"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

21.06.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-ші қадамында жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту және сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту туралы нақты айтылған болатын. Аталмыш жаңашылдыққа байланысты өңіріміздегі сот орындаушылары қызметінде түрлі өзгерістер орын алуда. Бұл орайдағы салмақты пікір, сарапты ой өткен аптаның бейсенбісінде жан-жақты айтылды.

Аталмыш басқосуға ШҚО әділет департаменті мен Семей қалалық әділет басқармасының мамандары және  сот орындаушылары жиналған болатын. Жиын барысында бірқатар өзекті мәселелер ортаға салынып, қатысушылар тарапынан қызу талқыланды.

— Елбасының тапсырмаларын орындау барысында сот орындаушылар қызметін жетілдіріп, олардың мемлекеттік қызметін қысқарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте бүгінде ШҚО әділет департаменті бойынша бірқатар шаралар қолға алынуда. Яғни 2016 жылдың басынан бастап жеке сот орындаушысы қызметіне көшу ісі жолға қойылуда. Қазіргі күні аймағымызда 75 жеке сот орындаушысы бар. Барлық аудандар мен қалалар жеке сот орындаушыларымен қамтылған,- дейді пікір білдірген ШҚО әділет департаментінің сот орындаушылары қызметін бақылау бөлімінің жетекшісі Нұржан Құрманғалиев. Бөлім басшысының айтуынша, аталмыш бағыттағы шаралар бүгінде облыстық әділет департаментінің назарында тұр.

Негізінен, сот орындаушыларын кезең сайын біртіндеп қысқарту шарасы кең көлемді жұмыстарды қамтиды. Бұл ретте олардың құзырына жүктелетін жаңа жауапкершіліктер мен бірқатар жаңа ерекшеліктер бар. Жалпы, бұл реформа мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысын оңтайландыруға және мемлекеттік басқарудың нарықтық принциптерін енгізуді үйлестіруге бағытталады. Мұндай тың бастамаға қатысты шешім қабылдамас бұрын, еліміздің Әділет министрлігі сот орындаушыларының жұмыс нәтижесі өз тиімділігін дәлелдеген Еуропадағы шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін зерттеп, сараптамалық жұмыстарын жүргізіпті.

Басқосу барысында сот орындаушылары қызметіне байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, ҚР заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстар негізгі тақырып өзегіне айналды. Бұл ретте баса тоқтала кететін бір жайт — ағымдағы жылдың қаңтар айында сот актілерін орындау бойынша көптеген атқару құжаттары жеке сот орындаушыларына берілген болатын. Олардың құзыретіне жеке және заңды тұлғалардың пайдасына 1 мың айлық есептік көрсеткішке жетпейтін сотта қаралып жатқан баж салықтары, жол полициясы қызметкерлері мен мемлекеттік органдардың айыппұл өндіру туралы қаулыларын орындау енеді. Ал мемлекеттік сот орындаушылар мемлекет мүддесіне қатысты сот шешімдерін орындайды. Жалпы, жаңа өзгерістер аясында бірқатар ілкімді іс-шаралар жүргізілуде. Әйтсе де бір мәселе – бүгінгі таңда Семей қаласы бойынша сот орындаушылары жетіспейді екен. Жастар жағы жауапкершілігі аса ауыр, қат-қабат құжаттамаларды рәсімдеуден тұратын мұндай машақаты мол жұмысқа келмейтін көрінеді. Әйтсе де, соған қарамастан, қазіргі таңдағы көрсеткіштер көлемі жаман емес. Бұл жетістіктерге себеп көп. Соның ішінде әсіресе өндіріске енгізіліп жатқан жаңашылдықтардың орны ерекше көрінеді.

Міне, жекеменшік сот орындаушылары аталмыш жаңашылдық аясында жүйелі жұмыс жүргізіп, қоғамдағы құқықтық қызметтің сапалы жүргізілуі үшін күш салудың тиімді екендігін іспен дәлелдеуде.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

5 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

6 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

6 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

7 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

7 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

7 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС