"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛТАЙ МҰРАСЫ» АВТОЭКСПЕДИЦИЯСЫ СЕМЕЙДЕ

21.06.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алтай мұрасы» автоэкспедициясы Семейге жетті. Астанадан бастау алған жорық Қазақстанның бірқатар облыстары мен Ресейдің Алтай өңірі арқылы 4500 шақырым жолды жүріп өтеді.

Жалпы, «Алтай мұрасы» керуені белгілі қоғам қайраткері, жерлесіміз Ерлан Сыдықовтың басшылығымен жүзеге асуда. Зиялы қауым өкілдері, этнографтар, тарихшылар мен ақын, жазушылардан тұратын экспедиция тарихи орындарды, ескерткіштер мен мұражайларды аралап, халықпен кездесулер өткізеді. Семей қаласына келген топ  Шәкәрім атындағы университетке ат басын бұрып, ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Алтай мұрасы» автоэкспедициясының басты мақсаты — еліміздің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістігін жұртқа жария ету. Оған қоса ғылыми бағыт ұстанған жорық ел арасынан фольклор, тарихи деректер жинақтап, археологиялық қазба жүріп жатқан жерлерді де аралайды. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде өткен кездесуде университет ректоры Мейір Ескендіров оқу ордасының жеткен жетістіктері туралы мақтанышпен айта келіп, келген қонақтардың бұл сапары туралы университет тарихында алтын әріптермен жазылатынын жеткізді. Ерлан Сыдықов «Алтай мұрасы» экспедициясының негізгі мақсатымен таныстырып, Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл шараның мәні зор екенін атап өтті. Сонымен қатар Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков өз қолымен жасалған Елтаңбаны университетке салтанатты түрде табыс етті.                                                                                                                                 Экспозиция мүшелері университеттің профессорлық – оқытушылық құрамымен кездесу өткізді. Мұнда университет ұстаздары тарапынан Ерлан Бәтташұлына көкейтесті сұрақтар қойылды. Осы кездесуде қоғам қайраткері Ерлан Бәтташұлына «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры» атағы берілді. Жалпы, Ерлан Сыдықовтың есімі, елімізбен қатар, алыс – жақын шетелдерге де танымал. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі, 400-дей ғылым және ғылыми көпшілік еңбектің, соның ішінде Англияда, Қазақстанда, Ресейде, Түркияда басылған монографиялық еңбектердің, сөздіктер мен энциклопедиялардың авторы болып табылады. Алаштану және шәкәрімтану ғылыми бағыттарының негізін қалаушылардың бірі.

Айнұр ТАҢЖАРЫҚҚЫЗЫ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 день бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

3 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

5 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

5 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС