"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

10.06.2016
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындысы шығарылды. Ағымдағы жылы ҰБТ шаһарымызда екі пунктте, атап айтқанда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде өткен болатын. Биыл Семей өңірі бойынша ҰБТ- ға 900-ден аса жас түлек қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде шаһар бойынша орташа көрсеткіш 82, 9 балды  құрап отыр. Бұл туралы апта сәрсенбісінде қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко ҰБТ қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Семей қалалық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, биылғы жылы қала мектептерін 1500-ден астам оқушы бітіріп отыр. Жоғарыда атап өткендей, аталған мың жарымға жуық түлектің тоғыз жүзден астамы ҰБТ – да бағын сынауға шешім қабылдаса, қалғандары мектепте дәстүрлі емтихан тапсыруды дұрыс деп шешкен екен.

— ШҚО бойынша орташа көрсеткіш 82 пайызды құрап отыр. Біздің мәліметімізге сәйкес, қазіргі уақытта аймақ рейтінгісінде Семей қаласы шамамен жетінші орында тұр. Жағымды жаңалықтарымыз да бар. Қаладағы №17 мектептің түлегі Кәмшат Болатқызы мүмкін болған 125 балға қол жеткізді. Бұл алғаш рет тіркеліп отыр. Осылайша, ол үздік аттестатқа лайық екендігін толық дәлелдеді. Бұдан бөлек 200-ге тарта мектеп бітіруші 100-ден аса балл жинаған. Дегенмен де шекті деңгейге жете алмаған түлектер де бар. Олардың жалпы саны 149-ды құрайды. Бұл түлектердің сынақты қайта тапсыру мүмкіндігі бар екендігін естен шығармағаны абзал,- дейді қаланың бас мұғалімі Наталья Анатольевна.

Бұдан өзге баспасөз мәслихатында қалалық білім бөлімінің басшысы биылғы жылы «Алтын белгіге» үміткер 36 түлектің тек 26-сы ғана қорғап шыққаннын атап өтті. Ал үздік аттестатқа ие болуға талпынған 15 түлектің ішінен тек 6-уы ғана аталмыш аттестатқа лайықты деп танылыпты. Білім бөлімі басшысының айтуынша, жалпы, өткен жылғы сынақпен салыстырғанда ағымдағы тестілеу сынағы қалыпты деңгейде өткізілген.

— Ұялы телефондарымен кіруге ниеттенген түлектер болды. Бірақ көп емес. ҰБТ барысын бақылаған комиссия өкілдерінің жұмысына ешнәрсе кедергі келтірген жоқ. Заңға қайшы фактілер тіркелмеді,-  деп нақтылады Н.Фесенко.

Сонымен қатар қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Н.Тегай ҰБТ-ға қатысушылардың басым көпшілігі орыс тілі және Қазақстан тарихы сынды пәндерден жақсы білім деңгейін көрсеткенін тілге тиек етті. Дей тұрғанмен де физика және математика пәндерінен биылғы мектеп бітірушілердің көрсеткіші көңілге кірбің ұялататыны да айтылды.

Айта кету керек, Семей қаласы бойынша онға тарта жас түлек республикалық әрі халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары болғандықтан, ҚР Білім және ғылым министрінің қаулысына сәйкес ҰБТ босатылыпты.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 час бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

5 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС