уақытында ұсынылған бағдарламаның нәтижесін еліміздегі дүкен сөрелерінде «Қазақстанда жасалған» белгісі бар тауарлардың көбейе бастағанынан аңғаруға болады. Жалпы, Семей қаласында шағын және орта бизнестің дамуы қарқынды. Әлбетте, бұл ретте жеңіл өнеркәсіптің алар өзіндік орны бар. Әсіресе арнайы киімдер тігетін цехтардың жұмысы жақсы жолға қойылған. Осындай кәсіпорындардың бірі ретінде Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан «Баязит» тігін фабрикасын айтуға болады. Кәсіпорын өз жұмысын 2011 жылы ғана бастаса да, бүгінгі таңда жүзге жуық маман жұмыспен қамтылған. Мұнда жоғары дәрежелі дизайнерлер мен модельерлер тұтынушылармен тығыз байланыс жасап, арнайы кәсіби киім үлгілерін ұсынады. Киім үлгілерін тігуде заманауи инновациялық технология әдістерімен дайындалған сапалы маталар қолданылады. Энергетиктерге, ағаш шеберлеріне, мұнайшылар мен дәнекерлеушілерге арналған кәсіптік киімдер бар. Жеңіл өнеркәсіп нысаны Шығыс Қазақстан өңірі бойынша «Қазақтелеком» АҚ, «Локомотив» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ,  «Қарағанды Су» ЖШС, «Маңғыстау Мұнай Газ» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ сынды ірі кәсіпорындар мен корпорациялардың тапсырысын орындап келеді. Кәсіпорында заман талабына сай құрылғылар орналасқан. Фабрика киім  пішу, тігін машиналары, әрлеу, кесу  құрылғыларымен қамтамасыз етілген.

— Жеңіл өнеркәсіп деп аталғанымен, бұл өндірісті дамыту үшін үлкен  талап, қажырлы еңбек қажет. Жеңіл өнеркәсіп орнын құру, дамыту үшін қолданылатын материалдар, маталар, машиналар, технологиялар үнемі жаңартып отыруды талап етеді. Тек сол жағдайда ғана сапалы өнім алуға болады. Осы орайда жұмысы қиын әрі жауапты жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбекте жетістіктерге жете берулеріне тілектестігімді білдіремін,- дейді кәсіпорын жетекшісі Дианар Тұрсұнханова.

Ажар ЖАНБОЛАТ, жас конструктор-модельер.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 час бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

5 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС