"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ТЕННИС КОРТЫ — ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

21.06.2016
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі, 18 маусым күні Семейде спорт саласы бойынша игілікті іс орын алды.  Дәлірек айтқанда, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жеке кәсіпкер Сергей Агапкиннің қолдауымен шаһардың оң жақ жағалауында заманауи жаңа теннис корты қолданысқа берілді. Спорттық кешеннің ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы қатысып, теннис ракеткасымен алғашқы болып соққы жасады.

Теннис кортында барлық халықаралық талаптар ескеріліпті. Мәселен, ойын алаңына жасанды газон төселген. Оның өзге газондардан айырмашылығы бар — ол ауа райының түрлі жағдайларына шыдас береді. Бұл ретте дәл осы кәсіпкердің мұрындық болуымен 2013 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қалада жасанды футбол алаңы да пайдалануға берілгенін айта кеткен ләзім. Бүгінде аталмыш алаңда шыңдалып жүрген балалар түрлі қалалық, облыстық  және республикалық жарыстарда топ жарып келеді екен.

— Бүгін әсем шаһарымызда игілікті істің куәсі болып отырмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, заманауи спорт кешені ашылмақ. Оны салуға атсалысқан кәсіпкер Сергей Агапкинге зор алғысымызды білдіреміз. Енді бұл жерде балғындарымыз теннис спортының қыр — сырын меңгеретін болады. Бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың көбеюіне септігін тигізетіні даусыз. Семейде спорттың жақсы жолға қойылғанын баршаларыңыз білесіздер. Қаламыздан қаншама Азия және Әлем чемпиондары шықты. Келешекте осы нысанда дайындалып жүрген балалардан да мықты спортшылар шығатынына біз сенімдіміз. Бізде қаламыздың болашағына бейжай қарамайтын азаматтар жетерлік. Олар өз қаржыларын аямастан, спорттық, әлеуметтік және өзге де қажетті нысандарды салып, халық игілігіне беріп келеді. Бұл — қуантарлық жағдай. Сондықтан да мұндай бастамаларды жергілікті атқарушы билік әрдайым қолдауға әзір. Баршаларыңызды осы спорттық кешеннің ашылуымен құттықтаймын,- деп Ермак Бидахметұлы өз сөзін түйіндеген соң, грек-рим күресінің ардагері Марат Смағұлұлы салтанатты жағдайда теннис кортының ашылу лентасын қиды.

Жаңа кешенде тенниспен кәсіби түрде шұғылдануды мақсат етіп отырған жандардың бірі — Аяулым Ахметжанқызы. Жас бүлдіршін үлкен теннис ойындарын теледидардан сүйіп тамашалайды екен. Өзінің үлгі тұтатын теннисшілері де жоқ емес.

— Үлкен теннис — жылдамдық пен шапшаңдықты қажет ететін спорт. Мұнда сондай-ақ ой күші де қажет. Бір орында дамылдап қалсаң, қарсыласың допты басқа бұрышқа лезде соғып жіберуі ықтимал. Бұл спортты жаныма серік еткеніме көп бола қойған жоқ. Дегенмен қатты ұнатамын. Өзіме Зарина Диастың ойын өрнегі жақын. Мен үшін ол — бірінші ракетка. Сонымен қатар Рафаэль Надаль, Роджер Федерер және Новак Джокович сынды әлемдік теннис майталмандарының кездесулерін қызығып көремін. Алдағы уақытта мен де, осы саңлақтар сияқты, өз мемлекетімнің айбарын танытатын боламын,- дейді А.Ахметжанқызы.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ, «Семей таңы»

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

5 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

6 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

6 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

7 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

7 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

7 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

7 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС