"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛАДЫ

14.06.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардың шеткі аудандары тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда. 11 маусым, сенбі күні қала әкімі көпшілік арасында заезд Шульбинский аталып кеткен көшенің және Суықбастау кентінің тұрғындарымен жүз-десті.

Семей қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 2014 жылы заезд Шульбинский көшесіндегі жеке құрылыс нысандарына электр қуатын тартуға арнайы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, оған мемлекеттік сараптама оң нәтижесін берген еді. Жобаның жалпы құны 37, 2 млн. теңге. Алайда қаражаттың тапшылығынан бұл жұмыс кешеуілдеп қалған болатын. Осы мәселеге қатты алаңдаған көше тұрғындары қалалық әкімдікке бірнеше мәрте барып, түйткілді проблеманы шешіп беруін өтінген-ді. Нәтижесінде, тұрғындардың тілегі ескерусіз қалмай, қала бюджетін нақтылау барысында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысына арнайы қаржы бөлінді. Ал мамыр айында құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігерлерді анықтау мақсатында электронды конкурс жарияланған екен. Бұл жағымды хабарды естіген аталмыш көшенің тұрғындары қала басшысына өз алғыстарын жеткізді.

— Құрметті Ермак Бидахметұлы! Мәселеміздің оң шешілуіне ықпал еткеніңіз үшін  тұрғындар атынан ризашылығымды білдіремін. Жарық көзі тартылғаннан соң, бұл жердегі тіршілік жандана түсетіні анық. Сондықтан сіздерге алғысымыз шексіз,- дейді заезд Шульбинский көшесінің тұрғыны Құсайын Жантеміров ақсақал.

Өз кезегінде Ермак Бидахметұлы құрылыс жұмыстары жуық арада басталатынын тілге тиек етіп, тұрғындардың көше тазалығына мән беруі керектігіне тоқталды.

— Конкурс аяқталды. Тиісті жұмыстар жақын күндері басталмақ. Негізі, мердігер мекеме, заң бойынша, желіні тарту жұмыстарына маусым айының соңында кірісуі тиіс болатын. Алайда олар ертерек бастауды жөн санап отыр. Енді сіздерден аудандарыңыздың санитарлық тазалығы мен оны абаттандыру мәселелеріне дұрыстап көңіл бөлулеріңізді сұраймын,- деді шаһар басшысы.

Бұл ретте заезд Шульбинский көшесінің тұрғындары аумақтың санитарлық жағдайын ретке келтіруде қалалық мәслихат депутаттарының қолдауы зор екенін атап өтті. Әсіресе Марлен Көкірекбаев, Марат Сандыбаев және өзге де халық қалаулыларының бұл мәселені шешуде қол ұшын созғандарына алғыстарын айтуда. Ендігі кезекте тұрғындар тұрмыстық зат және өзге де қоқыстарды шығарумен шұғылданатын мекемелермен келісімшартқа отыруды жоспарлауда. Сонымен қатар жақын маңда бірде-бір дәріхананың жоқтығы да айтылды. Бұл да өз кезегінде жергілікті тұрғындарға  ауыртпашылық тигізуде. Дегенмен де тұрғындар осы арадан дәріхана тұрғызуға ниетті жандар бар екенін қала әкіміне жеткізді. Тек атқарушы билікпен ақылдаса отыра құрылыс тәртібін ретке келтіру ғана қалыпты. Ол үшін Ермак Сәлімов әлеуметтік нысанды салуды жоспарлап отырған азаматтардан қалалық әкімдікке келіп хабарласуларын сұрады. Келесі кезекте Ермак Бидахметұлы Суықбастау кентіндегі Цветочная көшесінің тұрғындарымен жүздесті. Белгілі болғандай, мұндағы басты мәселе — тозығы жеткен кәріз жүйелері. Дей тұрғанмен де қала басшысы аталмыш проблеманы шешудің жолдары барын атап өтті.

— Бүгінгі таңдағы негізгі міндет кәріз жүйелерін лас судан тазарту болып отыр. Әзірге оны арнайы техниканың көмегімен жүзеге асыратын боламыз. Бұл жұмыстарды Рафаэль Хазипов басқаратын мекеме қолға алып отыр. Ал келешекте жобалық-сметалық құжаттама негізінде осы ауданның кәріз жүйесі қаланың ортақ кәріз желісіне тартылатын болады,- деп нақтылады Ермак Бидахметұлы.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

5 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

5 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

6 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

6 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

6 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС